Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу (физика 7 сынып)

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар.

Пән мұғалімі: Бакирова А.Т.

Пәні : физика

Сыныбы: 7 ә Күні: 14.01.2015ж

Тақырыбы:

Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу.

Мақсаты

Оқушыларға денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосуды түсіндіру. Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштердің бағытын ажырата білу

Күтілетін нәтиже

Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосудың мағынасын түсінеді. Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштердің бағытын ажырата алады.

Түйінді идеялар (кілтті сөздер)

Бөлшекке (материялық нүктеге) бiрнеше дене әрекет еткен жағдайларда олардың ортақ әрекетiн тең әсерлі күш сипаттайды.

Сабақ кезеңдері:

Сабақ барысы

Бағалау

ресурстар

  1. Кіріспе


  1. Ұйымдастыру.

  2. Амандасу «Сәлемдесу» тренингі. ( бір-бірімен «Сәлеметсің бе, менің досым!» деп амандасу)

  3. Топқа бөлу (1; 2; 3; 4)

«1; 2; 3; 4» сандары бар кеспе қағаздар


  1. Тұсаукесер

Миға шабуыл

  1. Күш дегеніміз не?

  2. Күштің қандай түрлерін білесіңдер?

  3. Атап айтыңдар

  4. Үйкеліс күші деп қандай күшті атайды?

  5. Үйкеліс күшінің түрлерін ата

мадақтау


  1. Негізгі бөлім

Ойлан, жұптас, топтас.

Тең әрекетті күш. Әдетте қозғалыстағы кез келген денеге бiр емес, бiрден оны қоршаған бiрнеше дене әрекет етедi. Мысалы, дененiң құлап түсуi кезiнде оған тек Жер ғана (ауырлық күшi) емес, ауа да (кедергi күшi) әрекет етедi. Бөлшекке (материялық нүктеге) бiрнеше дене әрекет еткен жағдайларда олардың ортақ әрекетiн тең әсерлі күш сипаттайды. Теңәрекеттi күштi табу үшiн қарапайым ережелер бар.

1. Егерде денеге бiр түзудiң бойымен бiр жаққа бағытталған F1 және F2 екi күш түсiрiлсе, онда олардың F тең әсерлі күшi мына формуламен табылады:Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу (физика 7 сынып).

F = F1+F2.

Сол кезде тең әсерлі күштiң бағыты түсiрiлген күштердiң бағытымен сәйкес келедi (32-сурет).

2. Егерде денеге бiр түзудiң бойымен қарама-қарсы жаққа бағытталған F1 және F2 екi күш түсiрiлсе, онда F1> F2 кезiнде олардың F тең әсерлі күшi мына формула бойынша табылады:

F = Fl - F2. Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу (физика 7 сынып).

Бұл жағдайда тең әсерлі күштiң бағыты түсiрiлген күштердiң үлкенiнiң бағытына сәйкес келедi (33-сурет). Егерде сол кезде F1 = F2 болса, онда F тең әсерлі күш нөлге тең болады екен. Бұл жағдайда дене тыныштықта болады, ал қозғалыстағы дене бастапқы жылдамдықпен бiрқалыпты және түзусызықты қозғалыс жасайтын болады.

Шамалары бойынша тең және бiр түзудiң бойымен қарама-қарсы жаққа бағытталған екi күш туралы олар бiр-бiрiн теңгередi немесе өтемелейді деп айтады. Мұндай күштердiң тең әсерлі F күшi әрқашанда нөлге тең болады да дененiң жылдамдығын өзгерте алмайды.

Оқулықтан § оқу

  1. Бекіту

  1. Постер жасау

І топ: Ауырлық күші

ІІ топ: Үйкеліс күші

ІІІ топ: Тең әрекетті күш

Екі жұлдыз, бір тілек

Плакат, фломастерлар,

стикерлер,

кітап


  1. Есептер шығару

Оқулықтан - жаттығу (1,3,4)

басбармақ

Кеспе қағаздары

  1. Қорытынды

Атыспақ.

Оқушылар сабақ бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.

  1. Ток күші деп нені айтады?

  2. Ток күшінің бірлігіне нені қабылдайды?

  3. Ток күшін қандай құралмен өлшейді?

  4. Электр кернеуі деп нені айтады?

  5. Кернеуді қалай өлшейді?

мадақтау

Стикерлер


Қосымша оқу

Үйге тапсырма

Оқулықтан тақырыпты оқу § 36

Рефлексия

ББҮ кестесі.

білемін

Білдім

Білгім келеді





© 2010-2022