- Преподавателю
- Физика
- Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер 10 класс
Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер 10 класс
Раздел | Физика |
Класс | 10 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Сейтқалиев Ж.Қ. |
Дата | 10.11.2015 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
Ақтөбе облысы, Мартук ауданы, Хазретовка ауылы
Хазретовка орта мектебі, физика және информатика
пәнінің мұғалімі Сейтқалиев Жұлдызбек Қаратайұлы
Сабақтың тақырыбы: Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік мақсаты: тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдысын қалыптастыру. Тың мәліметтер беру арқылы білімді қалыптастыру.
-
Дамытушылық мақсаты: өткізгіштер мен диэлектриктер жайлы мағлұматтарды пайдалана отырып, оларды электр өрісіне енгізген жағдайдағы өзгерістерді салыстыру арқылы тақырыпты меңгеру.
-
Тәрбиелік мақсаты: Өзін-өзі қорғайтын электрден қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау, шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Кесте. Тірек конспект. Баяндау. Сұрақ-жауап, салыстыру
Сабақтың көрнекіліктері: өткізгіштер және диэлектриктер, плакаттар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
-
Төмендегі кестені толтыр.
-
Сұрақ-жауап:
-
Өткізгіш деп нені түсінеміз? Диэлектриктер ше?
-
Сыртқы өріс жоқ болса, еркін электрондар өздерін қалай ұстайды?
-
Сыртқы өріс әсерінен ше?
-
Электростатикалық индукция қандай құбылыс?
-
Диполь деген не?
-
Поляризация деген не?
-
Е-диэлектрлік өтімділіктің физикалық мағынасы.
Түрі
өткізгіштер
диэлектриктер
Бос
Металдар, электролиттер
Ауа, су, май, парафин, слюда
Электрондар шоғыры
п=1022 1/см3
п=1011 1/см3
Электр өрісінде
Оқулықтағы 8.15
Оқулықтағы 8.18
Электр өрісі
артады
Кемиді
Құбылыс
Электростатикалық индукция
Молекуланың электрондық полярланғыштығы/полярлану
Физикалық шама
ε=0
ε-диэлектрлік өтімділік
Кулон заңы
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§8.7-8.8 дайындық сұрақтарын талдау.
-
Потециалдың физикалық мағынасы қандай?
-
Нүктелік заряд өрісінің потенциалы қандай формуламен табылады?
-
Кернеулік деп нені түсінесіңдер?
-
Потенциалдар айырымының физикалық мағынасы қандай?
-
Қандай беттер эквипотенциал деп аталады?
-
Кернеу мен өріс кернеулігі өзара қалай байланысқан?
-
Біз өткізгіш деп нені түсінеміз?
-
Сыртқы электр өрісіне түскенде өткізгіштерде не болады?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есеп шығарту.
-
Радиусы 2 см болатын екі шар бір-бірінен 20 см қашықтықта күшпен әрекеттеседі. Шарлар керосин ішінде олардың потенциалын есептеңдер.
Берілгені: Шешуі:
Ғ=3,2*10-4 Н Кулон заңынан әр шардың заряды
R=20 cм әр шардың потенциалы
r=2 см
Т/к Е-?
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §8.7-8.8 3.306-3.316 есептер, дайындық сұрақтары.