• Преподавателю
  • Физика
  • Физика сабақтарында оқу және жазу арқылы оқушылардың сын тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту технологиясын қолдану

Физика сабақтарында оқу және жазу арқылы оқушылардың сын тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту технологиясын қолдану

Бұл мақала бірнеше жылдары жүйелі түрде физика сабақтарында оқушылардың сын тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту мақсатымен қолданатын және нәтижелі болғанын көрсеткен стратегиялардың мысалдары келтірілген. Мақалада әр түрлі тақырыптарды қолданған стратегиялардың мысалдары кесте арқылы ұсынған. Сын тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту үшін сабақтар кезеңдеріндегі мұғалімнің және оқушының іс-әрекеттегі ұсынылған. оқушылар арасында коллаборативті ортаны орнату мақсатымен жас мамандарға арналған оқушыл...
Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физика сабақтарында оқу және жазу арқылы оқушылардың сын тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту технологиясын қолдану



А.Н. ИСАДИЛОВА

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей - интернаттың

физика пәнінің мұғалімі,

Павлодар қаласы



Оқу және жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту технологиясы оқушылардың ішкі уәжін сыртқа шығарып оқу процессін жетілдіріп мағыналы және саналы түрде білім алуға бағыттайды. Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер жиырма бірінші ғасырда өмір сүретін балаларды дайындау үшін мұғалімге үлкен міндет артады. Оқытушыларға жетістікті және мәртебелі оқушыларды лайықты түрде аса жақсы қалай дайындауға болатындығы туралы мәселені шешуге тура келеді. Мектеп қабырғасынан шыққан түлектер жаңа білімдері мен түсініктерді келешек өмірде және қызметінде ұтымды толық пайдалана алу қажет. Қазіргі кездегі ақпараттың көлемі өте үлкен болғандықтан оқытушының ең маңызды міндеттерінің бірі оқушыларды ақпаратты қабылдауға және оны саналы түрде зерттеп, сын елегінен өткізуге міндетті. Оқушылар ақпаратты және и деяларды өз бетімен түсініп, қабылдап, өзіне пайдалысын таңдауға үйрену керек. Олар көптеген идеяларды әр түрлі тұрғыдан зеттеп, олардың мәні, дәлдігі, анықтығы туралы тұжырымдар жасай алу қажет, өз қажеттеріне мақсаттарына тұрарлықтай идеяларды ала білулері керек. Мектеп бітірушілердің алдында қойылатын осындай жоғары талаптар оқытуға өзге көз қараспен қарауды талап етеді. Сондықтан біз өз жұмысымызда мектеп қабырғасынан қазіргі заманға сай лайықты түлектерді шығару үшін оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілеттерді дамыту технологиясын қолданамыз. Осыдан жұмысымыздың мақсаты - оқушының сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту арқылы өздік ізденіс шығармашылық қызметтерін жетілдіру [1, 117 б.]. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін физика сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану тиімді деп санаймыз.

Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту технологиясын физика сабақтарында қолдану оқушылардың физикалық процестерді тек қана білмей осымен бірге оларды түсінуге, практикалық жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді. Осымен бірге бұл технология:

  • Шығармашылық ойлау қабілеті дамыған, ғылыми тәжірибені менгеруге және қолдануға дайын болатын тұлғаны;

  • Саналы түрде болашақ мамандықты таңдай алатын тұлғаны;

  • Қазіргі заманда өте жылдам өзгеретін технологиялар мен жағдайларға тез бейімделетін тұлғаны;

  • Өз қызметін болжап өзіне сын тұрғыдан баға бере алатын тұлғаны;

  • Жаңа білімдерді алуға және қоршаған әлемге қызығушылықпен қарайтын тұлғаны қалыптастырады.

Оқушылардың бойында сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалыптастырудың нақты қадамдары жоқ, бірақ, сабақ барысында оқушыға жайлы жағдай жасау мақсатымен мұғалімнің алдына қойылатын талаптар келесі:

  1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт беру қажет, қолайлы жағдай жасау қажет.

  2. Оқушыларға толғанып ойлануға рұқсат беру керек.

  3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді тыңдап, қабыл алу керек. Дұрыс емес пікір жоқ.

  4. Сабақта оқушылардың белсенділігін қолдану қажет.

  5. Сабақта қолайсыз жағдайларды туғызбау қажет. Ондай жағдай болып қалса, одан шығу жолдарын ойластыру қажет.

  6. Әр оқушының жасаған қызметіне және сын көзімен қарау қабілетіне сенім білдіру қажет.

  7. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қызметін және өз (мұғалімнің) қызметін сын тұрғыдан бағалау қажет.

Осымен бірге, оқушылар алдына келесі талаптарды қою дұрыс болады:

  1. Сенімділікпен жұмыс жасау.

  2. Белсенді болу.

  3. Бар ынтасымен оқу.

  4. Өз пікірін айтуға қорықпау.

  5. Өзгелердің пікірлерін тыңдап, оларға ілтипатпен қарау.

  6. Өз жұмысын және кластастарыңның жұмысын әділ бағалау

Осындай ережелерді оқушылармен жыл басында бірге құрастыруға дұрыс болады деп санаймыз. Оқушылармен өз жұмыстарына құрастырылған ережелері мағыналы және олар үшін мәнді болады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша құрастырылған сабақтардың құрылымы 3 кезеңнен тұрады (кесте1). Әр кезеңде оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіретін әдістемелік тәсілдер қолданылады [2, 10 б.]. Кейбір тәсілдер сабақ барысында үш кезеңде қолданылады.

