Менің педагогикалық концепциям

"Описание материала: Әр жылдың ұсынары бар және қалай болса да заман ағымынан қалмай ілгері жүру- ұлы мұрат. Осы орайда жастарды тәрбиелеуде ақыл-ойдың алыбы Абайдың «Ғылым іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» дегендей, тез жетілудің амалын, әдіс-тәсілдерін іздестірген абзал. Бүгінгі таңда оқыту мен тәрбие үрдісінің тұжырымдалуы жаңа өмірге негізделуі тиіс, яғни ақпараттар әлемімен байланыста болу. Педагогикалық жаңалықтарды қабылдау өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алатын, ізденістік жұм...
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,

ал біліктілік сол білімді іске асыру, білу дағдысы».

А.Байтұрсынов

Әр жылдың ұсынары бар және қалай болса да заман ағымынан қалмай ілгері жүру- ұлы мұрат. Осы орайда жастарды тәрбиелеуде ақыл-ойдың алыбы Абайдың «Ғылым іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» дегендей, тез жетілудің амалын, әдіс-тәсілдерін іздестірген абзал. Бүгінгі таңда оқыту мен тәрбие үрдісінің тұжырымдалуы жаңа өмірге негізделуі тиіс, яғни ақпараттар әлемімен байланыста болу. Педагогикалық жаңалықтарды қабылдау өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алатын, ізденістік жұмыстар жүргізуге бейімделген ұстаздар болғанда ғана, жаңа бағытта оқушыларды даярлап шығуға болады.

Әр сабақ- қайталанбас өнер, шығармашылық десек, бұл тұрғыда мұғалім орны ерекше екені түсінікті.

Елдің елдігін, ұлттық ұнамдысын, халықтың қастерлісін, абзал ардақтысы мен жүрек жылуын оқушы бойына сіңіріп, әр сабақты ұтымды ұйымдастыратын ұстаз. Олар халықтық педагогиканың мақсаты: ата-баба тәжірибесінің ең жақсы мұраттарына бай ұрпақты тәрбиелеу ісі екендігін біледі.

Физика пәні - барлық пәндер сияқты оқытып, білім берудің өзіне сай, белгілі бір мақсаттарын көздеген міндеттері анықталған, оқушылардың психикалық әрекетінің мүмкіндігін ескерген, ішкі заңдылықтары, өзіндік оқыту ережелері мен ерекшеліктері болуын талап ететін пән.

Физика пәнін оқытуды биік деңгейге көтеруді мақсат етіп отырған қазіргі кезеңде оқушылардың ойлау мен ойлану дәрежесін бұрынғыдан да биіктететін жаңа жолдар мен әдіс, амалдар іздестіру қажетті күн тәртібінен түспей келеді. Бүгінгі міндет- өз талантын танытып, оны таныта алатын жан-жақты тұлға қалыптастыру. Бұл үшін ең алдымен, оқушының танымдық іс-әрекетінің маңызды жақтарына көп көңіл аудару қажет.

Бүгінгі күн мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгеріс деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде, Елбасы Қазақстанның «Әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына» кіру стратегиясы атты жолдауында, «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деп атап көрсеткен болатын. Еліміздің болашағы - бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені баршамызға мәлім. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектердің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі жан-жақты болып жетілуі- мемлекеттік маңызы бар іс деп түсінемін.

«Білім бастауы- тәрбие» деп бекер айтпаған. Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы». Оқу процесі кезінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты әр уақытта күн тәртібінен түскен емес. Сол адамгершілік тәрбие мен білім беруде мұғалім бала жанының бағбаны болса, сол берілген тәрбие мен білімнің дәнін қалай сеуіп, одан қандай өнім алып келеміз? деген сұрақты саралап отыру керек. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, ұстаздардың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты.Парасаттылықты, адалдықты шәкірт бойына мектеп табалдырығын аттаған кезден бастап ұялататын, білім нәрімен сусындататын ұстаздар десек, қателеспеген болар едік. Сондықтан да ұстаздың еңбегіне еш баға жетпейді. Осыған орай қазіргі кезеңдердің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, Отанын қастерлейтін азамат дәрежесінде тәрбиелеу және осы жолға жетелеудің өзі педагогикалық шеберлікті талап етеді. Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын, бүгінгі ұстаздың кім екеніне баға беріп көрейік. Ұстаз деп әрине ол жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын, бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған асыл тұлғаны айтамыз. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, мұғалім- оқытушы, мұғалім- оқулық авторы, мұғалім-технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, мұғалім-қоғам қайраткері т.б.

Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз кәсібінің данышпаны болу бір күнде болатын дүние емес. Ұстаздық - өмір бойы ізденушілікті талап ететін мамандық екеніндігін аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мектеп құрылымында білім беру мақсаттарының алмасуы, дамытушылық сипаттар, шығармашылық бастамалар, жұмыстың жоғарғы сапасын, кәсібилікті талап етеді. Сондықтан мектеп қабырғасынан бастап оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға мән беру керек деп ойлаймын.

Шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың таным белсенділігін, ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі. Сол себепті баланың жанында сөйлейтін сөз де, әдіпті де, сұлу болуы тиісті. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киім киісі, сыртқы пішіні, жүріс-тұрысы, көзқарасы, психологиясы ізгіліктілік тұрғыдан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады.

Мен, өз позициямда шығармашылық жұмысты ұйымдастыруда, шығармашылық күй тудыруды үнемі басшылыққа алып, тәрбиелік жағын ескеріп отырамын. Балаға өте жақын болу, оған үнемі үміт арту «сенің қолыңнан келеді», «мен саған сенемін» принциптерімен, оқушы бойындағы қабілеттердің ашылуына мүмкіндік тудыру, қолдау мен көмектесуге негізделген жұмысты қолдаймын.

Әрбір ұстаз үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру- мол біліктілікті, ақылдылықты дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. «Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтамыз емес пе?

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен зерттеушілік қызметін үнемі жетілдіріп отыру- өмір талабы. Шығармашылық- өте күрделі психологиялық процесс. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері кез-келген баланы шығармашылық деңгейге көтеру болатынын дәлелдеуде. Осыған орай, ғалымдар жүргізген тәжірибе барысында шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске ұмтылатын, «жаңалық ашып», қызықты ойындар мен тапсырмалар, жаңа инновациялық технологиялар мен ақпараттық технологиялардың қолдануын тұрақтандыру- біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні анық. Әрине осы кезеңдерде мұғалімге қойылатын мәдени-психологиялық талаптарды ұстану-оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайтары сөзсіз.

Этика мен әдеп- мәдениеттің теориялық тұрғыдан сарапталған философиялық ұғымы. Ұстаздың әдеп сақтауы- халықтық рәсімге, жол-жоралғыға, тәртіпке құлдық етіп, амалсыз бағыну емес, сол заңдалақтарды құрметтеу, қастерлеу, адамгершілік борышын өтеу болып табылады. Ұстаздың мейірімді болуы, оқушының сеніміне ие болуы, қолдау көрсетуі, өзін-өзі және баланы құрметтеуі-әдептіліктің өлшемді көрсеткіштері болып табылады. Ұстаздың шеберлігі ұстаздың өмірге көзқарасы мен пәнін жетік білуімен, педагогикалық әдепті сақтауы мен оқыту-тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін жетік меңгеруімен бағаланады.

Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа сапасына жету- мұғалімнің білімділігі мен шеберлігіне, мейірімділігіне тығыз байланысты. Өз мамандығына жан-жүрегімен берілген ұстаз ғана педагогикалық этиканы да, техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.


© 2010-2022