Разработка открытого урока по физике

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физика пәні мұғалімі: Нұрғалиева Г.Р

ШҚО, Семей қаласы

«№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сынып: 7 «ғ»

Күні: 19.02 .2015 ж

Пән: Физика

Сабақ тақырыбы

. Атмосфералық қысым, оны өлшеу. Барометр

Сілтеме

7-сынып оқулығы,, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері

Мақсаты

- Атмосфералық қысым, оны өлшеу. Барометр туралы түсініктер алады.

- Оқушыларды сыни ойлау, есте сақтау қабілеттерінің, топта жұмыс істеу дағдыларының дамуына жағдай жасау.

- Жолдастарының пікірін құрметтеуге, бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

- Атмосфералық қысым, оны өлшеу құралдармен танысады.

- Қолданылуын, пайдасы мен зиянын сипаттайды.

-Топпен жұмыс жасау арқылы сыни ойлауға ынталанады, ойын еркін жеткізеді.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Көрнекіліктер мен

құрал-жабдықтар

Ноутбук, оқулық, слайдтар.

Әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, Джигсо әдісі

Кезеңдер/уақыт (45/)

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

Нәтежие

І кезең Сабақтың барысы


Ұйымдастыру (3 мин)

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

-Бүгінгі сабақ ерекше сабақ. Сабағыма қатысып отырған әр оқушыны белсенділікке шақырамын.

Жағымды психологиялық ахуал туғызуда оқушылар бір-бірін өз есімдерінің бірінші әрпіне сәйкес жағымды сөз тіркестері арқылы тілек білдіреді. Шырай щувқты, Ақерке-ақылды, Әйгерім-әдемі,, Ақерке-алғыр, Сабина-сымбатты, Алихан-абыройлы, Тойжан-талапты, Аяулым-ақжарқын, Диляра-дарынды, Алмас-айбынды, Малика-мәдениетті, Бекболат-байсалды, Гаухар-гүлдей жайнаған.

Топтарға бөліну

ІІ кезең


«БІЛУ» және «ТҮСІНУ»

(5 мин)






Үй тапсырмасын сұрау.

Үш топқа тапсырмалар беріледі.Карточкамен жұптық жұмыс

1-топ.Физикалық шамаларды орнына қой.

2-топ.Формуланың орнын тап

.3-топ Әр түрлі деңгейдегі есептерді шығарады



«Миға шабуыл»

Құралдар және видеофильм көру арқылы тақырыпты ашу.

Алдарыңдағы құралдар туралы не білесіңдер?Одар қайда қолданылады?

)

Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.

-Осы сабақтан нені білгілеріңіз, не үйренгілеріңіз келеді?

- Қандай мақсат қояр едіңдер?

- Осы мақсаттарға жету үшін тапсырмаларды орындайық.



Оқушылар орындарында берілген

тапсырмаларды орындайды.


Атмосфералық қысым, оны өлшеу. Барометр туралы түсініктер алады

.

Олар күнделікті өмірде тұрмыста қолданылады.

Үйге берілген тапсырманы түсінеді Негізгі терминдердің анықтамасын біледі.

Негізгі терминдердің анықтамасын біледі.

ІІІ кезең Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар


«ҚОЛДАНУ»

(22 мин)






















«ТАЛДАУ» және «ЖИНАҚТАУ»

(12 мин)





«Мағынаны тану»

  1. Джигсо әдісі бойынша оқушыларға мәтінді оқу беріледі.

  2. Топқа түсінгендерін айтып, талқылау.

Сергіту сәтін өткізу (жаттығу жасату 2 мин)

  1. Әр топқа берілген тапсырмалар бойынша таныстырылым жасайды.

  2. Мәтіннен электр құбылыстарына байланысты анықтамаларды тауып дәптерлеріне жазады.

«Қызығушылықты ояту»

Электронды оқулықпен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

А-тобы

  1. 124 жаттығу №1

  2. 122 сурет бойынша оқушылардан сұрау. 25 жаттығуды салыстыра жауап беру.

  3. 26 жаттығудың №1,2 есебі.


  1. Оқушылар мәтінді оқиды..


  1. Топта түсінгендерін бір-бірлеріне

айтып, талқылайды.

Оқушылар өздеріне тиесілі қалпақ рөлі \

негізінде ойларын қорытындылай

отырып сөйлейді. Ұсыныс, тілектерін айтады.



есептерді талдап қатемен жұмыс жасайды. Одан кейін өз топтарына барып түсіндіреді.




Берілген құралдарды ажыратады және оларға нақты мысалдар келтіреді.

Оқушылар қосымша түйгендерін айтып өтеді



Жаңа тақырыпты есеп шығарып тқжырымдайды

Алған білімдерін қолдана отырып, физикалық шамалардың және ұғымдардың мағынасын түсінді.


«БАҒА БЕРУ»

(3 мин)

Рефлексия

/

Үйге тапсырма:

Әр топ өз-өздерін смайликтер арқылы бағалайды.

Бүгінгі сабақ несімен қызықты?
Бүгінгі сабақтың ерекшелігі неде?
Бүгінгі сабақтың негізгі түйіні неде?

Кері байланыста оқушылар сабақ туралы өз ойларын білдіреді.

Смайликтерді тақтаға іледі. Өздерінің бағалау парақтарын өткізеді.
































© 2010-2022