Конспект по физике Физика пәнінен сайыс сабақ

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физика пәнінен сайыс сабақ

М.Жұмабаев атындағы №9 жалпы орта мектебінің физика пән мұғалімі Божымбетова Тұмаркүл



Сабақ мақсаты:

1.Білімділік:Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін пысықтау,тиянақтау,өз бетінше білімді қалыптастыруды жүзеге асыру шараларын ұйымдастыру.

2.Дамытушылық:Оқушылардын пәнге деген қызығушылығын арттыру,жеке тұлғаны,танымдық ой өрістерін,ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелілік:Алғырлыққа,жауапкершілікке,өз бетімен ізденуге,формулаларды дұрыс жаза білуге ықпал жасау.

Сабақ түрі:Сайыс сабақ.

Көрнекілік:Плакаттар,қима қағаздар

Сабақ барысы:сыныпты «Алғырлар» және «Тапқырлар» деп екі топқа бөліп сайыстыру.

I- тур: «Жұмбақтар»

II-тур: «Гүл сыйла»

III-тур: «Кім мықты»

IV-тур: «Кім жылдам»

V-тур: «Мәреге жету»

Сайысты қорытындылап жеңімпаз топты жариялау.

Физикалық лирика.

1.Физика!

Ғылымдардың нақтысы,

Жалқаулықты сүймейтін,

Оңайлықпен бас имейтін,

Көп оқымасаң миыңа кірмейтін,

Жалпылауды білмейтін,

Пәннің қиын да жақсысы!

2.Физика!

Физика ғылым болғалы,

Пайдасын елге тигізді.

Машина,темір арбаны,

Алысқа жылдам жүргізді.

3.Жарық қып жерді қараңғы,

От жақпай суды қайнатты,

Шөліркеген далаңды,

Су жеткізіп жайнатты.

4.Физика ғылымдардың ғылымы,

Заңдары нақты әрі ғұмырлы,

Жас досым мұны біз ұғайық,

Физика құрметтеуге лайық.

5.Табиғат сырын аштырған,

Тоқпен қазан астырған.

Миллион гектар астықты,

Комбайын мен бастырған,

Физика емей немене?

6. Құтқарып ауыр бейнеттен,

Техниканы үйреткен.

Роботтай- адамды,

Тіл бітіріп сөйлеткен.

7.Физика - ғажайып әлемі,

Көп онда қызықтар әдемі.

Физика қоршаған жан-жағың,

Бәрінен құр босқа қалмағын!

8.Ұққанға табиғаттың сыры терең,

Дегенге оқып,зерттеп,көрем,білем.

Демесең болсын егер еңбегім еш,

Әуелі физиканы оқы дер ем.

Әрі қарай сайысымызды бастаймыз.

I-тур: «Жұмбақтар» екі топқа кезекпен жұмбақтар оқылады.Оқушылар жауапты 3 тілде айту керек.

1.Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді.(күш,сила,power)

2.Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды.(сағат,час,o`clock)

3.Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды.(масса,масса,weight)

4.Жарқылдан соң жаңағы,

Суға бөкті бар алап.

Көкте түрлі жолакты,

Өрнек тұрды ғаламат.(Кемпірқосақ,радуга,

5.Бұлтты аспанның жүзінде,

Ойнайтын бұл немене?(найзағай,

6.Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін.(ток,

II-тур: «Гүл сыйла» екі топқа парақ беріледі олар соған гүлдің суретін салып жапырақтарына формулалар жазады,қай топ көп жазса сол топ жеңеді.

III-тур: «Кім мықты» есептер шығару,екі топқа екі есептен беріледі.

1.Массасы 300г допты 40м/с жылдамдықпен лақтырған кездегі оның кинетикалық энергиясы неге тең?

2.Қатаңдығы 250 Н/м серіппенің деформациясы қандай болғанда,оның энергиясы 500 Дж болады?

3. 6 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы

60 кг адамның импульсі қандай?

4.Массасы 200 г дене 1,5 м/с2 үдеумен қозғалуы үшін оған қандай күш түсіру қажет?

IV-тур: «Кім жылдам» сұрақ жауап

«Алғырлар» тобына

1.Траекторияның ұзындығы.(жол)

2.Жылдамдықтың өлшем бірлігі.(м/с)

3.Үдеудің формуласы.(a=v/t)

4.Ньютонның неше заңы бар?(3)

5.Үйкеліс күшінің формуласы.(F=мN)

6.Жиіліктің өлшем бірлігі не?(Гц)

7. 1 кН да қанша Ньютон бар? (1000Н)

8.Кинетикалық энергияның формуласы.( Ek=mv2/2)

9.Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?(Ньютон)

10.Энергияның өлшем бірлігі не?( Дж)

« Тапқырлар» тобына

1. F= ma кімнің заңы? (Ньютон 2 заңы)

2.Үдеудің өлшем бірлігі не?(м/с2)

3.Гук заңы қандай? (F=kx)

4.Дене импульсінің өлшем бірлігі не?( кг*м/с)

5.Қуаттың формуласы қандай? (N=A/t)

6.Жұмыстың өлшем бірлігі не? (Дж )

7.Потенциалдық энергияның формуласы? (E=mgh)

8.Күш импульсінің өлшем бірлігі не? (Н*с)

9.Қанша қазақ ғарышкері бар? ( 3 )

10.Ю.Гагарин ғарышқа қай жылы ұшты? (1961 ж)

V-тур « Мәреге жету » екі топтан екі оқушы шығып плакатқа сызылған шамаларды тез әрі жылдам атап шығу тиіс,мәреге кім бірінші қатесіз жетеді сол жеңеді.

Қорытынды:Оқушылардың білім- білік дағдысының қалыптасуын бағалау.Жеңіске жеткен топты анықтап,марапаттау.





© 2010-2022