Физика пәні Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Кедергі

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Сыныбы: Күні:

Сабақтың тақырыбы:Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.Кедергі.

Сабақтың мақсаты:Білімділік: оқушыларға ток күшінің кернеуге,кедергіге тәуелділігін тәжірибе жүзінде анықтай отырып,Ом заңын меңгерту.

Дамытушылық: оқушылардың танымдылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, өзіндік шешім шығаруға,пікір айтуға жетелеу.

Тәрбиелік: оқушыға білім бере отырып, ғылымды, қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер : Электрондық оқулық, слайдтар, интерактивті тақта, тәжірибеге қажетті құралдар.

Сабақтың типі : аралас

Сабақтың түрі : ізденіс

Сабақтың барысы :Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру

Мына құралдардың шартты белгісін сызып көрсетіңдер

  1. Өткізгіш сымдар

  2. галвани элементі

  3. қыздыру шамы

  4. кілт

  5. қысқыштар

  6. Вольтметр

  7. Амперметр

Сызба беріледі ,қатесін тап

Физика пәні Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Кедергі

Осы сызба бойынша тізбек құрастырамыз да амперметр мен вольтметрдің көрсетуін жазып аламыз.Шамның орнына басқа кедергіні алып қайталаймыз.Өткізгіштің ұштарындағы кернеу қанша есе артса,өткізгіштегі ток та сонша есе артады.

Жаңа сабақты оқушылармен бірлесе отырып меңгерту

Тәжірибеден алынған ток күшінің кернеуге тәуелділігін көрсететін нәтижелердің математикалық өрнегін былай жазамыз.

Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын шаманы кедергі деп атаймыз.Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы Ом ашты.

Тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал :

Кедергінің Ом бірлігіне ұштарындағы кернеу В болғанда ,бойымен А ток өтетін өткізгіштің кедергісі қабылданған.

Тізбектегі кедергінің шартты белгісі :

Тізбектегі кедергіні өзгертіп отырыу үшін реостаттар қолданылады.Олар реттегіш және іске қосқыш болып екіге бөлінеді.

Жаңа сабақты бекіту кезеңі

« Көңілді ұяшықтар » ойыны ойнатылады.

Ұяшық сұрақтары:

№ 1.

Физика пәні Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Кедергі

№ 2.

Физика пәні Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Кедергі

№ 3.

Өткізгіштен 0,40 А ток күші өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8,0 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?

№ 4.

Электрбұрғы орамының кедергісі 20 Ом. Егер электрбұрғы 19 А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс?

« Кім жылдам » ойыны

Физика пәні Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Кедергі

Оқулықпен жұмыс

18 жаттығу

3.82 а,ә суреттерде кедергіні өлшеу үшін сұлбалар кескінделген.Егер өлшенетін кедергі көп болса,олардың қасысын жинау керек?Аз болса ше ?

Оқушыларды компьютер бойынша бағалау.

Үй тапсырмасы:§38 18 жаттығу (1,5,6)


© 2010-2022