Физикадан Электр тогының қуаты мен жұмысы атты ашық сабақ

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұханбетқалиева Гүлжанат

«Физика-математика және

ақпарат» бөлімі

ФЗ-12 оқу тобы

IV курс студенті.

Тәжірибе жинақтау орны:

№59 орта мектепФизикадан Электр тогының қуаты мен жұмысы атты ашық сабақ

Күні: 8.02.2016ж.

Сыныбы: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: §42 Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға токтың жұмысы мен қуаты туралы толық мағлұмат беру, жан-жақты түсіндіру;

Тәрбиелік: Өмірмен байланыстыру, физикалық көзқарас қалыптастыру. Қорытындылай алуға, нақтылыққа, жүйелікке, топ болып жұмыс істеуге, еңбекке тәрбиелеу;

Дамытушылық: Теориялық білімді практикамен байланыстыру. Тақырыпқа байланысты есептер шығарту арқылы ой-өрістерін, логикасын дамыту.

Сабақтың түрі: Фрейм - сабақ

Сабақты өту әдісі: теориялық-практикалық, ой қорыту, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: сәйкестендіру плакаттары, презентация-слайд

Пәнаралық байланыс: математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, оларды түгелдеу. Сабаққа назарларын аудару. Оқушыларды топқа бөлу.

Сабақтың бұл түрі оқушыларға өз күштерін бағалауға және осы сәтте өздерінің қажеттіліктері мен мүмкіншіліктеріне сәйкес мақсаттардың деңгейін таңдауға, ал уақыт өткен соң алдыңғыдан да жоғары деңгейге өтулеріне мүмкіндік береді.

Фрейм ұғымы (ағылшын тілінен аударғанда рама) шектеулі кеңістік пен уақыт аясында психикамен қабылданған шынайы құбылысты, іс-әрекетті, оқиғаны, жағдайды өзіне орталық етіп алған, түрлі ақпараттардың шоғырлануы дегенді білдіреді.

Фрейм-сабақ аталған ұғымның, ереженің, теореманың барлық ақпараттық ортасын қамтиды. Сәтті фреймге мысал ретінде күлкілі көрініс ретінде өткен сабақты алуға болады, осы арқылы оқушылар аталған сабақты көп жыл өткен соң еске оңай түсіреді.

Фреймдік білім берудің ерекшелігі - бұған барлық ми процессорлары, бақылаулар, тәжірибелер, ұқсастықтар мен гипотезалар, дәлелдер мен пайымдаулар, дайын мен құрастырулар еріксіз қатысады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1.Физикалық диктант

1. Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы ........ деп аталады.

2. Өткізгіш бойымен ток өтсе, онда ол ........

3. Халықаралық бірліктер жүйесінде ток күші ......... өрнектеледі.

4. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын ...... жылы ....... ашты.

5. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы ........ деп атайды.

Физикадан Электр тогының қуаты мен жұмысы атты ашық сабақФизикадан Электр тогының қуаты мен жұмысы атты ашық сабақ

2. Кесте толтыру

р/с

Физикалық шама

Белгіленуі

Формуласы

Өлшем бірлігі

  1. 1

Ток күші


  1. 2

Электр кернеуі

3. 3

Электр кедергісі


  1. 4

Меншікті кедергі

5. 5

Электр қозғаушы күш



  1. Сәйкестендіру.

Тақтадағы плакат бойынша жұмыс жасау.



  1. Балама тест ("иә", "жоқ")

  1. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күші бірдей болады.

  2. Меншікті кедергі р әрпімен белгіленеді.

  3. Кернеудің өлшем бірлігі Вольт.

  4. Физикадан Электр тогының қуаты мен жұмысы атты ашық сабақ ток күшінің формуласы.

  5. Вольтметрмен кернеуді өлшейді.

  6. Физикадан Электр тогының қуаты мен жұмысы атты ашық сабақ кернеудің формуласы.

  7. Реостат - кернеуді өлшейтін құрал.

  8. Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы электр тогы деп аталады.

Физикадан Электр тогының қуаты мен жұмысы атты ашық сабақФизикадан Электр тогының қуаты мен жұмысы атты ашық сабақ

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді.

A=qU; I=q/t

Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең:

A=IUt

егер I=U/R; U=IR; A=IUt=I2Rt=U2/Rt

SI жүйесінде жұмыс Джоульмен (Дж) өлшенеді. 1 Дж = 1А·1В · 1 с

Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады

Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең:

P=A/t=IU

егер I=U/R; U=IR; P=IU=I2R=U2/R

1 Вт=1 Дж/с, 1 Дж =1 Вт*с

1 Вт∙сағ. = 3600 Дж

1 гВт∙сағ = 100 Вт = 360 000 Дж

1 кВт∙сағ = 1000 Вт = 3 600 000 Дж.

Токтың қуатын өлшеуге арналған аспап - ваттметр.

Тогы бар өткізгіштің бөлініп шығатын жылуының мөлшерін ток күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісіне және өткізгіш бойымен ток жүретін уақыттың көбейтіндісіне тең:

Q=I2Rt

Физикадан Электр тогының қуаты мен жұмысы атты ашық сабақФизикадан Электр тогының қуаты мен жұмысы атты ашық сабақ

IV. Сабақты бекіту

Ой-толғаныс (есептер шығару)

  1. Электр шәйнегінің қыздыру элементінің кедергісі 24 Ом. Кернеуі 120 В шәйнекті тұтынатын тогының қуатын табыңдар?

  2. Егер тізбектегі ток күші 2 А болса, кедергісі 15 Ом спираль сым 10 минутта қандай жылу мөлшерін бөліп шығарады?

  3. Электр шамының баллонында 240 В, 95 Вт деп жазылған, ток күшін есептеп шығарыңдар?

  4. Кедергісі 10 Ом өткізгіштің ұштарына 12 В кернеу берілген. 20 с та қандай жұмыс істейді?

  5. 110 В кернеуде 1А ток тұтынатын электр шамының қылсымында 2 мин уақыт ішінде қанша жылу бөлінеді?

V. Қорытынды

Тест

  1. Электр тогы жұмысының формуласын көрсетіңіз?

А) Физикадан Электр тогының қуаты мен жұмысы атты ашық сабақ

В) Физикадан Электр тогының қуаты мен жұмысы атты ашық сабақ

С) Физикадан Электр тогының қуаты мен жұмысы атты ашық сабақ

  1. Халықаралық бірліктер жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі қандай?

А) Вольт (В)

В) Ватт (Вт)

С) Джоуль (Дж)

  1. Уақыт бірлігі ішінде жасалған токтың жұмысы не деп аталады?

А) электр тогының жұмысы

В) электр тогының қуаты

С) жылу мөлшері

  1. Джоуль -Ленц заңының формуласын белгілеңіз?

А) Физикадан Электр тогының қуаты мен жұмысы атты ашық сабақ

В) Физикадан Электр тогының қуаты мен жұмысы атты ашық сабақ

С) Физикадан Электр тогының қуаты мен жұмысы атты ашық сабақ

  1. Токтың қуатын өлшеуге арналған аспапты көрсетіңіз?

А) Вольтметр

В) Ваттметр

С) Реостат

VI. Бағалау

Жинаған ұпай сандары бойынша жеңімпаз топты анықтау. Белсенді қатысқан оқушыларды тиісінше бағалау.

VII. Үйге тапсырма

§42 Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы.

21- жаттығу 5, 6, 7

© 2010-2022