«Өлшеуiш цилиндр (мензурка) бөлiктерiнiң құнын анықтау. Дененiң көлемiн өлшеу»

Сабақтың түрі: зертханалық сабақ   Сабақтың  тақырыбы:  «Өлшеуiш цилиндр (мензурка) бөлiктерiнiң құнын анықтау. Дененiң көлемiн өлшеу».    Сабақтың мақсаты: Өлшеуiш цилиндр (мензурка) бөлiктерiнiң құнын анықтауды үйрену. Дененiң көлемiн өлшеу, теориялық материалды практикада қолдануды үйрену, дағдылану.   Сабақтың көрнекілігі: мензурка, қатты дене,өлшеуіш құралдар.   Сабақтың жоспары: а)Ұйымдастыру кезеңіне – 5минут б)Жаңа сабақты түсіндіру – 10 минут в) Зертханалық жұмысты орындау – 20 минут...
Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

№59 Жалпы білім беретін орта мектеп












Сабақ жоспары



Тақырыбы: «Өлшеуiш цилиндр (мензурка) бөлiктерiнiң құнын анықтау. Дененiң көлемiн өлшеу».

7 - сынып











Орындаған: физика пәнінің мұғалімі

Есембекова Ж.Ж.











Қарағанды

«Өлшеуiш цилиндр (мензурка) бөлiктерiнiң құнын анықтау. Дененiң көлемiн өлшеу».

Өткізілген күні:________________________

Сабақтың түрі: зертханалық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Өлшеуiш цилиндр (мензурка) бөлiктерiнiң құнын анықтау. Дененiң көлемiн өлшеу».

Сабақтың мақсаты:

Өлшеуiш цилиндр (мензурка) бөлiктерiнiң құнын анықтауды үйрену. Дененiң көлемiн өлшеу, теориялық материалды практикада қолдануды үйрену, дағдылану.

Сабақтың көрнекілігі: мензурка, қатты дене,өлшеуіш құралдар.

Сабақтың жоспары:

а)Ұйымдастыру кезеңіне - 5минут

б)Жаңа сабақты түсіндіру - 10 минут

в) Зертханалық жұмысты орындау - 20 минут

г) Қорытындылау - 7 минут

д)Үйге тапсырма беру - 2 минут

е)Оқушыларды бағалау - 1 минут

Сабақтың барысы:

а)Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу және сабаққа көңіл бөлу.

б)Жаңа сабақты түсіндіру: жаңа сабақтың тақырыбын жазу, жұмыстың орындалу ретін түсіндіру, құрал-жабдықтармен таныстыру.

в) Зертханалық жұмысты орындау: оқушылардың зертханалық жұмысты орындауы

г) Қорытындылау: оқушылар дәптерлеріне зертханалық жұмыстың нәтижелерін жазады

д)Үйге тапсырма беру: қорытынды жазу

е) Бағалау



Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы:Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау.

Дененің көлемін өлшеу.

Жұмыстың мақсаты:өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар шкалалары бөліктерінің құнын анықтау; оларды қолданудыүйрену және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, денелердің көлемін өлшеу.

Құрал - жабдықтар: өлшеуіш цилиндр (мензурка), су құйылған тостаған, жіңішке жіп, әр түрлі ыдыстар мен денелер ( гайка, өшіргіш, т.б.)

1 - тапсырма: Өлшеуіш цидиндр бөліктерінің құнын анықтау

Жұмыстың барысы:

1) өлшеуіш цилиндрді мұқият қарап шығыңдар, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді қандай бірлікпен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар;

2) оқулықтағы 10 - параграфты қайталап, қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құнын анықтаңдар;

3) қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін де ескеріңдер;

4) анықталған шамаларды дәптерге жазып алыңдар;

5) өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар;

Мензурканың ең үлкен өлшеу көлемі, оның бірлігі

Мензурка бөлігінің

құны

Өлшеу

қателігі

Қателігі көрсетілген өлшеу нәтижесі

(сұйық көлемі)


Ескерту: Сұйықтық көлемін есептегенде көздің шкаланы көру деңгейіне көңіл аударыңдар. Көзді су бетінің жазықтығымен дәл келетін горизонталь деңгейде бағыттау керек.

2 - тапсырма: Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау

Жұмыстың барысы:

1) өлшеуіш цилиндрге қатты дене толық бататындай етіп су құйыңдар, судың деңгейін белгілеңдер. Денені сұйыққа толық батырыдр. Сонда мензуркадағы удың соңғы және алғашқы деңгейлерінің айырымы қатты дененің көлеміне тең болады;

2) пішіні мен көлемі әр түрлі 2 - 3 қатты денені таңдап алып, оны жіңішке жіппен байлап, суы бар өлшеуіш цилиндрге салыңдар да, көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге толтырыңдар

3) өлшеуіш цилиндрге сыймайтын дененің көлемін шүмегі бар ыдыс арқылы анықтауға болады. Өлшеу алдында ыдысқа шүмектің жоғары деңгейіне жеткенше су құйылады. Денені ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып төгіледі. Төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп, батырылған дененің көлемін анықтайды.

Егерде зертханада шүмегі бар ыдыс жоқ болса, онда бірінің ішіне бірі сыятын кез келген ыдысты пайдалануға болады. Бұл жағдайда ішкі ыдысқа суды кемеріне дейін толтырып құю керек. Денені суға батырғанда оның көлеміндей су сыртқы ыдысқа құйылады. Құйылған судың көлемін мензуркамен өлшейді.

Өлшейтін дене

Сұйықтықтың бастапқы көлемі (V1 , см3 )

Дене мен сұйықтықтың көлемі

(V2 , см3 )

Қатты дененің көлемі

(V=V2-V1) см3


г) Қорытындылау: оқушылар дәптерлеріне зертханалық жұмыстың нәтижелерін жазады

д)Үйге тапсырма беру: қорытынды жазу

е) Бағалау



© 2010-2022