Бақылау жұмысы электр құбылыстары

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы:

8 «А»

Күні:

02.03.2016ж

Сабақтың тақырыбы:

Бақылау жұмысы №2. Электр құбылыстары

Мақсаттары:

Электр құбылыстары тарауы бойынша білімдерін қорыту. Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу

Сабақтың мазмұны және барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

II Бақылау жұмысы

1-нұсқа

  1. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 мин ішінде 24 Кл заряд өтетін болса, өткізгіштің ток күші неге тең?

  2. Егер 220 В кернеу кезінде резистордағы ток 44 А болса, онда оның кедергісі қандай?

  3. Егер екі шамның біреуінің кедергісі 20 Ом, ал екіншісінің кедергісі 0,03 кОм болса, онда екеуін тізбектей жалғастырғанда жалпы кедергі неге тең болады?

  4. Электр шамы мен резистор желіге тізбектей қосылған. Шамның кедергісі 20 Ом, ал резистордың кедергісі 0,48 кОм. Егер де резисторда кернеу 120 В-қа тең болса, онда шамда кернеу неге тең?

  5. Кедергілері 200 және 300 Ом екі электр шамы параллель жалғанған. Егер бірінші шамдағы ток күші 0,6 А болса, онда екінші шамдағы ток күшін анықтаңыз.

2-нұсқа

  1. Егер электр шамынан 2 мин ішінде 60 Кл заряд өтсе, ондағы ток күші неге тең?

  2. Егер кедергісі 12 Ом вольтметр 120 В кернеуді көрсетіп тұрса, онда ол арқылы өтетін токтың күші неге тең болады?

  3. Елка тізбегі әрқайсысының кедергісі 30 Ом-ға тең бірдей 30 шамнан тұрады. Барлық тізбектің жалпы кедергісі неге тең?

  4. Тізбектей жалғанған екі өткізгіш кернеуі 36 В желіге қосылған. Бірінші өткізгіштің кедергісі 10 Ом, екінші өткізгіштің кернеуі 16 В. Екінші өткізгіштің кедергісін анықтаңыз

  5. Кедергісі 10 Ом сымды бес бөлікке бөліп, содан кейін оларды ток көзіне параллель қосады. Осы бөліктердің жалпы кедергісі неге тең?

III Қорытынды

Үйге тапсырма: Электр құбылыстары тарауын қайталау



© 2010-2022