Физика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)

Раздел Физика
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Лазерлер.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: «Кванттық физика» тарауын талдай отырып, лазер және

оның өмірде қолданылуы жайлы білім беру.
Дамытушылық: оқушылардың оқу материалын талдай білу, бақылау,

салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын дамыта отырып,

ғылыми-техникалық көзқарастарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: жауапкершілікті сезініп, ұйымшылдықпен шешім қабылдауға,

бір-бірінің пікірін тыңдауға, мақсатқа жетуге талпынуға

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру, сұрақ-жауап , есептер шығару,

баяндау, АКТ-ны қолдану, сәйкестендіру, талдау

Бағдарлама модульдерінің кіріктірілуі: сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,

оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда

АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту,

оқытуды басқару және көшбасшылық.

Сабақтың көрнекіліктері: презентация, ғаламтор, бейне материал, кесте,

үлестірме материалдар, слайд, лазер.
Пәнаралық байланыс: биология, химия, информатика, математика.

Болжамдап отырған нәтиже:

лазердің түрлері және оның қолданылу аясы, пайдасы мен зияны

жайлы теорияны меңгерген, кванттық физиканың заңдары мен

формулаларын практикалык есептер шығаруда қолдана алатын

білімді тұлға қалыптасады.

Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (отырыстары,оқу құралдары)

5. Сыныпты топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Теориялық білімдерін тексеру.

2. Практикалық білімдерін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсаты және жоспарымен таныстыру

IV. Сабақтың өтілуі

1. Бейне жазба көрсету

2. «Джиксо әдісі» арқылы мәтінмен жұмыс

3. Топпен жұмыс (постер қорғау)

4. Есептер шығару

V. Сабақты қорытындылау (слайд арқылы)

VІ. Оқушыларды бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру.

VІІІ.Рефлексия

Кешенді - сатылай сабақ жоспары:

Физика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесемін

2. Оқушыларды түгендеймін

4. Сыныпты тақ және жұп сандар жазылған шариктер арқылы топқа бөлемін

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1. Теориялық сұрақтар:

  • Электромагниттік толқындар шкаласы

  • Жарық дегеніміз не? Жарықтың вакуумдегі жылдамдығы

  • Жарықтың екі жақтылық қасиеті (Ньютон және Гюйгенс принципі)

  • Эйнштейн постулаттары

  • Бор постулаттары

  • Стефан-Больцман заңы

  • Винн заңы

  • Де Бройль толқындары

  • Гейзенбергтің анықталмағандық принципі

  • Люминесценция

  • Фотоэффект құбылысы. Фотон дегеніміз не?

  • Спектр дегеніміз не?

  • Жарықтың қысымы

  • Атомның моделі

Проблемалық сұрақтар

  • Неліктен транспорт қозғалысы кезінде тыйым салынатын белгіге,электр бағандарының төменгі бөлігіне қызыл түспен сызылады?

  • Шәкәрімнің : «Дүние атаулы теп-тегіс мөлдір болса, көлеңке орнығады қайда барып» деген өлең жолдарында қандай физикалық заңдылық орындалады?

  1. Формулаларды сәйкестендіру кестесі :

Формуласы

Физикалық шаманың аты


Физика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)

Эйнштейн формуласы

Физика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)

Фотоэффект үшін Эйнштейн формуласы

Физика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)

Де Бройль толқыны

Физика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)

Гейзенбергтің анықталмағандық принципі

Физика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)

Стефан-Больцман заңы

Физика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)

Бальмер сериясы

Физика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)

Жарық қысымы

Физика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)

Бордың екінші постулаты

Физика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)

Планк формуласы

∆x·Δp≥ ħ Физика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)

Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы

Физика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)

Импульстің релятивистік заңы

kn = Ek - En

Винн заңы

Физика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)

Уақыттың релятивистік заңы

Физика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)

Массаның релятивистік заңы

Физика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)

Ұзындықтың релятивистік заңы

Физика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)Физика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)

Фотоэффектінің қызыл шекарасы

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсаты және жоспарымен таныстырған соң , бейне ролик көрсету:

