» Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау»

Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтай алады. Мысалдар келтіре отырып, оның күнделікті өмірдегі қолданысын түсіндіре алады. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланысты өзгеретінін және оның күнделікті өмірдегі қолданысын түсіндіре алатын болды. Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, электрондық оқулықпен жұмыс, «Ақылды доп» ойыны, диалогтік оқыту, постер құрастыру, Венн диаграммасы, флипчартпен жұмыс, «Білім қабырғасын» құру, «Екі жұл...
Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тізбектелген сабақтар

4-сабақтың жоспары

Сабақтың тақырыбы:

Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау

Сабақтың мақсаты:

Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтай алады. Мысалдар келтіре отырып, оның күнделікті өмірдегі қолданысын түсіндіре алады.

Оқу нәтижелері:

Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланысты өзгеретінін және оның күнделікті өмірдегі қолданысын түсіндіре алатын болды.

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс, электрондық оқулықпен жұмыс, «Ақылды доп» ойыны, диалогтік оқыту, постер құрастыру, Венн диаграммасы, флипчартпен жұмыс, «Білім қабырғасын» құру, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен топтық жұмыстың нәтижесін бағалау

Түйінді идеялар:


Сабақтың кезеңдері және мұғалімнің іс-әрекеті:

  1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

  2. Топқа бөлу. Оқушыларға «Қайнау», «Кебу», «Қаныққан бу», «Қанықпаған бу» сөздері жазылған қағаздар таратылады, осы сөздерге байланысты топқа бөлінеді. (2 мин)

  3. Сергіту сәті («The Skeleton Dance» бейнежазбасы). (1 мин)

  4. Итермелеу сатысы - оқушыларды уәждендіру, жаңа тақырыпты түсінуге платформа дайындау. Осы мақсатта интерактивті тақтада электронды оқулықтан бейнежазба көрсетіледі. Бейнежазбаны талқылау үшін топтарға төмендегідей сұрақтар қойылады («Ақылды доп» ойыны, бүкіл сыныптың әңгімесі) (10 мин)

  • Қандай процесті бақыладыңдар?

  • Неліктен қайнау процесі деп ойлайсыңдар?

  • Қайнау процесінің негізгі ерекшелігі неде?

  • Сұйық қайнағанда оның температурасы өзгере ме?

  • Олай болса, сырттан берілетін жылу мөлшері неге жұмсалады?

  • Неліктен оқулықтағы 6-кестеде «Қалыпты атмосфералық қысымдағы кейбір заттардың қайнау температурасы» деп жазылған?

  • Яғни атмосфералық қысым қалыпты болмауы да мүмкін бе?

  • Қалыпты атмосфералық қысым деп қандай қысымды айтамыз?

  • Қай жағдайда атмосфералық қысым артады?

  • Қай жағдайда атмосфералық қысым кемиді?

  • Сонымен атмосфералық қысым артқанда немесе кемігенде қайнау температурасы да өзгереді деп ойлайсыңдар ма?

  • Ал қалай өзгеретінін білеміз бе?

  • Яғни бүгінгі сабақта қандай мәселені қарастырамыз?

  1. Жаңа тақырыпты меңгеру.

а) Таратпа материал және табыс критерийлері таратылып, оқушыларға өз беттерінше білім алуға мүмкіндік беріледі. (7 мин)

ә) Жаңа материалды топтық талқылау (3 мин)

б) «Көршіңнің қалы қалай?» (әр оқушы өзінің оң жағындағы баланың жаңа тақырып бойынша білімін «бағдаршам» тәсілімен бағалайды) (1 мин)

в) Жаңа тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тереңдете түсу үшін интерактивті тақтада электронды оқулықтан бейнежазба көрсетіледі. (2 мин)

  1. Жаңа тақырыпты бекіту және жаңа білімді ескі біліммен ұштастыру.

а) Әр топқа әртүрлі тапсырма беріледі (10 мин):

  • 1-топ - төрт сабақ бойы меңгерілген булану құбылысы бойынша «Білім қабырғасын» құру;

  • 2-топ - буланудың екі тәсілі «Кебу» мен «Қайнаудың» айырмашылығы мен ұқсастығын көрсетіп, Венн диаграммасын жасау;

  • 3-топ - постер құрастыру:

  • 4-топ - флипчартпен жұмыс.

ә) Жұмыстарын қорғау және стикерлер арқылы бағалау (7 мин)

1-топ 2-топқа және керісінше, ал 3-топ 4-топқа және керісінше қорғайды.

  1. Рефлексия (1 мин)

Тақтаға «Сабақтағы психологиялық ахуал», «Сабақтан алған әсерің» деген сөздер жазылған және «жақсы», «жаман» деген екі бағалау бағаны бар плакат ілінеді. Оқушылар магнит-смайликтер арқылы сабақты бағалайды.

  1. Үй тапсырмасы: §18 (2), ғаламтордан қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын дәлелдейтін қосымша ақпарат іздеу.


© 2010-2022