Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Набатов Раим Кенжебекович Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы

Еңбек өтілі:20 жыл

Жұмыс орын: Жетісай қаласындағы

Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназия

Қызметі: физика пәні мұғалімі

ШЕБЕРЛІК САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:

ТАҚЫРЫБЫ: Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ: Сабақта топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қолдануды жүзеге асыру жолдарын айқындау Оқушылар денелердің электрленуі және электр заряды туралы мәліметтерді біледі

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕСІ: Оқушылар денелердің электрленуі және электр заряды туралы мәліметтерді білді, олар электр құбылыстар маңызын түсінеді, ондағы формула арқылы есеп шығарады.

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: 8 Ә сыныбы

ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ: түсіндіру, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды диалог арқылы дамыту, қызығушылығын ояту, миға шабуыл жасау

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: компьютер және мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, дыбыстық құрылғы.

ШЕБЕРЛІК САБАҒЫНЫҢ БАРЫСЫ:

Бүгінгі сабақта оқушылар денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы тақырыбы бойынша алған білімін қалыптастырады, түсінігін айтады және сабақ барысында сын тұрғысынан ойлап қорытынды жасайды.

Сын тұрғысынан ойлау - мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді.

Сабақтың ұйымдастырылу кезеңі: Оқушыларды қағазға жазылған физикалық ұғымдар арқылы топтарға бөлу

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

1

Еске түсіру (Білу):

  1. Неше изопроцес бар?

  2. Адиабаталық процесс дегеніміз не?

  3. Термодинамиканың бірінші заңы ?

  4. Термодинамиканың екінші заңы?

Таратылған семантикалық карталар арқылы сұрақтарға жауап береді

5 мин

2

Түсіну:

Неліктен сүртілген аяқ киімге шаң тозаң жиналады?

Мұғалімнің берген сұрақтарына оқушылар жауаптарын жазады

3 мин

3

Қолдану: Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы

Берілген тапсырмаларды оқушылар бірінші міндетті деңгейден бастайды, кейін лайықтыға, онан соң жоғарғы жеңгейге көшеді.

10 мин

4

Талдау:

Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы

Берілген семантикалық картаны оқушылар оқулықтан алған теориялық білімдеріне сәйкестендіре отырып толтырады

22 мин

5

Жинақтау:

Жалпы сабақ бойынша оқушылар бір - бірлеріне сұрақтар қояды

5 мин

6

Бағалау:

Оқушылар берілген бағалау парақтар бойынша бір - бірін бағалайды

Таратылған бағалау парақтары қасындағы оқушыға баға қойады

Үйге тапсырма беру: §28




© 2010-2022