• Преподавателю
  • Физика
  • Сабақ жоспары: Программалау-алгоритмді формалдә жазу тәсілі. , алфавиті. Сызықтық алгоритмді программалау

Сабақ жоспары: Программалау-алгоритмді формалдә жазу тәсілі. , алфавиті. Сызықтық алгоритмді программалау

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

пәні: информатика

Мектеп: №48

Күні:21.11.2015

Мұғалімнің аты-жөні: Жалел Багдаулет

Сынып: 8аәб

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы:

Программалау- алгоритмді формалдә жазу тәсілі. , алфавиті. Сызықтық алгоритмді программалау

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Программалау тілін меңгереді, құрылымын меңгереді

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

Алгортимдеуді және блок-схема түрінде жазуды

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Программалау тілінің бөлімдерін, алфавитін және жазу синтаксисі

Кейбір оқушылар істей алады:

Программа құруды және нәтижені талдауды

Тілдік мақсат

Оқушылар мыналарды істей алады:

Пәндік лексика мен терминалогия:

Оператор, сипаттау бөлімі, begin, program,end, write, read

Сұхбат/жазу үшін қолдануға болатын сөйлемшелер:

Программа тақырып бөлімі, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімінен тұрады.

Оператор бөлімі begin қызметші сөзінен басталып end сөзімен аяқталады.

Жетістік критерийлері:

Алгоритмдеу, программа алфавиті -1балл

Жазу синтаксисі-2 балл

Программаны толық орындау-3балл

Алдыңғы оқу

Алгоритм.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

ресурс

Басы

Негізгі бөлім

2мин

15мин

Алгоритм дегенімз не? Осы сұрақты қоя отырып бүгінгі сабақты ашып аламыз. Топқа бөлу: "Алгоритм", "Программа".

Топтарға тапсырма. "Тілдің алфавиті", "Паскаль тілінің негізгі элементі" материал беріледі , топтарда оқылып, талданады.

  1. Программа тақырыбы (program);

  2. Пайдаланушылар модульдерін көрсету бөлімі (uses);

  3. Таңбалар (белгілер) бөлімі (label);

  4. Тұрақтылар бөлімі (const);

  5. Типтер бөлімі (type);

  6. Айнымалылар бөлімі (var);

  7. Процедуралар мен функциялар бөлімі (procedure, function);

  8. Операторлар бөлімі (begin ………………..end);

  9. Түсініктемелер.

Таратпа материал

Тәжірибелік жұмыс

20мин

Топтық жұмыс . Алдымен программа бөлімдерін пайдаланып алғашқы программамызды жазуды орындаймыз.

Программа деп ....................(Алгоритмдердің программалау тілінде кескіні программа деп аталады)

Бүтін сандар..........................(integer)

Қызметші сөздер...................( Readln, writeln, if-then-else, case of, goto, т.б.)

Идентификаторлар................(Программада кездесетін барлық тұрақтылар, айнымалылар, функциялар мен

процедураларды белгілейтін әріптер)

Нақты сандар.........................(Real)

Соңы

5мин

3мин

Мұғалімнің жұмыстарды тексеруі:

А) программаны жазу синтаксисін

Б) бөлімдерінің сақталуы

В) нәтижесі

Кері байланыс: бүгінгі сабақтан алған жаңа ақпарат , қорытынды ойы

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Оқушылардың өзара көмегі .

Қажет болғанда мұғалімнің қолдауы

Жетістік критерийге сүйену, тапсырманы орындау кезінде реттілікті сақтау

Пәнаралық байланыс, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Паскаль программалау тілі

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары Щвейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып- үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды.

Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.

Паскаль тілінің негізгі элементтері

Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.

Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

Кез келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.

Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі - болып табылады. Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.

Турбо Паскаль ортасымен танысу

Турбо Паскаль интерфейсі көп терезелі орта. Орта ашылғанда терезенің жоғарғы жағында бас меню қатары шығады.

Жұмысты бастау тәртібі

F10 - бас меню қатарына шығу. Керек команданы таңдап, Enter-ді басамыз

Бас меню негізгі 10 пунктен тұрады:

Fіle -файлдармен жұмыс, баспаға шығару (принтер), каталогты ауыстыру т.б.

