Жұмыс. Қуат. Энергия тақырыптары бойынша материалдарды бекіту

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Октябрь ауылы

Совхоз орта мектебі







Ашық сабақ

Пәні: Физика

Тақырыбы: Жұмыс. Қуат. Энергия тақырыптары

бойынша материалдарды

бекіту.

Сыныбы: 7 сынып

Пән мұғалімі: ҚР оқу ісінің үздігі

Жумбина Роза



Октябрь ауылы

Сабақтың тақырыбы: Жұмыс. Қуат. Энергия тақырыптары бойынша материялдарды

бекіту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Білімдерін толықтырып,жүйелілікке,нәтижелілікке,санаға

берік сақтауға, табыстылыққа қызмет ететін білім мен

дағдыны үйлестіру.

Дамытушылық:Оқушылардың белсенділігін арттырып,ойлау,есте сақтау

қаблетін дамыту,шапшаңдық мүмкіндіктерін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, пәнге деген

қызығушылығын арттырып, тәлім-тәрбиесін тереңдетуге

тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Қайталау.

Сабақтың түрі: Сұрақ-жауап,есеп шығару.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивтік тақта пайдалану,крассворд шещу, карточка

пайдалану,кластер құрау,ойындар ойнау.

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2 .Тақырыптар бойынша топтарға сұрақтар қою.

3. Әр топ,өз топтарының тақырыптарын қорғау.

4.Топтарға есептер беру.

5.Ойын: «Атомдар мен молекулалар».

6.Крассворд шешу.

7.Тест сұрақтары.

8.Қорытынды.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру:Оқушылармен амандасу,олардың көңіл-күйін көтеру,оқушыларды үш

топқа бөлу, топ басшысын сайлау,тапқа ат қою.

Топ ережесімен таныстыру.

Топпен жұмыс жасаудағы«Алтын ереже»

1.Бір-біріңді мұқият тыңдау;

2.Сөйлеушінің сөзін бөлмеу;

3.Ортақ пікірге келу;

4.Тәртіп сақтау;

5.Уақытты үнемдеу;

6.Менің пікірім (әркімнің пікірі құнды).

Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру жаттығулары:

Бір, екі, үш,

Бойға жинап, күш.

Жылдамырақ қозғалап,

Қуат алам, бойыма.

Оңды, солды қимылмен

Қыздырамын бойымды.

Қозғалыста бар денем,

Энергиям бойымда.

2.Тақырып бойынша топтарға сұрақ:

  1. Механикалық жұмыс дегеніміз не?

  2. Қуат деп нені айтамыз?

  3. Механикалық энергия дегеніміз не?

  4. Потенциалдық энергия қандай шамаларға тәуелді.

  5. Кинетикалық энергия қандай шамаларға тура пропорционал.

  6. Механикалық энергияның сақталу заңы қалай айтылады?

  7. Үйкеліс күші бар болса,механикалық энергия сақтала ма?

  8. Қандай жағдайда дененің энергиясы бар деп айтуға болады?

  9. Дене қозғалыста болып, оған күш әсер етпесе, онда механикалық жұмыс істеле ме?

3. Әр топ тақырыптары бойынша өз топтарын қорғау:

4.Есептер шығару:

1.5 кг-дық тас бастапқы жылдамдықсыз еркін құлайды. Сыртқы күштердің әсері

жоқ деп есептеп,4 с ішіндегі ауырлық күшінің атқаратын жұмысын анықтаңдар?

2.Жұмысшы массасы 50 кг жүкті, 10 м биіктігінде үй басына 40 с-та апара алса, онда

оның қуаты қандай?

3.Денеге әсер етуші күш 24 Н және орын ауыстыру 2 м болса. Бұл жағдайда

жұмыстың шамасы қандай?

4.Денеге 30Н күш әсер етіп, ол күш әсер ету бағытында 2 м орын ауыстырады.

Күштің жұмысы?

5.360км/сағ жылдамдықпен қозғалған массасы 1000кг дененің кенетикалық

энергиясын табыңдар?

6.Қуаттылығы 40кВт дене,8 с қанша жұмыс жасайды?

5. Ойын: «Атомдар мен молекулалар».

