• Преподавателю
  • Физика
  • Урок «Термоядролық реакциялар. Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану. »

Урок «Термоядролық реакциялар. Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану. »

Раздел Физика
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ











Ашық сабақтың тақырыбы:

««Термоядролық реакциялар.

Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану.»




11 «Б» сынып



Тиыштыкбаева Сауле Багдаулетовна









Сабақтың тақырыбы: «Термоядролық реакциялар. Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану.»

Сабақ мақсаты: Оқушылардың өз бетімен білім алуына жағдай жасай отырып, таным белсенділігін арттыратын талпынысқа ынталандыру үшін олардың іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастыру арқылы термоядролық реакциялар , радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері және радиациядан қорғану туралы түсінік беру.

Оқыту міндеттері: а/ оқушыларды термоядролық реакциялардың жүруімен, радиоактивті сәулелердің қоршаған ортаға , адам организміне тигізетін әсерілерімен таныстырып, есеп шығаруға үйрету.

б/ Оқушылардың шығармашылық белсенділігін, өз бетімен танып білуін жетілдіру, өз ойын тиянақты жеткізе білу, есте сақтау қабілетін , қабылдауын, зейінін тұрақтандыру.

в/ оқушылар білімін өмірмен байланыстыру.

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақ типі: семинар

Сабақта қолданылатын әдістер: оқушылар шығармашылығы, оқушылардың өзін-өзі бағалауы, карточка, физикалық байқау, есептер шығару, физикалық лото.

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, таблица, карточкалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді:

1.Ғалым-физиктер

2. Дәрігерлер

3. Экологтар

2. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Тізбекті ядролық реакциялар

  2. Тізбекті реакцияның жүру механизмі

  3. Ядролық реактор құрылысы

  4. Реактордың жұмыс істеу принципі

3. физикалық байқау / ой толғау/.

1. Ядрода протондар мен нейтрондарды ұстап тұратын күш

/ ядролық күш/

2. Белгілі ядролық реакция келесі дәл сондай

реакцияны туғызатын процес

/ тізбекті ядролық реакция/

3. Тізбекті бөлу реакциясын тұрақты қамтамасыз

ететін бөлінетін заттың (уранның) ең аз массасы

/ сындық масса/

4. Нейтрондардың көбею қарқынын сипаттайтын физикалық шама k-

/ нейтрондардың көбею коэффициенті/

5. Басқарылатын тізбекті бөліну реакциясын жүзеге асыратын қондырғы

/ядролық реактор/

6. Ядроның ішкі энергиясын алу жолдары: а/ ауыр ядролардың бөлінуі

б/жеңіл ядроларды синтездеу

7. Тізбекті реакцияда бөлінетін ядроның энергиясын практикалық мақсатта пайдаланудың тиімді жолы

8. Баяулатқышсыз реактор

/ шапшаң нейтронды реактор/

9. Атом ядросының басқа ядромен, элементар бөлшектер және гамма -кванттармен өзара әсерлесуі кезінде болатын түрленулер-

/ Ядролық реакция/

10. Бөлшектер мен ядролардың реакцияға түскенге дейінгі және реакциядан кейінгі тыныштық энергияларының айырымы

/ Ядролық реакцияның энергетикалық шығуы/

3.Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі. / топпен жұмыс/

Топтарға мәтін таратылып, тапсырмалар беріледі және жаңа тақырыпты өз бетімен түсінуге жағдай жасау:

  • Термоядролық реакциялар, сутекті бомба, басқарылатын термоядролық синтез.

  • Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері.

  1. «Білім жәрмеңкесі »- жаңа білімді меңгеру, оқушылар жаңатақырып бойынша түсінгендерін ортаға салады.

  2. Жаңа тақырыпты бекіту үшін «Термоядролық реакциялар» слайды қолданылады.

Физикалық лото:

/Экраннан сұрақ көрсетіледі, дұрыс жауап берген оқушыға карточка беріледі. Кім көп карточка алса ұпайы көп болады/

1.Радиацияның мөлшерін өлшейтін құрал- дозиметр

2.Шығарылған сәуленің жұтылған дозасының формуласы- D=E/m

3.Белгілі ядролық реакция келесі дәл сондай реакцияны туғызатын процесс- тізбекті ядролық реакция

4.Өте жоғары температурада жеңіл ядролардың бірігіп ауырлау ядроны түзу реакция- термоядролық реакция

5.Сәулеленудің өлшем бірлігі- 1 рентген

6.Ядролардан және жеңіл электроннан тұратын иондалған газ-плазма

V. Үйге тапсырма. §8.11,8.12

VI. Бағалау



© 2010-2022