Токтың жұмысы мен қуаты

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен куаты. Джоуль -Ленц заңы.
Мақсаты:а) Білімділік: оқушыларға электр тогының жұмысы мен қуаты, оларды анықтайтын формулаларды түсіндіру және Джоуль-Ленц заңының қолдануын үйрету.
ә)Дамытушылық: есептеулерде токтың жұмысы мен қуатын және оларға тәуелді шамаларды анықтауды ұғындыру, теориялық білімді практикамен байланыстыру машығын қалыптастыру.
б)Тәрбиелік: электр тогының тұрмыста, халық шаруашылығында пайдалануы туралы түсінік беру, токтың жұмысы мен қуатын есептей білуге , энергияны үнемді пайдалануға үйрету.
Сабақтың әдісі: баяндау , практикалық, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: амперметр, вольтметр, қыздыру шамы, кілт, ток көзі, жалғағыш сымдар.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  2. Өткен тақырыптарға шолу жасау.

«Біліміңді тексер» (кестені толтыру)

Р/с

Физикалық шаманың атауы

Белгіленуі

Формуласы

Өлшем бірлігі

1

Электр заряды

2

Электр қозғаушы күш

3

Ток күші

4

Электр кернеуі

5

Электр кедергісі

6

Меншікті кедергі

7

Электрлік күш

«Адамзаттың ашқан ғажайып жаңалықтары»

Мұғалімнің сөзі:

Осы суреттерге қарап отырып, қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың мына сөзі еске түседі. Абай Құнанбаевтың суреті.

«Адамдар ұйқы, тыныштық, әуес, қызықтың бәрін қойып, адам баласының тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына байланысты іспен айналысқанына, яғни электрді тауып, дүниенің о шетінен қазір жауап алып, адам баласын батылдыққа, өтірік пен жалғанды айыруға мүмкіндік бергені үшін біз оларға бас иіуіміз керек» Абай Құнанбаев.(қара сөзі).

Осы ғажайыптардың бәріде электр тогы арқылы жүзеге асады. Абай дана, Абай-дара қазақта. Оның «Ғылым таппай мақтанба өлеңі тұнған тәрбие, нақыл сөздер». (Оқушылар жатқа айтады).

Осы өлеңіндегі 5 асыл сөзін бүгінгі сабағымыздың бағыты немесе кезеңдері етіп аламыз.

Олар:Бес асыл іс:

  1. Талап

  2. Еңбек

  3. Терең ой

  4. Қанағат

  5. Рахым

Сабағымыздың 1-ші кезеңі «Талап» деп аталады. Бұл кезеңде электр тогы туралы білімімізді одан әрі толықтырамыз, яғни талаптанамыз.

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. 7 сыныптан таныс механикалық жұмыс, механикалық қуат ұғымдарына тоқталу

ә) Электр тогының жұмысы

Тізбектің берілген бөлігенде зарядтар орын ауыстырғанда электр өрісібелгілі бір жұмыс атқарады. Осы жұмыс электр тогының жұмысы болып табылады.

Сұрақ: электр кернеуі дегеніміз не?

Жауабы: тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасымен анықталатын шама.

Сұрақ: электр кернеуінің формуласы қандай?

Жауабы:U ═ Осы өрнектен жұмысты тапсақ:A ═ U×q

Сұрақ: Ал t уақытта өткізгіш арқылы тасымалданатын электр зарядын анықтау үшін қандай формуланы пайдаланамыз? Жауабы: q ═ J×t

Сонда: A = I × U × t (1)

Сұрақ: сонымен, электр тогының жұмысы неге тәуелді? Жауабы: ток күші, кернеу, уақыт

ХБЖ-де өлшем бірлігіне 1 Джоуль-1Дж қабылданған.

1Дж = 1А × 1В×1c

б) тізбек бөлігіне арналған Ом заңына сәйкес жұмыстың өрнегін түрлендіру.