Ойынның мақсаты:Оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.



6. Крассворд шешу.

К Р А СС В О Р Д

Н

Ь




Ю


Т



О



Н






1.Энергияның түрі.

2.Жұмыстың өлшем бірлігі.

3.Алып планеталардың бірі, қазақша аталды «Есекқырған».

4.Жұмыстың орындалуын сипаттайтын шама.

5.Жұмысты айқындайтың шамалардың бірі.

6.Уақыттың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі.

7. Тест сұрақтары:

1.«Дж»- мен өлшенетін физикалық шама;

А. Күш моменті .В.Күш. С.Қысым. Д.Энергия. Е.Орын ауыстыру.

2.Потенциалдық энергияның формуласы:

A.E=gEd B. EЖұмыс. Қуат. Энергия тақырыптары бойынша материалдарды бекіту. C. E=mgh D. EЖұмыс. Қуат. Энергия тақырыптары бойынша материалдарды бекіту. E. EЖұмыс. Қуат. Энергия тақырыптары бойынша материалдарды бекіту.

3.Қуаттық халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігі:

А.Ом. В.Джоуль. С.Вольт.Д.Ватт.Е.Ньютон.

4. Дененің потенциалдық энергиясы 200 Дж, ал кенетикалық энергиясы 300 Дж болса,

оның толық механикалық энергиясы неге тең?

А.400 Дж. В.500Дж. С.100 Дж. Д.200 Дж. Е.300 Дж.

5. Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қайша жұмыс істейді:

А.18 кДж. В.30 кДж. С.80 кДж. Д.24 кДж. Е.8 кДж.

6.Көтергіш кран салмағы 2000Н жүкті 50 м биіктікке көтергенде, атқаратың жұмыс

А.2кДж. В.20 кДж. С.100 кДж. Д.10 кДж. Е.200 кДж.

7. 10 м/с жылдамдықпен қозғалған 50кг дененің кенетикалық энергиясы

А.5000Дж. В.500Дж. С.5 Дж. Д.50 Дж. Е.50000Дж.

8. Массасы 3 кг еркін құлаған дененің жер бетінен 20 м қашықтықтағы потенциалдық

энергиясы (g=10м/с2)

А.60Дж. В.120Дж. С.150Дж. Д.600Дж. Е.90Дж.

9.Механикалық энергия 800 Дж, ал кенетикалық энергия 500 Дж болса, потенциалдық

энергия

А.1200Дж. В.300Дж. С.1000Дж. Д.400Дж. Е.200Дж.

10. Жұмыстың өлшем бірлігі

А.Ватт. В.Ньютон. С.м/с. Д.Ом. Е.Дж.

Тест жауабы: Бағалау шкаласы:

1.Д 6.С 10 «5»

2.Е 7.А 8-9 «4»

3.Д 8.Д 6-7 «3»

4.В 9.В 1-5 «2»

5.А 10.Е

Сабақты бекіту

ҚуатМощность Power:

ЭнгергияЭнергия Energy

ЖұмысРабота Work

8. Қортынды:

Жұмыс пенен адам егіз ғаламда

Сол болғанда береке бар даламда

Бәрімізде жұмыламыз,жұмысқа

Адал еңбек, билік құрған санамда.


Уақыт деген, қанып ішіп суаттан,

Өрендер көп ел, Отанын қуантқан

Жетекші қанатымдай арманның

Жұмыс деген бастау алар, қуаттан.


Қол жетеді энергия барында

Энергия бастау болар дарынға.

Табиғатқа бәрі керек осының

Сөнбе жастар, жалындай бер, жалында!

Жұмыс. Қуат. Энергия тақырыптары бойынша материалдарды бекіту.

Жұмыс. Қуат. Энергия тақырыптары бойынша материалдарды бекіту.

Жұмыс. Қуат. Энергия тақырыптары бойынша материалдарды бекіту.

Жұмыс. Қуат. Энергия тақырыптары бойынша материалдарды бекіту.

Жұмыс. Қуат. Энергия тақырыптары бойынша материалдарды бекіту.

Жұмыс. Қуат. Энергия тақырыптары бойынша материалдарды бекіту.



© 2010-2022