• Преподавателю
  • Физика
  • 8-сыныпқа физика сабағынан Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электроскоптақырыбына ҚМЖ

8-сыныпқа физика сабағынан Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электроскоптақырыбына ҚМЖ

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні

Физика

Сыныбы

8

Сабақтың тақырыбы

Денелердің электрленуі. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіштер мен диэлектриктер.

Мақсаты

Денелердің электрленуі, электр заряды, электроскоп ұғымдарымен таныса отырып, атом құрамы қандай зарядталған бөлшектерден тұратынын үйрену.

Күтілетін нәтижелері

А. Электр зарядын бір денеден екінші денеге қалай берілетіндігін сипаттайды.

В. Электроскоп ұғымымен таныса отырып, жұмыс істеу процесін тұжырымдайды.

С. Атом құрамы қандай бөлшектерден тұратындығын тұжырымдай отырып, зарядтарды жоғалтуы және қосылуы туралы білімдерін қолданып қорытындылайды.

Керекті жабдықтар

Оқулық, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, Ерігіштік кестесі, плакат, маркер, презентациялар, стикерлер, сызбалар, маршруттық карта

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе 1 мин



1 мин



5 мин

Ұйымдастыру.

Амандасу.

Психологиялық тренинг. (Менің атым Аяжан, мен өзімді жақсы көрем себебі мен ақылдымын)

Топқа бөлу

Мұғалім оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастырады.

Үй тапсырмасы: «Серпілген сауал» арқылы тарауын қорытындылау

Тренинг арқылы оқушылар өз бойындағы жақсы қасиеттерін айқындайды, сол арқылы арқылы сабаққа кіріседі.

Оқушылар топшамалар суыру арқылы бір топқа бірігу. (протон, нейтрон, электрон жазбасмен бейнеленген әр түрлі фигураларды суыру арқылы топқа бірігу)

Оқушылар шеңбер жасап, допты кезекпе - кезек лақтырып бір-біріне сұрақ қояды.

Тұсаукесер

6 мин

«Автобус аялдамасы» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

1.Электр энергиясы дегеніміз не? Мысалдар келтір.

2.Электр энергиясының көмегіне сүйене отырып қанда істерді жүзеге асырамыз?

3. Оң және теріс зарядты қалай түсінесің?

Мұғалім әдісті түсіндіріп кетеді. Қол шапалақтау арқылы топтарды алмастырады.

«Қолшапалақтау» арқылы бағалау

«Электродинамиканың негіздері. Электростатика. Денелердің электрленуі. Электр зарядының сақталу заңы» тақырыбы бойынша физика 8 сынып электронды оқулығынан демонстрация көрсету.


Оқушылар өздеріне берілген сұраққа 1 минут ішінде жауап беріп, сағат тілімен келесі топтарға барып, жауаптарын толықтырады.

Өз сұрақтарын қорытындылап, бір оқушы ортаға бір ойды айтады.



Оқушылар үлгілермен танысу арқылы электр энергиясы туралы жаңа мәліметтер алады.

Оқушылар бір-бірін қолпаштау арқылы бағалайды.

Оқушылар электронды оқулықтан демонстрация көріп, аттас, әраттас зарядтар туралы мағлұматтар алып, жаңа сабаққа кіріседі.

Негізгі бөлім

20 мин

Жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту, ресурс тарату, шығару.

Тапсырманы оқушыларға бөліп береді.

Дарынды оқушыларға «Электр энергиясы» тақырыбына тақпақ шығару тапсырылады.

Постерді критерий арқылы бағалату.

Топтар оқулық, ресурс, көрсетілген үлгілер арқылы алынған мәліметтерін жинақтап, постер дайындайды.

Оқушылар тақпақ шығарады.

Құрып болғанна кейін басқа топ алдында қорғайды.

Басқа топ критерий арқылы постерді бағалайды. Оқушылар арасында өзара бағалау жүреді.


Қорытынды

5 мин





3 мин



Сабақ соңындағы рефлексия:

3 мин



Үйге тапсырма:

1 мин

«Кезбе тілші» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Оқу үрдісінің барлық аспектілерінде оқушыларды белсене қатысуға мүмкіндік жасайды, оқушылардың өз түсінігі мен пікірін қалыптастыруды көздейді.

Мұғалім топ басшысынан оқушылардың қорытынды бағасын сұрайды



«Блоб сынып бөлмесі» әдісі





§ 28,29,30 оқып, жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар құрастыру.

Оқушылар ролдік ойындарды ойнайды, сабақта өткен материалды қайталап, бекітеді.



Топ басшылары оқушылармен ақылдасып бағаларын айтады.



Оқушылар сабақта алған білім деңгейлеріне қарай өздерін сурет ішінен тауып бояйды.

Неге сондай деңгейде тұрғанын түсіндіріп кетеді.


Постерге критерий

Критерий

Дескриптор

Жетістік деңгейі

А Мазмұны

Тақырып мазмұны ашылмады

0

Тақырып мазмұны ашылды, бірақ толықтыру қажет

1

Тақырып мазмұны толық ашылды

2

В Безендірілуі

Бояуы қанық емес, сурет салмаған

1

Әсемделген, бірақ эстетикалық талғамға сай келмейді

2

Жақсы әсемделген, сурет, символ, белгілер қолданылған

3

С Баяндау шеберлігі

Ойды жеткізу тілі түсініксіз болды

1

Ойды жеткізе білді, бірақ шешендік жетпеді немесе ой қайталана берді, қыстырма сөздер көп қолданылды

2

Тіл байлығы жақсы, ойды жетік жеткізе білді, өз пікірін пайымдады

3

Д Шығармашылық

Тақырыпты өзге қырынан аша білді

3

Жаңашылдық, идея болды

3



© 2010-2022