в) Электр тогының қуатын табу.

Сұрақ: 7 сыныпта өткен механикалық қуат неге тең?

Жауабы: уақыт бірлігінде жасалған жұмысқа тең

Электр тогының қуаты уакыт бірлігі ішінде жасалған токтың жұмысына тең. Қуат P әрпімен белгіленеді.

Р ═ J×t

г) Ом заңына сәйкес қуаттың өрнегін түрлендіру.

ХБЖ-де қуаттың бірлігі ретінде 1 Ватт- 1 Вт Қабылданған

1 Вт =1A×1B.

д) Токтың жұмысын өлшейтін құрал электр санауыш, токтың қуатын өлшеуге арналған құрал ваттметр деп аталады.

ж) Күнделікті тұрмыста қолданып жүрген аспаптардың қуаты жазылған кестеге тоқталу.

з) Джоуль-Ленц заңын түсіндіру.

Сұрақ: Токтың қандай әрекеттерін білеміз?

Жауабы: Жылулық, химиялық, магниттік, физикалық.

Электр тогының жұмысы өткізгіштен шығатын жылу мөлшеріне тең. Тәжірибе жүзінде токтың жылулық әрекетін ағылшын ғалымы Д.Джоуль мен орыс ғалымы Эмиль Ленц зерттеді . сондықтан бұл заңды Джоуль -Ленц заңы деп аталады.

Өткізгіштің бойымен ток жүрген кезде өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіштің кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорцонал.

ІҮ. Сабақты бекіту

2-ші кезең - Еңбек (тәжірибелік бөлім) яғни еңбектенеміз, құралдармен жұмыс жасаймыз. Алдымен техника қауіпсіздігі ережелерін есімізге түсіреміз.

Техника қауіпсіздігінің ережелері

Тәжірибелік бөлім

Мақсаты: Электр тогының жұмысы мен қуатын өлшеу.

Құрал-жабдықтар: батарея, амперметр, вольтметр, қыздыру шамы, кілт, өткізгіш сымдар.

Жұмыстың барысы:

1. Сұлба бойынша электр тізбегін жинау.

2. Тізбекті тұйықтап, амперметр мен вольтметрдің көрсетуін кестеге жазу.

3. Электр тогының қуатын есептеу.

4. Электр тогының жұмысын есептеу.

5. Қорытындылау.

3-ші кезең - Терең ой. Тест сұрақтарына жауап алу.

Тест сұрақтары:

1. Гальвани элементі және аккумуляторды жалпы түрде қалай аталады?

а)ток көзі; б)ток күші; в)электр тогы

2. Алғаш рет «эектр тогы» түсінігін енгізген француз ғалымы

а)Андре Ампер; б)Вольт Александро; в)Георг Ом;

3. Біз күнделікті тұрмыста пайдаланатын кернеудің шамасы неге тең?

а)12 В; б)280 В; в)127В; 220в;

4) Ток күшін өлшейтін құрал

а)вольтметр; б)амперметр; в) омметр

5) Ток жұмысын есептейтін құрал;

а)ваттметр; б)спидометр; в)электр санағыш

4-ші кезең - Қанағат

Есептер шығару. 22-жаттығу №6

5-кезең - Рахым. Өзара көмекке келе отырып, түбіртекте көрсетілген физика кабинетіндегі электр энергиясының көрсетуін есепте

Ү. Үйге тапсырма 42; 21жаттығу №3;№4

Реферат жазу: Қазақстанда электр энергиясын өндіретін аймақтар.

ҮІ. Сабақты қорыту. Жұмыс сөзінің синонимі-еңбек сөзіне тоқталу.

1)Н.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам».

«Әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуальды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалады».

Елу жылда - ел жаңа. Мектептің 45 жылдығына тоқталу.

3)…Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым ойлап қой.

А.Құнанбаев

ҮІІ. Сабақты аяқтау, оқушылардың білімін бағалау.



© 2010-2022