Edіt - тексті редакциялау, текст бөліктерін көшіру, ауыстыру.

Search - қажет тексті іздеу, сөздерді ауыстыру,т.б.

Run - программаны орындау.

Compіle - программаны компиляциялау.

Debug - программаны жөндеу, түзету құралдары.

Tools - ортаның құралдардары.

Optіons - программалау ортасын баптау.

Wіndow - программалар жөндеу терезелерін басқару.

Help - көмек.

Ескерту. Бет (страница) - деп бір экран көлемін айтады (21 жол).

Редакциялау "пернелері"

Shіft + ←,↑,→,↓ - белсенді терезедегі текстің фрагменттерін белгілеу.

Ctrl + Del - белгіленген тексті қалтаға түсірмей, терезеден жою.

Ctrl + Іns - белгіленген текстің көшірмесін қалтаға жіберу.

Shіft + Del - белгіленген тексті қалтаға түсіріп, терезеден жою.

Shіft + Іns - қалтадағы тексті белсенді терезеге қою.

Ctrl + L - соңғы команданы қайталау.

Ctr l+ N - курсор тұрған жол үстінен, бос жол енгізу.

Ctrl + Y - курсор тұрған жолды алып тастау.

Терезелерді басқару "пернелері"

Alt + # - мұндағы # көретін терезе нөмірі.

Alt + 0 - ашылған терезелер тізімін көрсету.

Alt + F3 - белсенді терезені жабу.

Alt + F5 - қарау, программаның орындалу нәтижесін көру, (пайдаланушының экраны).

Shіft + F6 - артқы терезелерге шегіндіре өту.

F5 - белсенді терезені үлкейту (кішірейту).

F6 - алдыңғы терезелерге ілгері өту.

Ctrl + F5 - белсенді терезенің өлшемін немесе позициясын өзгерту.

Паскаль тілінде программаны тексеру - Ғ9

Программаны орындау - CTRL+F9

Нәтижені алу (көру) - alt="Сабақ жоспары: Программалау- алгоритмді формалдә жазу тәсілі. , алфавиті. Сызықтық алгоритмді программалау"+F5



Турбо Паскаль ортасынан шығу тәртібі

  1. Alt + F - меню қатарына, Fіle командасына шығу.

  2. Exіt немесе бірден:Alt + X - басуға болады.

Тілдің алфавиті

Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.

Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:

  • атаулар (идентификатор);

  • цифрлар;

  • айыру белгілері;

  • арнайы символдар.

Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қоолданылады.

Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.

Арифметикалық амал белгілері:

(+) - қосу; (-) - азайту;

(*) - көбейту; (/) - бөлу.

DIV - санның бүтін бөлігін алу. Мысалы: 10 DIV 3 амалының нәтижесі 3;

MOD - қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;

Логикалық амал белгілері:

AND - және (логикалық көбейту) операциясы;

OR - немесе (логикалық қосу) операциясы;

NOT - емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;

XOR - арифметикалық немесе амалы;

SHL - биттер (1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыру;

SHR - биттер (1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру;

Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.

Сонымен айыру белгілері: __(бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (қос нүкте);(нүктелі үтір); ' (апостроф); (; ); [; ]; {; }.

Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <> (тең емес), < (кіші), > (үлкен), <= (кіші не тең), >= (үлкен не тең).

Программалау тілдерінде «өрнек», «оператор», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланылады.

Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем - оператор деп аталады.

Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны - программаның сипаттамасы болып табылады.

Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура тіктөртбұрыш және эллипс (кейде дөңгелек) кең пайдаланылады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын элементтері, ал эллипс ішінде терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбалар жазылады.

Тілдің қарапайым объектілері

Тілдің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді. Программадағы негізгі амалдардың орындалуына керекті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндері болады.

1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып бөлінеді. Дербес компьютерде бүтін сандар ағылшынша integer, нақты сандар real деп жазылады.