Кесте 1. СТО технологиясы бойынша сабқаты жоспарлау

Сабақтың кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ой қозғау

Оқушылардың жаңа тақырыпты оқуға қажет болатын бұрынғы білімдерін анықтау, «сыртқа шығару», жұмысқа қызығушылық тудыру, оқушылардың жұмысын белсеңдету

Оқушы тақырып бойынша бұрынғы білімдерін еске түсіреді, болжайды және бұл ақпаратты жүйелеп, сұрақтарды құрастырады.

Кезеңнің мақсаты: оқушылардың қызығушылықтарын ояту

Жұмыс түрі: жеке, жұппен, топпен

Ақпарат тыңдалады, жазылады, талқыланады

Мағынаны ажырату кезеңі

Мұғалім жаңа ақпаратпен жұмыс жасау кезінде оқылатын тақырыпқа қызығушылықты сақтайды, бұрынғы білімнен жаңа білімге біртіндеп көшу, тақырып бойынша оқушылардың білім, дағды, ептіліктерін қалыптастыру.

Оқушы мұғаліммен ұсынған әдістер арқылы жаңа ақпаратты қабылдау барысында жаңа тақырыппен танысып оны қолдану жолдарын анықтайды

Кезеңнің мақсаты: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырып жаңа материалды бекіту

Жұмыс түрі: жеке, жұппен, топпен

Ақпарат тыңдалады, жазылады, талқыланады, бұрынғы білімдермен салыстырылады, жалпыланады.

Ой толғаныс

Мұғалім сабақ басында айтылған болжамдарды өзгерту, жетілдіру, толықтыру әдістерін қолданып, оқытылған материал негізінде тәжірибелік, зерттеушілік, шығармашылық тапсырмаларды береді

Мағынаны ажырату кезеңінде алған ақпаратты бұрынғы білімдерімен салыстырып талдау, өз жұмысына және жалпы сабақта атқарылған жұмыстарға баға беру

Кезеңнің мақсаты: жалпы сабаққа және оқушылардың жұмыстарына талдау жасау, баға беру

Жұмыс түрі: жеке, жұппен, топпен

Ақпарат талданады, жалпыланады, жүйеленеді.

Физика сабақтарында сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту технологиясын кеңінен пайдалануға болатынына көз жеткіздік. Сабақтарымызда бұл технологияның көптеген әдіс-тәсілдері өз тиімділігін көрсетті. Физика сабақтарында кеңінен тиімді қолданылатын тәсілдерді ұсынамыз.

Вен диаграммасы. Оқушылардың салыстыру және жалпылау ойлау қабілеттерін дамытады (кесте 2). Вен диаграмманың екі түрін қолданамыз: 2 сақиналы және 3 сақиналы диаграммалар

Кесте 2. Вен диаграммасы стратегиясын кейбір тақырыптарды қолдану мысалдары

2 сақиналы

3 сақиналы

Тақырыптар

  • Кристалл және аморф денелер;

  • Электр және магнит өрістер;

  • Серпінді деформацияланған және кейбір биіктікке көтерілген денелердің потенциалдық энергиялары

  • Электр өрістегі өткізгіштер мен диэлектриктер;

  • Тізбек бөлігіне және толық тізбек үшін Ом заңдары

  • Ньютон заңдары;

  • Заттың магниттік қасиеттері (ферро-, пара- және диамагнетиктер);

  • Заттың агрегаттық күйлері

Түсіндірме: сақиналардың қиылысу орталығында қарастырылатын объектілердің жалпы қасиеттері жазылады, ал шеңбердің қиылыспаған жерлерін тек сол объектіге қатысты қасиеттер жазылады.

Кластер құру. Бұл тәсілмен жұмыс жасау барысында оқушылар көлемді және шағын мағыналық бірліктерді анықтауға, кілтті сөздер мен сөйлемдерді табуға үйренеді. Ой қозғау кезеңде оқушылар тақырыпқа байланысты не білетіндерін жазады. Мағынаны ажырату кезінде тақырыппен танысып, ой толғаныс кезеңінде қластерлерін толықтырып түзетеді және жетілдіреді. Үйге оқушыларға кластер бойынша ертегі, мақала, әңгіме, аңыз, өлең жазуға ұсынамыз. Осындай тәсіл оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятып, шығармашылық өз қабілеттерін жетілдіреді. Әдетте бұл тәсіл төмен сыныпта оқылған және жоғары сыныпта күрделі деңгейде оқытылатын тақырыптарды қолданылады. Мысалы: қозғалыс, инерция, масса, күштер, температура, ішкі энергия және т.с.с.

Сын тұрғысынан ойлайтын адаммен алынған білімдер үнемі іріктеуден, талдаудан, жүйелеуден өтіп тұрады. Мұндай адам ақпарат мұхитынан өзіне қажетті мәліметтерді таңдап, іріктеп,ғ өз өміріне , қызметіне дұрыс қолданыс таба біледі. Сондықтан қазіргі заманда білім берудің негізгі мәселелердің бірі оқушыларды ақпаратты сыни тұрғыдан талдап қолдануды үйрету болып табылады.

Әдебиет:

  1. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы. 2013 ж. 448 бет.

  2. Жұмажанова Т. Әдебиеттегі оқытудың сапасын арттыру мәселелері. Дауыс пен көрініс. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау туралы журнал. № 2 (6) 2001 ж. 10-бет.

© 2010-2022