Физика пәнінен Архимед күші тақырыбына арналған сабақ жоспары

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физика пәнінен Архимед күші тақырыбына арналған сабақ жоспары

Блум таксономиясы

Дәулетқалиева Жазира Киікқызы

Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп



Сабақтың тақырыбы: Архимед күші

Мақсаты: Су ішінде денеге әрекет ететін күшті анықтауды үйрете отырып оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың ой-өрісін дамытып, өз бетімен ізденуге, қорытынды жасай білуге машықтандыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: тест жұмысы, есептер шығару, логикалық сұрақтар

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: видеоролик, тірек-сызба, интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру-сәлемдесу, түгендеу, оқушылар назарын сабаққа аудару.

Оқушыларды фигуралар арқылы топқа бөлу

ІІ. «Білу»-үй тапсырмасын тест тапсырмасы арқылы сұрау

І-топ 1. Қай ғалым атмосфералық қысымды өлшеу әдісін ұсынды?

А) Ньютон В) Паскаль С) Королев Д) Торричелли

2. Атмосфералық қысым қандай әріппен белгіленеді?

А) F В) ρ С) P Д) m

3. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігін көрсет.

А) кг н/е мг В) Н н/е кН

С) Па н/е мм.сын.бағ Д) м/с н/е см/сағ

4. Қалыпты атмосфералық қысым шамасы қандай? (Теңіз деңгейінде)

А) 1 Н В) 1 Па С) 760 Н Д) 760 мм.сын.бағ

5. Атмосфералық қысым қандай құралмен өлшенеді?

А) Секундомер В) Диномометр

С) Барометр Д) Спидометр

ІІ-топ

1. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал бір бағытта

2. Қысымның өлшем бірлігі 100000 Па

3. Қатты денелерге түсірілетін қысым Паскаль

4. Сұйықтарға түсірілетін қысым барлық бағытқа бірдей

5. Қалыпты атмосфералық қысым нешеге тең? Барометр

ІІІ-топ

1. Сұйықтарға түсірілетін қысым қандай шамаға тәуелді болмайды

А) ауданға В) биіктікке С) тығыздыққа Д) күшке

2. Атмосфералық қысым қандай әріппен белгіленеді?

А) F В) ρ С) P Д) m

3. Қатынас ыдыстардағы біртекті сұйықтардың еркін беттері

А) әртүрлі деңгейде В) бірдей деңгейде

С) екі жағдайда да болады Д) дұрыс жауап жоқ

4. Қалыпты атмосфералық қысым шамасы қандай? (Теңіз деңгейінде)

А) 1 Н В) 1 Па С) 760 Н Д) 760 мм.сын.бағ

5. Атмосфералық қысым қандай құралмен өлшенеді?

А) Секундомер В) Диномометр С) Борометр Д) Спидометр

ІІІ. «Түсіну» -мағынаны тану

Алдымен оқушыларға Архимед күші туралы видео көрсетіледі.

Ежелгі грек математигі, механик, физик, астроном және әскери инженер Архимед Сицилия аралының оңтүстік жағалауында орналасқан Сиракуз қаласында дүниеге келген. Әкесі Фидий астроном әрі математик болған. Александриядағы атақты математика мектебінде оқыған Архимед Сиракуз қаласына оралғаннан кейін өзін математика мен механикаға арнайды. Оның құрастырған аппараттары мен машиналары замандастарына техника ғажайыбындай болды. Ол көтеру механизмдерінің теориясын зерттеді. Оның ашқан жаңалықтарының ішінде - Архимед бұрандасы арқылы су, құм т.с.с. материалдарды жоғары көтеруге болады. Архимед өзі зерттеген рычаг туралы «Маған белгілі бір нүкте берсеңіздер, мен барлық әлемді төңкеріп тастар едім» деген екен.

Архимед заңының тұжырымдамасы: Сұйыққа батырылған денеге осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді.

Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын Fы күшті архимед күші FA деп атайды. Сонымен: FA = ρc g Vд

Пішіні күрделі денелердің тығыздығын Архимед заңына негізделген гидростатикалық өлшеу әдісі арқылы анықтауға болады. Қатты дененің тығыздығын дененің салмағын екі рет өлшеу арқылы анықтайды. Алдымен дененің салмағы ауада өлшенеді. Содан соң тығыздығы белгілі сұйыққа толық батырылады.

Дененің сұйық ішіндегі салмағы дененің ауадағы салмағынан архимед күшіне тең шамаға кем болады, яғни

P1=P-FA


ІҮ.«Қолдану» -жаңа сабақта алған білімдерін тәжірибе жасауда қолдану.

"Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өз істегенімді меңгеремін" (Конфуций)

І топ. тәжірибе:

Құрал-жабдықтар: штатив, динамометр, көлемдері әр түрлі пластилиннен жасалған дене,стакан, сұйық (су мен май ).

Пластилиннен жасалған көлемдері әр түрлі екі денені динамометрге іліп, кезегімен ыдыстағы суға батырып, динамометрдің көрсетуін жазып алып, қорытынды жасаңыз.

№1

Пластилиннен жасалған дене

Дененің ауадағы салмағы Р1 ; Н

Дененің судағы

салмағы

Р2 ; Н

Архимед күші

Fы= P1-P2 ; H

1


2


ІІ топ.- тәжірибе.

Құрал-жабдықтар: штатив, динамометр, цилиндр дене,стакан, тығыздығы әр түрлі сұйық(су мен май ).

Бір денені алдымен таза суға, сонан соң майға салып, динамометрдің көрсетуіне назар аудару, қорытынды жасау.

№2

сұйық

Дененің ауадағы

салмағы Р1 ; Н

Дененің судағы

салмағы

Р2 ; Н

Архимед күші

Fы= P1-P2 ; H

1


2


ІІІ-топ

Құрал-жабдықтар: штатив, динамометр, көлемдері бірдей, тығыздықтары әр түрлі заттар, стакан,сұйық (су мен май ),

Көлемдері бірдей, тығыздықтары әр түрлі денелерді алып,кезегімен ыдыстағы суға батырып, динамометрдің көрсетуін жазып,алып қорытынды жасаңдар.

№2

Цилиндр

Дененің ауадағы

салмағы Р1 ; Н

Дененің судағы

салмағы

Р2 ; Н

Архимед күші

Fы= P1-P2 ; H

1

алюминий

2

темір

Ү. «Анализ»-Оқулықпен жұмыс. Жаттығу есептерін шығару

1. Су ішінде массасы 600 кг , көлемі 0,23 м3 тасты көтеру үшін қандай күш жумсау керек?

2. 2. Алюминийден жасалған бұйымның ауадағы салмағы -15 Н , ал суға батырылғандағы салмағы -9,5 Н. Алюминийдің тығыздығын анықтаңыздар?

3. 3.Бұйымның ауадағы салмағы-5 Н ал оның судағы салмағы-4,5 Н. Бұйым таза күмістен жасалған ба, әлде онда мыстың қоспасы барма?

ҮІ. Синтез- логикалық сұрақтар


  1. Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суына жүзген жеңілірек?

  2. Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды.Ұя су бетінде жел қалай соқса ,солай қарай жүзеді. Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады.

  3. Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?

ҮІІ. Қорытындылау

  1. Сабақта не түсіндім?

  2. Сабақтың ерекшелігі неде?

  3. Маған қиын болған тұстар

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма Реферат жазып келу. «Архимед заңы»,есеп№5,6



© 2010-2022