"Лазер" деген сөз ағылшынның "Light Amplificatoin by Stimulated Emission of Radiation" деген сөйлемiнiң алғашқы әрiптерiнен алынған (LASER). Бұл "мәжбүрленген сәуле шашудың көмегiмен жарықты күшейту" дегендi бiлдiредi.
Лазер -жылулық, химиялық, электр энергиясын электромагниттік өрістің энергиясына - лазер сәулесіне айналдыратын құрылғы.
Еріксіз сәуле шығарудың ерекшелігі - оның монохроматтылығы және кФизика пәнінен сабақ жоспары Лазерлер (11 сынып)огеренттілігі. Алғашқы лазерлер ретiнде рубиннiң кристалдары пайдаланылды. Ондағы атомдарды қоздыру үшiн рубин бiлiктi сыртынан импульстi түрде жұмыс iстейтiн, спираль шаммен орайды. Шам жарқ етiп жанған кездегi шыққан энергияны рубин атомдары жұтып, метатұрақты күйлерге өтедi. Атомдарды бұлай қоздыру оларды үрлеу деп аталады. Бүкiл қозған атомдардың сәуле шығаруы бар болғаны 10-8 - 10-10 с уақытқа созылады. Лазер сәулесiнiң негiзгi қасиеттерi оның аса жоғарғы монохроматтылығы, шашырамайтын сәуле түрiнде алу мүмкiндiгi және аса қуаттылығы.
Лазерлік энергияның сапасы күшті шоғырлану жоғарылығымен және едәуір ара қашықтыққа жеткізу мүмкіндігімен анықталады. Лазерлер ең қуатты жарық көздері болып табылады. Уақыттың қысқа мерзімі ішінде (10-13 с аралығы) спектрдің жіңішке аралығындағы сәуле шығару қуат 1017 Вт/см2, ал күннің сәуле шығару қуаты тек 7*103Вт/см2

ІV. Топпен мәтін бойынша жұмыс

Әр топ оқулық бойынша мәтінмен дайындалып, ғаламтор арқылы лазер жайлы мәліметтер іздеп, постер дайындап, қорғайды. Екі топ «Лазердің пайдасы мен зияны» тақырыбында постер дайындау кезінде ҰБТ-ға дайындықта жүрген төрт оқушыдан құралған эксперттік топ - тақырып бойынша тест есептерін тақтаға шығарады.

І топ - лазердің пайдасы

ІІ топ - лазердің зияны

ІІІ топ - тақырып бойынша есептер шығарады

V. Сабақты қорытындылау (слайд арқылы)

Лазердің түрлері :

  • рубин лазері,

  • газ лазері,

  • жартылай өткізгішті лазерлер,

  • газодинамикалық лазерлер

Лазердің қолданылу аясы:

  • медицина;

  • косметологияда;

  • материалдардың кептіру, пісіруде,кесуде; заттарды өңдеуде;

  • талшықтық оптикада- кабельдiк, телефондық және теледидарлық байланыста

  • химиялық реакцияларда;

  • архитектурада-қашықтықты өлшеу үшін;

  • саудада-штрих кодты оқу үшін;

  • сигнализацияда;

  • әскери мақсатта-қару ретінде;

  • астрономияда-алыс қашықтықты өлшеуде;

  • тағамның сапасы мен ұзақ сақталуы үшін;

  • әртүрлі кештерде-лазерлік шоу ретінде;

  • галограммада;

  • фотолитографияда, зергерлік салада;

  • лазерлік дисклерде;

  • машина жасау, құрылыс саласында;

  • атмосфераның құрамын зерттеуде;

  • әуежайға ұшақты қондыруда,т.б.

Есептер шығару


  1. Қозғалмай тұрған бақылаушымен салыстырғандағы екі ғарыш кемесі бір-біріне қарама-қарсы бағытта υ1=0,6c және υ2=0,9c жылдамдықпен қозғалды. Жылдамдықтарды қосудың релятивтік заңы бойынша ғарыш кемелерінің бір - біріне жақындау жылдамдығын анықтаңдар.


  1. Қозғалыс бағытындағы дененің меншікті ұзындығы 5 есе азайса, дене қандай жылдамдықпен қозғалар еді?

3. Толқын ұзындығы 100 нм ультракүлгін сәулелерінің фотон импульсі

қандай?


  1. Үздіксіз режимде жұмыс істейтін гелий-неон газ лазері қуатын 40 мВт-

қа жеткізіп, толқын ұзындығы 630 нм монохроматты жарық сәулесін

береді. Лазер 1сек. ішінде неше фотон шығарады?

VІ. Оқушыларды бағалау.

Топ басшылары мен эксперттік топ бір-бірін:

1. Үй тапсырмасына берген жауаптары бойынша,

2. Шығарылған есептер бойынша,

3. Шығармашылығы мен белсенділігі бойынша бағалайды.

VІІ. Үйге тапсырма беру

§7.9 , «Голограмма» тақырыбы бойынша шығармашылық ізденіс

VІІІ.Рефлексия

а) лазерлік шоу бейнежазба көрсету

б) кестені толтыру:

Білемін

Білдім

Білгім келеді










© 2010-2022