Мысалы: Бүтін сандар: +4, -100, 15743, 0 т.б. Нақты сандар: 2.65, 0.5, -0.856, -6.0.

2. Атау - идентификатор (identification - объектінің белгілі бір символдар тіркесіне сәйкестігін бекіту) программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды т.б. белгілеп жазу үшін қажет.

Идентификатор - міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау.

Мысалы: Х, Х1, СҮММА, Р23РН6, МТ54АР т.б.

3. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады.

Тұрақтыға программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркестік (integer, real, boolean, char, string) мәндерді қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар - true (ақиқат) немесе false (жалған) мәндерінің біріне ие бола алады.

Мысалы: x=25; y=-0.5; z=4E15; g=9.8; pi=3.14 т.б.

4. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта әр түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылар атауы сипаттау бөлімінде var түйінді сөзінен кейін орналасады да, атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі.

Айнымалылар қарапайым және индексті болуы мүмкін. Қарапайым айнымалылар өз атаулары бойынша жазылады. Мысалы, delta, x, y, result.

Индексті айнымалыларға жиым (массив) элементтері жатады.

Жиым дегеніміз - бір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелген тізбегі.

Мәлімет типтері

Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз - шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.

Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық типтер скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип (тағайындалған) жатады. Стандартты типтерге:

  • бүтін - INTEGER

  • нақты - REAL

  • логикалық - BOOLEAN

  • тіркестік - STRING

  • мәтіндік - TEXT тәрізді типтер жатады.

Құрылымдық типтегі жиымдар - ARRAY, жазбалар - RЕCORD, жиындар - SET және файлдар - FILE түрлеріне бөлінеді.

Стандартты функциялар

Турбо Паскаль тілінде алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады.

Математикада жазылуы

Паскаль тілінде жазылуы

Атқаратын қызметі

Функция типі

х

arctg x

cos x

sin x

ex

[x]

lnx

Сабақ жоспары: Программалау- алгоритмді формалдә жазу тәсілі. , алфавиті. Сызықтық алгоритмді программалау

x2

Сабақ жоспары: Программалау- алгоритмді формалдә жазу тәсілі. , алфавиті. Сызықтық алгоритмді программалау

хn

Abs(x)

Arctan(x)

Cos(x)

Sin(x)

Exp(x)

Frac(x)

Int(x)

Ln(x)

Pi

Sqr(x)

Sqrt(x)

Exp(n*ln(x))

Аргументтің абсолюттік шамасы

Аргументтің арктангенсі

Аргументтің косинусы

Аргументтің синусы

е-нің х дәрежесі

х санының бөлшек бөлігі

х санының бүтін бөлігі

х санының натурал логарифмі

Сабақ жоспары: Программалау- алгоритмді формалдә жазу тәсілі. , алфавиті. Сызықтық алгоритмді программалау-дің мәні

х-тің квадраты

х-тің квадрат түбірі

х-тің n дәрежесі

х-тің типіндей

нақты

нақты

нақты

нақты

нақты

нақты (бүтін)

нақты

х-тің типіндей

нақты

х-тің типіндей

Өрнектер және олардың жазылуы

Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың, функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы:

(5+7*x)/1.8; (sin(x)+5*cos(2+x))/ln(x); т.б.



Математикада жазылуы

Программалау тілінде жазылуы

Сабақ жоспары: Программалау- алгоритмді формалдә жазу тәсілі. , алфавиті. Сызықтық алгоритмді программалау

(a+b)/(a-b)

ab

exp(b*ln(a))

Сабақ жоспары: Программалау- алгоритмді формалдә жазу тәсілі. , алфавиті. Сызықтық алгоритмді программалау

(a+b)/(x*y)

ex+1

exp(x+1)

Сабақ жоспары: Программалау- алгоритмді формалдә жазу тәсілі. , алфавиті. Сызықтық алгоритмді программалау

sqrt(1+sqrt(x))

Сабақ жоспары: Программалау- алгоритмді формалдә жазу тәсілі. , алфавиті. Сызықтық алгоритмді программалау

exp(ln(x)/3)



© 2010-2022