Физика пәнінен сабақтан тыс іс-шара 8-сынып

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№20 лицей-мектебі






КВН


«Жылу құбылыстары»


8 класс



Физика пәнінен сабақтан тыс іс-шара 8-сынып






















2011-2012 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: КВН «Жылу құбылыстары».

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың физика сабағында «Жылу құбылыстары тарауы бойынша алған білімдерін практикада тексеру, белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Оқу тәрбиелік мақсаты:

  1. Білімділік: Сайыс барысында оқушылардың физикалық терминдерді қолдануын, сауаттылығын қалыптастыру.

  2. Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық ойындар арқылы ұлттық дәстүрге саналы көзқарас, өз халқының салт-дәстүрін құрметтеуге, сыйлауға үйрету.

  3. Дамытушылық: Ойлау қабілетін, танымын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: демонстрациялық құралдар, плакат, мензурка, термометр, манометр.

Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, химия, жаратылыстану.

Сабақтың барысы мен мазмұны:

  1. Ұйымдастыру кезеңі /Сәлемдесу/

1 жүргізуші

1 көмекші

3 оқушыдан әділқазыларды сайлау:

Оқушылар 3 топқа бөлінеді: әр топтың аттары, капитан командасы:

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Сабақтың бағдарламасымен таныстыру:

Жүргізушінің сөзі: Балалар біз дәстүрлі емес сайыс сабақ өткізгелі отырмыз. Сабағымыздың аты: КВН «Жылу құбылыстары».

Шабыттасып шалқысып,

Есеппен ән салысып,

Көңілді сабақ жасайық.

Жұмбақ шерді шашайық.

Атсалысып аянбай,

Бар өнерге басайық.

Сайыс сабағымыз 6 бөлімнен тұрады:

  1. Әр команда өздерінің атын, эмблемасын қорғау.

  2. Формулаларды кім көп біледі.

  3. Қызықты физика.

  4. Жұмбақтар.

  5. Аукцион.

  6. Ақтық ойын /капитандар жарысы/.

І. Сайыс сабағын бастағанда әр топтың өзара сәлемдесуі, өз аттарын таныстырып, эмблемаларын қорғауы керек. /1 данасын әділқазыларға беру керек/ 2-3 минут. Сәлемдесуден кейін әділқазылар әр топқа 1-5 аралығында ұпайларын қолдарындағы жетондарын көтеріп көрсетулері керек. Жүргізушінің көмекшісі санап жазып отырады.

ІІ. Мына формуланы кім біледі? /Әр топтан кез келген оқушы қолын көтеруге болады. Капитан командасының айтуымен ол оқушы тақтаға шығып жазады және талдап айтып беруі керек. Қай команданың оқушылары көп жауап берсе, сол командаға әділқазылар өз ұпайларын беріп, көмекші оны жазып отырады./

  1. Жылу мөлшерінің формуласын, өлшем бірлігін жаз.

Жауабы: Физика пәнінен сабақтан тыс іс-шара 8-сыныпДж

  1. Меншікті жану жылуын, өлшем бірлігін жаз.

Жауабы: Физика пәнінен сабақтан тыс іс-шара 8-сыныпДж/кг

  1. Меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігін жаз.

Жауабы: Физика пәнінен сабақтан тыс іс-шара 8-сыныпДж/кг0С

  1. Меншікті балқу жылуының формуласы мен өлшем бірлігін жаз.

Жауабы: Физика пәнінен сабақтан тыс іс-шара 8-сыныпДж/кг

  1. Толық энергияның формуласын жаз.

Жауабы: Физика пәнінен сабақтан тыс іс-шара 8-сынып

  1. Суды қыздырып, оның массасын қалай анықтайтынын жаз.

Жауабы: Физика пәнінен сабақтан тыс іс-шара 8-сынып кг

Жүргізуші: Әділқазылар әр топқа 1-5 аралығында ұпайларын қолдарындағы жетондарын көтеріп көрсетулері керек. Жүргізушінің көмекшісі санап жазып отырады.

ІІІ Сайыс. Қызықты физика. Сұраққа жауап беру, әр топқа қойылады, егер білмесе басқа топ жауап берулеріне болады. 1-3 ұпайдан бағаланады.

  1. Конвекция деп - ,мысалдар

Жауабы: сұйықтың, газдың ағысы арқылы энергияның жылу алмасуы.

  1. Сәуле шығару деп -

Жауабы: электрогмагниттік толқындар көмегімен бір денеден екінші денеге энергияның берілу процесін айтамыз.

  1. Ішкі энергия деп -

Жауабы: денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының энергиясы мен олардың өзара әрекеттесуінің энергиясын айтады.

  1. Автобус кенет тоқтағанда алға еңкейеміз, неліктен және қандай құбылыс?

Жауабы: Инерция.

  1. не себептен қызған шегелер бірінші түсе бастайды?

Жауабы: Жылуөткізгіштік.

  1. Ертеде қазақ халқының заттардың жылу өткізгіштік қасиеттерін күнделікті тұрмыста пайдалануының аттарын ата.

Жауабы: киіз үй, текемет, тымақ, ішік.

Жүргізуші: Әділқазылар әр топқа 1-5 аралығында ұпайларын қолдарындағы жетондарын көтеріп көрсетулері керек. Жүргізушінің көмекшісі санап жазып отырады.

IV Сайыс. Жұмбақтар

Физикалық атаулар мен ұғымдар, есте болар балалар бәріңніңде.

Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек.

Артық болмас бастайық, кезек бізде, Сонымен жұмбағымызды бастайық.

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында,

Ұзындығы жазулы тұр бойында, (сызғыш)

2. Нүктеден, екі сәуледен құралған айтшы бұл не? (Бұрыш)

3. Бірдей санды бірнеше рет көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң қандай атау болады? (Дәреже)

Жүргізуші: Әділқазылар әр топқа 1-5 аралығында ұпайларын қолдарындағы жетондарын көтеріп көрсетулері керек. Жүргізушінің көмекшісі санап жазып отырады.

V Сайыс. Аукцион. Әр командаға бір-бірден приборлар беріледі. /термометр, мензурка, манометр/ 2 минутта олар өз приборларының атын атап, не үшін керек екенін, қайда қолдануға болатынын айтулары керек. Толық жауаптарына 1-3 ұпай берулері керек.

VІ Сайыс. Ақтық ойын. 30 секунд ішінде мына сұрақтарға жауап берулері керек.

  1. Жылулық қозғалыс дегеніміз не?

  2. Физика не туралы ғылым?

  3. массаның негізгі өлшем бірлігі?

  4. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі?

  5. Температураның өлшем бірлігі?

  6. Броундық қозғалыс деп?

  7. Диффузия деп?

  8. термометр дегеніміз?

  9. Механикалық жұмыс?

  10. Конвекция деп?

  11. меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі?

  12. Спирт термометрін қайда қолданады?

  13. Заттың қатаю температурасы деп?

  14. Цельсий шкаласының белгіленуі

  15. Энергияның екі түрі?

Жүргізуші: Әділқазылар әр топқа 1-5 аралығында ұпайларын қолдарындағы жетондарын көтеріп көрсетулері керек. Жүргізушінің көмекшісі санап жазып болғаннан кейін барлық сайыстың қорытындысын шығарып жария етеді.

Қорытынды: Женген команданы марапаттау, жақсы дәлді жауап берген оқушыларды марапаттау.


© 2010-2022