Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар

Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Физика Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тербелмелі қозғалыс жайлы нақты түсінік алып, өз бетімен қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар туралы білім қалыптастыруға мүмкіндік жасау.

Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау қабілеттерін шыңдау.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру

Модульдер: оқытудағы жаңа әдіс -тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау, көшбасшылық, бағалау
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі материалдар, өзін-өзі бағалау парағы

Құралдар: интерактивті тақта,cеріппе,жүктер.

Әдіс тәсілдер: топпен жұмыс,жұппен жұмыс, ыстық орындық,серпілген сауал,диктант.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру.Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу. Барлық оқушыға «бағалау парағын» тарату.

Дұрыс жауап-1 ұпай

Толық емес-0,5 ұпай

Жауап жоқ болса-0

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

А) Жұппен жұмыс. 1-нұсқа. Физикалық диктант орындау

  1. Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі ----------- деп аталады.

  2. Кг* м/с --------------- өлшем бірлігі.

  3. Жердің ең алғашқы жасанды серігі ----------- жылы ұшырылды.

  4. Е= mgh --------- формуласы.

  5. Импульстің сақталу заңы ----------------- жүйеде орындалады.

2-нұсқа, Формулалар сөйлейді:

Формула

Физикалық атауы

Өлшем бірлігі

P=mυ

Күш импульсі

Е=m*υ2/2

E= mgh

Ek1+ Ek2= Ep1+ Ep2


Формулалар сөйлейді:

Формула

Физикалық атауы

Өлшем бірлігі

P=mυ

Дене импульсі

(кг*м)/с

F*t

Күш импульсі

Н*с

Е=m*υ2/2

Кинетикалық энергия

Дж

E= mgh

Потенциалдық энергия

Дж

Ek1+ Ep1= Ek2+ Ep2

Энергияның сақталу заңы

Дұрыс жауаптар тақтадан салыстырып тексереді.

Б) Жеке оқушымен жұмыс.

2-3 оқушыға карточкамен тапсырма(есеп) беру. Орынында шығарып тақтада дәлелдеу.


ІII. Жаңа сабақты игеру. Әр топқа тапсырма беріледі.

1-топ.&24, 1-тақырыпша

2-топ. 2-3тақырыпша

3-топ. &25 1-2 тақырыпша.

Әр топ өз беттерінше берілген тапсырманы игеріп,негізгісін анықтап ортаға салады.Постер құрып Топ алдында қорғайды.

Әр топқа талдау мен қорғауға -10 минут уақыт беріледі.

IVТақырыпты бекіту.

«Серпілген сауал» топтармен жане «ыстық орындық»

Презентация арқылы талдап дәптерге түсіру.

  1. Тербеліс амплитудасы

  2. Тербеліс периоды

  3. Тербеліс жиілігі

Тербеліс деп дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтапқайталанып отыратын қозғалысын айтады.
Гармоникалық тербелістер деп ығысуға пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер.


  1. Анықтамасы: Тербеліс периоды деп - бір толық тербеліс жасауға кеткен уақыт.

Белгіленуі: Т

Өлшем бірлігі: [1c]

Формуласы: T=Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар T=Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар


  1. Анықтамасы: Тербеліс жиілігі деп - бір уақыт ішіндегі тербелістер саны

Белгіленуі: Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар

Өлшем бірлігі: [1Гц]

Формуласы: Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар =Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар =Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар




  1. Анықтамасы: Тербеліс амплитудасы деп -дененің тепе - теңдік күйінің ең үлкен ығысуы

Белгіленуі: А

Өлшем бірлігі: [1м]


Есептер шығару. 21- жаттығуды орындау

V. Оқушылардың алдына таратылып «бағалау парағы » бойынша қорытындылау

VІ. Оқушы білімін бағалау.

Бағалау парағы. Физика. Сынып 9А Оқушы.________________________

Физика

лық диктант

Формула

лар сөйлейді

Үй тапсырмасы

на есеп шығару

Постер құруға қатысу

Постер қорғауға қатысу

Серпілген сауал

Ыстық орындық

Жаңа тақырып

қа есеп

Қосымша

Жалпы ұпай









Қорытынды баға:___________

Ұпай бойынша бағалау

Ұпай саны

Баға

1

14-15 ұпай

«5»

2

11-13,5

«4»

3

7,5-10,5

«3»

VІІ. Үйге тапсырма беру: §24,25 оқу,92-бет Тапсырма орындау.


Жұппен жұмыс. 1-нұсқа. Физикалық диктант .

  1. Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі _____________деп аталады.

  2. Кг* м/с ___________ өлшем бірлігі.

  3. Жердің ең алғашқы жасанды серігі ______ жылы ұшырылды.

  4. Е= mgh ________________________формуласы.

  5. Импульстің сақталу заңы ___________жүйеде орындалады.

Дұрыс жауап-1 ұпай

Толық емес-0,5 ұпай

Жауап жоқ болса-0

Жұппен жұмыс. 2-нұсқа. Формулалар сөйлейді:

Формула

Физикалық атауы

Өлшем бірлігі

P=mυ

Күш импульсі

Е=m*υ2/2

E= mgh

Ek1+ Ek2= Ep1+ Ep2


Дұрыс жауап-1 ұпай

Толық емес-0,5 ұпай

Жауап жоқ болса-0



© 2010-2022