Практикалық жұмыс Магниттердің өзара әрекеттесуі

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Практикалық жұмыс №5

Тақырыбы: «Магниттердің өзара әрекеттесуі»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік - Оқушылардың магнит өрісі, күш сызықтары, тұрақты және тоғы бар өткізгіштің магнит өрісі туралы теориялық білімдерін практика тексеру

  2. Дамытушылық - Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды,

  3. Тәрбиелік - оқушыларды ептілікке, ойын тез жинақтап қортынды жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу


Құрал -жабдықтар: интерактивті тақта,магниттер, әр түрлі денелер.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі 2 мин
2.Үй жұмысын тексеру 10 мин

3.Практикалық бөлім 25 мин
4.Корытындылау 5 мин

5.Үйге тапсырма 2 мин
6.рефлексия 1мин

1.Оқушыларды түгелдеу.Назарларын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тест арқылы тексеру.

3.Практикалық бөлім (оқушыларды топқа бөлу.)

Жұмыстың барысы:

1. Денелерге магниттің оңтүстік және солтүстік полюстерімен әрекет еткенде нені байқадыңдар.Осы бақылаулар нәтижесін кестеге жазыңдар.

Дене жасалған зат

Онтүстік полюс

(тартылады,тебіледі,әрекеттес-пейді)

Солтүстік полюс

(тартылады,тебіледі,әрекеттес-пейді)

жез

мыс

алмаз

темір

ағаш

пластмасса

қағаз

шыны



2. Магниттің полюстерінің әрекеттесуінен нені байқадыңдар?Бақылаулар нәтижесінде қорытынды жасандар.

Магнит полюсі

2 магниттің онтүстік полюсі

(тартылады,тебіледі,

әрекеттеспейді)

2 магниттің солтүстік полюсі

(тартылады,тебіледі,

әрекеттеспейді)

1 магниттің онтүстік полюсі

1 магниттің солтүстік полюсі

3.Егер болат магнитті А және В ортасынан бөлсе,онда А және В шеттері қандай қасиетке ие болады? Практикалық жұмыс Магниттердің өзара әрекеттесуі

4. Магниттің қай жерінде магнит қасиеттері байқалмайды?

4.Корытындылау

5.Үйге тапсырма §52-54 25 жатт № 4,5

6.рефлексия

© 2010-2022