• Преподавателю
  • Физика
  • Коспект урока по физике 11 класс по теме Трансформатор. Электр энергиясын жеткізу және тасымалдау

Коспект урока по физике 11 класс по теме Трансформатор. Электр энергиясын жеткізу және тасымалдау

Раздел Физика
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коспект урока по физике 11 класс по теме Трансформатор.Электр энергиясын жеткізу және тасымалдауСыныбы: 11

Пәні:физика

Сабақтың аты

§2.10. 2.11. Трансформатор.Электр энергиясын өндіру және жеткізу

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Трансформатор.Электр энергиясын өндіру және жеткізу жайлы мағлұмат беру

  • Трансформатор.Электр энергиясын өндіруді техникада қолдана білуге үйрету

  • Топта бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Трансформатор.Электр энергиясын өндіру және жеткізу жайлы мағлұмат алады

  • Трансформатор.Электр энергиясын өндіруді техникада қолдана білуге үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Қуаттың тұрақты дерлік мәнәнде айнымалы ток кернеуінің ток күшімен қатар өзгеруін айнымалы ток трансформациясы дейді. Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал трансформатор деп аталады.

Ойлап табушы: 1878 ж. П.Н.Яблочков, жетілдірген 1882 жылы И.Ф. Усагин.

Құрылысы және схемадағы шартты белгісі

Коспект урока по физике 11 класс по теме Трансформатор.Электр энергиясын жеткізу және тасымалдауКоспект урока по физике 11 класс по теме Трансформатор.Электр энергиясын жеткізу және тасымалдау

Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Жигсо»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «есептер шығару»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  1. Сәлемдесу

  2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

  3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

  1. Тұрақты ток дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Генератор деген қандай құрылғы?

  3. Олай болса тұрақты ток генераторы дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Трансформатор қандай мақсаттарда қолданылады?

  2. Трансформатордың жұмыс істеу принципін түсіндіріңдер.

  3. Электр желісіндегі энергия шығынын азайтудың қандай жолдары бар?

  4. Неге жоғары вольтты электр желісі қолданылады?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу


2

Міндетін атқару


3

Топтық жұмысқа атсалысуы


Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)

(Штурман - басқарушы, пилот - орындаушы)

Берілген тапсырманы түсіндіру, яғни штурман айтып отырады, пилот қағаз бетіне түсіріп отырады.

  1. трансформатор 2) электр энергиясын жеткізуге мысал келтір

Жұптың пікірлерін тыңдау, барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

VІ. Жеке жұмыс «есептер шығару» (13 минут)

№2.1.1.

Ауданы 200 см2 рама индукциясы 0,4 Тл магнит өрісінде 50 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. t=0 уақыт мезетінде рама жазықтығына жүргізілген нормаль өріс индукциясының сызықтарына параллелб. Магнит ағыны мен ЭҚК-нің уақытқа тәуелділік теңдеуін жазыңдар.

№2.1.4.

Айнымалы токтың циклдік жиілігі 100π рад/с. Айнымалы токтың периоды мен жиілігін табыңдар.

№2.1.9.

Ауданы 300 см2 раманың 200 орамы бар және ол индукциясы 1,5∙10-2 Тл біртекті магнит өрісінде айналады. егер индукцияның ең үлкен ЭҚК-і 14,4 В болса, оның айналу периоды неге тең? Раманың айналу осі магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр.

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар

№2,1,10

Кейінгі оқу

§2.10. 2.11. Трансформатор.Электр энергиясын өндіру және жеткізу


© 2010-2022