Интеллектуальная игра: Я знаю все

Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«БІЛГЕНГЕ МАРЖАН» интеллектуалдық ойыны

Әзмұратова Айгүл Жолмырзақызы

Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің физика пәні мұғалімі

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті жиналған қауым!

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Физикадан басталмақшы

Тапқырлардың сайысы, - деп бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймын.

Жүргізуші: Біз бүгінгі сайыстың көңілді, осы сайысқа қатысушылардың көңіл -күйлерінің жақсы болғанын қалаймыз. Сол себепті физик ғалымдардың әзіл - қалжыңымен бастағалы отырмыз.

Жүргізуші: «Сен өте шаршағансың, түріңнен түр қалмапты, үйден бір күнге кетіп дем алсаңшы» деп белгілі американ өнертапқышы Эдисонға әйелі. Эдисон әйелінің айтқанын мақұл көріп үйінен кетіп қалады. Бір күннен кейін әйелі оның тәжірибе жасап жатқан жерінен кездестіреді. Әйелін көрген Эдисон: «Мен өте тамаша дем алдым деп мақтанышпен жауап берген екен».

Жүргізуші: Бір күні әйгілі физик Резерфорд лабораториясынан шәкіртін кездестіреді. Ол тәкәппарланып:

- Жұмыс жасап жатырмын, - депті.

- Сіз күндіз не істедіңіз, - деп сұрайды оқымысты.

- Жұмыс істедім - дейді шәкірті

- Ал ертеңгісін ше?

- Жұмыс жасадым.

Шыдамы жетпеген Резерфорд: «Сонда сіз қай кезде ойланасыз» - деген екен.

Жүргізуші: Кирхгоф өзінің спектрлік анализі жөніндегі жұмыстар жайлы айтып отырады. «Күннің спектріне қарап онда алтын бар екенін байқадым» - дейді ол. Тыңдап отырғандардың бірі: «Мұндай жаңалықты неге айтады, күндегі алтынды бәрі бір ала алмаймыз дейді. Біраз уақыттан кейін оның ашқан жаңалығына алтын медаль берді. «Міне, күндегі алтынды алдым» - деп әзілдеген екен ол.

Жүргізуші: Айта берсең әзілдер жеткілікті ғой. Енді ортаға сайысушы 2 топты шақырайық.

І топ. «Алғырлар»

ІІ топ. «Білгірлер»

Әділқазылар алқасы таныстырылады

Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!

І кезең. «Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап»


  1. А.Македонский заманындағы уақыттың көрсеткіші немесе өлшеуіші (тауық)

  2. Адамның алғашқы көлігі не? (балалар арбасы)

  3. И.Ньютонның тартылыс заңын ашуына не себеп болады? (алма)

  4. Шәйнек тез қайнау үшін неге қақпағын жауып қою керек?

(Шәйнектің қақпағын жабу арқылы жылу алмасуды сақтаймыз. Бұл қызу беріп тұрған жылуды сақтау үшін қажет)


  1. Бір шәйнекте шикі аз, екінші шәйнекте қайнаған су бар. Қыздыру бірдей болғанда қай шәйнектің суы тез қайнайды?

(Шикі су тез қайнайды, себебі онда еріген ауа көріршіктері бар, ал қайнаған кезде көпіршік жойылады. Ал қайнатқан суда көпіршік жоқ, бір рет қайнатылған су шикі судан кеш қайнайды)


  1. Ет, балық банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген? (диффузия)

  2. Қандай етік суықтан сақтайды. Тары ма, әлде кеңі ме? (кең етік)

  3. Қандай сәулелер әсерінен адам денесі қараяды және күйеді?

(ультракүлгін сәулелер)


ІІ кезең. «Формулалар сыр шертеді» (сәйкесін тап)


Р/с

Атауы

Формуласы

1

Ауырлық күші

F=kq1*q2\r2

2

Заттың тығыздығы

V=a*b*c

3

Дененің көлемі

F=Gm1*m2\r2

4

Ньютонның ІІ заңы

S=υ0t+at2\2

5

Кулон заңы

F=qυBsinχ

6

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

F=mg

7

Үдемелі қозғалыстың орын ауыстыруы

ρ= m\v

8

Лоренц күші

F=ma

9

Джоуль - Ленц заңы

I=ε\R+r

10

Толық тізбек үшін Ом заңы

Q=I2Rt

ІІІ кезең. «Бұлай болу мүмкін бе?»

«Иә» немесе «жоқ»

І топ

Р/с

Тапсырма

Иә

Жоқ

1

Күш - А - 1 Па

2

Жылдамдық - υ- 1м/с

3

Магнит ағыны - Ф - 1Вб

4

Ток күші - U - 1В

5

Қуат - P - 1Дж

6

Энергия - Е -1Дж


«Иә» немесе «жоқ»

ІІ топ

Р/с

Тапсырма

Иә

Жоқ

1

Үдеу - F- 1Н

2

Уақыт - t - 1с

3

Жұмыс- P- 1Вт

4

Электр қозғаушы күш- I - 1А

5

Қысым - P - 1Па

6

Жылу мөлшері- Q - 1Дж


IV кезең. Мақал -мәтелдер


  1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады

(отын энергиясы, энергияның сақталу заңы)

  1. Отқа салса темір де балқиды

(заттың агрегаттық күйлері)


  1. Көсеу ұзын болса, қол күймейді

(жылу өткізгіштік)

  1. Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады

(заттың агрегаттық күйлері)

V кезең. «Сөз шебері»

( Әріптердің дұрыс ретін тауып орналастырса, бір физикалық құралдың аты шығады)

І топ. Т М Д А М И О Н Е Р

ІІ топ. М А Р Т Р А Ф О Р Н С Т О

VІ кезең. «Топ жетекшілері» сөз алса (есептер беріледі)

Қорытынды:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз.

(Сайыс нәтижесін әділ қазылар хабарлайды)

Қадірлі ұстаздар, оқушылар уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңда бір рахмет айтамыз.


© 2010-2022