Қысқа мерзімді жоспар: Табиғат және адам. Физика - табиғат туралы ғылым (7-сынып)

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімнің

аты-жөні

Нургалиева БибигульСейтжапаровна

Көксу ауданы № 12 орта мектеп КММ

Сабақ №1

сыныбы 7 «а»

Күні: 0 4.09. 2015 ж

Сабақ атауы

Табиғат және адам. Физика - табиғат туралы ғылым.

Сілтеме

Білім стандарты, пән бағдарламасы,оқулық, тапсырмалар жинағы , электронды оқулық

Жалпы мақсаты

1.Физика ұғымын, физикалық терминдар мен ұғымдарды түсіндіру.

2.Пәнге қызығушылығын арттыру

3.Өмірдегі өзгерістерге ойлы көзқараспен қарауға, пайымдауға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

Физика ұғымын біледі оның техникамен байланысын түсінеді

Табиғат құбылысын түсіндіреді, физик ғалымдардың еңбегін айтады

Физика ғылымын басқа ғылымдардан ажыратады

Ғылыми төңкеріс ғасырдың болуын бағалайды

Негізгі идеялар

Физиканың мақсаты -табиғаттағы болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.

Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы физикалық теориялар жасалады.

Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдар физикалық ұғымдар деп аталады.

Кеңістікте белгілі бір пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені дене деп атайды.

Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады.

Физика мен техникаға байланысты жетістіктер:

Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты.

ХХ ғасырда адамзат физика мен техникаға жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді.

Лазердің дүниеге келуі.

Кибернетика мен электрондық есептеуіш техникасының дамуы.


Тапсырмалар

Деңгейлік тапсырма ;Топтық жұмыс ;Жеке жұмыс «Блум таксономиясы

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары


Уақыты

Мұғаліміс-әрекеті

Оқушыіс-әрекеті

2 минут

І.Ұйымдастыру

Оқушыларды техника, құбылыс, материя сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді топқа бөліп орналастыру түстер бойынша бөлу

Оқушылар сөздер арқылы топтасады топ басшысын сайлайды

5 минут

ІІ. Физика курсы жайлы шолу жасау


Сұраққа жауап береді

24 минут


ІІІ. Жаңа сабақ

І.Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

Физика қандай пән деп ойлайсыңдар?

Физиканың мақсаты неде?

«Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

ІІ. Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды түсіндіреді, бағалайды

10 минут

V.Дамыту кезеңі

-жаттығу (1,2).
есептің шығарылу жолы талқыланады тақтады шығарылу жолы жазылады

І. Есепті әр топ шығарады тақтады түсіндіреді



VІ.Қортындылау

. Жеке жұмыс «тест жұмысын орындау» (10 минут)

. Аспан денесін көрсет:

Тікұшақ

Ағаш

Комета

Ауа

Қайсысы физикалық дене?

Автомобиль

Ауа

Килограмм

Қайнау

3 . Қайсысы зат болып табылады?

Ай

Жарық

Мыс

Грамм

4 . Дыбыс құбылысына сәйкес құбылысты тап?

Шардың қозғалысы

Қоңыраудың сыңғыры

Таңның атуы

Қардың еруі

«Физика» атауы нені білдіреді?

A. Табиғат B. Адам C. Қоғам және техника D. Космос

E. Жануарлар мен өсімдіктер

6 . Тұңғыш қазақ ғарышкері-

A. Т. Мұсабаев B. Т. Әубәкіров C. Ю. Гагарин D. Н. Басов

7 . Астрономияның негізгі құралын атаңыз?

A. Микроскоп B. Телескоп C. Лупа D. Бинокль

8. Материя дегеніміз -

A. Тастар B. Ағаштар C. Өсімдіктер D. Табиғаттағы кез-келген зат

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

Сұраққа жауап береді

2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

3 мин

VI.Бағалау

Рефлексия не үйрендім, не қиын болды, сұрақ


Әр топ басшысы топ ішіндегі мүшелерін жасаған жұмысына орай бағалайды

Сабаққа кері әсер айтады


1 мин

VIІ. Үйге тапсырма

§1 -сұраққа жауап; «табиғат құбылыстарының өзгерісі» тақырыбына эссе жазып келу



© 2010-2022