Физика пәнінен ашық сабақ Айтуға оңай

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ 7-сынып. Физика және астрономия

Тақырыбы: «Айтуға оңай» қорытындылау сабақ

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың осы кезге дейін физика курсынан алған білімдерін білуге, әрі қолдана білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрістерін дамыта отырып, ептілік, қабілеттерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: Ұжымдық әрекетке, қарым-қатынас жасай білуге, өзіндік жұмысқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: такси ойыны,қорытындылау сабағы

Жоспар

Ұйымдастыру кезеңі

а) Сайыстың жүргізілу барысымен таныстыру. (3 айналымнан тұрады)

1. Бәйге жарысы (7 сұрақтан тұрады)

2. "Сөз шебері" (эксперимент)

3. «Кім жүйрік» (есептер шыңару)

4. Шығармашылық жоба

Сабақтың өтілуі:

Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,- деп, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Психологиялық ойыннан бастайын: сабағымыздың басында « Менің көңіл-күйім » жаттығуы
Мақсаты : көңіл-күйін игере білуге және басқаруға , қадағалауға , дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы қағазға өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар.

І айналым:. Бәйге жарысы

Баратын жерлеріңіздің атын табыңыздар. (алға көшесі, жетістік көшесі, биік шың көшесі)

Алға көшесіне сұрақтар

1.Ғала шкісөе

2. 1) Су құйылған ыдыстың ішінде бір кесек мұз қалқып жүр. Егер ол еріп кетсе, ыдыстағы судың деңгейі өзгере ме? (Өзгермейді)

3) Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын өзгертуі. (Орын ауыстыру)

4) Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)

5) Диффузия латын сөзі ? («жайылу, таралу» деген мағына береді)

6) Ең бірінші қазақ ғарышкері? (Т. Әубәкіров)
7) Денеге басқа дене әсер етпесе өз жылдамдығын сақтау құбылысы? (инерция)

2. Жетістік көшесі

1. кстеіжіт еөсікш

2. Метр грек сөзі ? («өлшеймін» деген мағына береді)

3. Паскаль заңы (газға немесе сұйыққа түскен қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзг беріледі)

4 Әтір иісі бөлмеге қандай құбылыстың әсерінен тарайды? (диффузия)

5) Күн жүйесінің құрамында неше планета бар, атап бер (9м,ш,ж,м,ю,с,у,н, п)

6) нано бірлігінде неше дәреже бар? (109)

7. Күннің көзі неше рет шығады? (365)

3. Биік шың көшесі.

1.ібки ңшы шкіеөс

2. Ет, балық, банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген? (диффузия)
3. Физиканың «Бірінші ұстазы» кім? (Аристотель)
4. Астрономияда пайдаланылатын ең басты құрал? (телескоп)
5. Құралсыз көзбен көретін 5 планетаны ата? (м,ш,м,ю,с)
6. Массаны өлшейтін құрал? (таразы)
7. Эклиптика бұл .... және атап бер(шоқжұлдыз деген мағынаны білдіреді. )

ІІ айналым: «Сөз шебері»

1.Алға көшесіне сұрақтар

4-5 сіріңкені 2-ге бөліп гүлге ұқсатып орналастырамыз. Енді осы сірікелердің ортасына су құйып жіберетін болсақ, онда сіріңкелер жайылып, жұлдызшаларға ұқсай бастайды. Себебі неде деп?

2. Жетістік көшесі

Екі ыдыс алып біреуіне ыстық су, ал біреуіне салқын су құйып, екеуіне де марганцовка ерітіндісін салып бақылап көрейік. Нені байқаймыз

3. Биік шың көшесі.

Кәдімгі ақ қағаз, өлшемдері барлық жағынан бірдей. Егер екеуін жерге бір мезетте тастайтын болсақ, онда екеуінің жерге бірдей түсетінін байқаймыз.

Сіздерге сұрақ қағаздың бірі екіншісіне қарағанда жерге жылдам, әрі тез түсе алады ма?

ІІІ айналым: Кім жүйрік

1.Алға көшесіне сұрақтар

1. 50 см қанша

2.Егер шойынның тығыздығы 7*10³ кг/м³ болса, онда көлемі 20см³ шойын бөлшектің массасын анықта.

3.Егер ағыстың жылдамдығы 0,5м/с болса, өзенмен ағызылған сал 15 км қанша уақытта өтеді?

4. Көлемі 2,0м³ гранит тақтасын 24 м биіктікке көтергенде қандай жұмыс атқарылады?

2. Жетістік көшесі

1. 500см² қанша ?

2.Егер бакты массасы 32 кг керосинмен толтырылған болса, онда оның сыйымдылығы қандай

3. Дене 20 мин 20км жол жүріп өтетін болса, онда оның қозғалыс жылдамдығын анықтаңдар.

4.Көтергіш кран массасы 3000кг жүкті көтеріп, 170кДж жұмыс атқарды. Бұл жерде жүкті қандай биіктікке көтерген?

3. Биік шың көшесі.

1. 500см³ қанша ? метр³ (0,0005)

2. Көлемі 1 л күнбағыс майының массасы 930г. майдың тығыздығы табыңдар.

3.Автокөлік 144 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. 20 мин ол қандай жолды жүріп өтеді?

4.Биіктігі 10м сарқырамадан 2 мин-та 50 м³ су құлап ағады. Су ағынының қуаты қандай?

Психологиялық ойын:

1.Алға көшесіне сұрақтар

Мен қандай оқушы болдым ?
Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтады . Сол бойынша қорытынды жүргізіледі .

2. Жетістік көшесі

Менің қиыншылықтарым
Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп , ортаға салады , өзгелермен ой бөліседі .
3. Биік шың көшесі.

Афирмациялар
« Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді » ,« Мен жетістіктің адамымын » ,« Менің бүгінгі сабақтағы жағдайым »

ІV айналым: Шығармашылық жоба

Бүгінгі сабақта алған білімдеріңді осы жобамамен қорытындылап сабағымыздың басында « Менің көңіл-күйім » жаттығумен аяқтаймыз
Мұғалім:

Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем.
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем
Бүгінде физика барлық жерде.
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның игеріңдер
Шәкірттер, ынта қойып үйреніңдер!



Солтүстік Қазаұстан облысы

Есіл ауданы

«Ақтас негізгі мектебі» КММ







Тақырыбы:

қорытындылау сабақ

Сабақтың түрі:

Такси ойыны

Жауапты:

физика пәнінің мұғалімі

Омарова Айгерим Мардановна






© 2010-2022