Физикадан Ом заңы тақырыбына ашық сабақ

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназия

Физикадан Ом заңы тақырыбына ашық сабақ


Ашық сабақ

Тақырыбы: « Тізбек бөлігі үшін Ом заңы»



Физикадан Ом заңы тақырыбына ашық сабақ










Өткізген: физика пәнінің мұғалімі:Құлманова Ғ








2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: §38.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Сабақтың білімділік мақсаты: Электр тізбегіндегі кернеу мен кедергінің және ток күштерінің тәуелділігін анықтау.

Дамытушылық мақсаты: Эксперимент пен теорияның сәйкестігіне көз жеткізу. Ой - өрісін, қиялдарын, еркін сөйлеуін дамытып, формулаларды түрлендіре білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың формуланы есте сақтауына және пәнге деген қызығушылын арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кодаскоп, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар, интерактивтік тақта

Құрал-жабдықтар: Амперметр, вольтметр, ток көзі В-24, кілт, резисторлар,шам, қосқыш сымдар, Омның суреті

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. «Қызығушылығын ояту» Оқушыларға қайталау сұрақтарын қойдым.

Сабақ міндеттері.

  • кедергі тұрақты болған жағдайда өткізгіштің ұштарындағы кернеудің ток күшіне тура пророционал болатынына көз жеткізу

  • Егер кернеу тұрақты болса, онда өткізгіштегі ток күші кедергіге кері пророрционал болатынын дәлелдеу;

  • Тізбек бөлігі үшін Ом заңын білу;

  • Демонстрациалық тәжірибені бақылау арқылы одан қорытынды шығара білуі қажет

  • Ом заңын қолданып есеп шығара білу;

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасы Миға шабуыл (қызығушылығын ояту)

ІІІ. Абайдың қара сөздері: тәрбиелік ой қозғау

ІV Жаңа сабақ.

V.Жаңа сабақты бекіту.Есеп шығару

VІ..Сергіту

VII. Қорытынды .

VIII.Үй тапсырмасын беру.

IX.Оқушыларды бағалау

ІІ. Үй тапсырмасы.Қызығушылығын ояту. Миға шабуыл

1.Кернеу дегеніміз не?

2.Кернеуді өлшейтін құрал не деп аталады?

3.Кернеуді өлшейтін құрал - Вольтметрді тізбекке

қалай жалғайды?

4. Ток күші дегеніміз не?

5. Ток күшін өлшейтін құрал не деп аталады?

6. Амперметрді тізбекке қалай жалғайды?

7. Электр қозғаушы күш дегеніміз не?

8. Шартты белгілерді атаңдар?

Физикадан Ом заңы тақырыбына ашық сабақ

ІІІ. Абайдың қара сөздері: тәрбиелік ой қозғау

СЕГІЗІНШІ СӨЗ
Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?

ОН БЕСІНШІ СӨЗ
Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім

Отыз екінші сөз

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек.

ІV. Жаңа сабақ .

Біз өткен сабақтарымызда ток күші мен кернеуді жеке- жеке қарастырдық. Енді бүгінгі сабағымыздың мақсаты ток күші мен кернеу және кедергілердің арасындағы өзара байланыстарды анықтап, Ом заңымен танысу.

Жаңа сабақ тақырыбы: " Тізбек бөлігі үшін Ом заңы ".

Ом, Георг Симон (1787 ж. 16 наурыз, Эрлангем - 1854 ж. 7 шiлде, Мюнхен) - немiс физигi. 1805-1806 жылдары Эрланген университетiнде оқыды. Әр түрлi гимназияларда математика мен физикадан сабақ бердi

Эрланген университетiнде докторлық диссертациясын қорғады. Бамбергте, Кельнде, Берлинде сабақ берумен айналысты. Нюрнбергтегi Политехникалық мектептiң, Мюнхен университетiнiң профессоры болды.

1826 ж. эксперименттер арқылы ток күшiн, кернеу және кедергiнiң бiр-бiрiмен байланысын өрнектейтiн электр тiзбегiнiң негiзгi заңын ашты. Математикалық түрде Ом заңы V=I*R қарапайым формуламен өрнектеледi.

Кернеу - зарядтарды қозғалысқа келтіретін негізгі себеп. Тізбектің ұштарындағы кернеу жоғары болған сайын тізбектегі зарядтардың бағытты қозғалысын тудыратын әсер күші де соғұрлым үлкен болып, ток күші артады. Кедергі - зарядтардың қозғалысын тежейтін фактор. Кедергі неғұрлым жоғары болған сайын зарядттардың қозғалысы тежелетіндіктен ток күші солғүрлым төмен болады. Ток күші, кернеу және кедергі арасындағы байланыстарды зерттеу үшін неміс физигі Ом (1787 - 1854 жж) көптеген тәжірибелердің нәтижесінде 1827 жылы тізбектің бөлігіндегі ток күші осы тізбектің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, тізбектің кедергісіне кері пропорционал болатындығын атап көрсетті. Міне бұл тізбектің бөлігі үшін Ом заңы деп аталады.R - const. I ~U тура пророрционал Физикадан Ом заңы тақырыбына ашық сабақ

Экранда тәжірибе көрсетіледі.

Бұл графикті: Вольт- Амперлік сипаттама деп атайды

I, А


U, Вт


Физикадан Ом заңы тақырыбына ашық сабақ

Осы екі қорытындыдан формула құрастырайық:

Физикадан Ом заңы тақырыбына ашық сабақ

Ом заңының тұжырымдамасы; " Тізбектің бөлігіндегі ток күші - осы бөліктің ұштарындағы кернеугу тура пророционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады".

ОФизикадан Ом заңы тақырыбына ашық сабақм заңын қолданып есеп шығарған кезде белгісіз шаманы қалай анықтаймыз.U=I*R R=U/I Кедергі бірлігі: R= 1В/1А= 1 Ом



V. Бекіту Есеп шығару

  1. Өткізгіштен 0,40 А ток өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8,0 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?

Жауабы: R=20 Ом

  1. Электр бұрғы орамының кедергісі 20 Ом. Егер электрбұрғы 19 А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс?

Жауабы: U=380 В

  1. Құлсары мұнай мұнарасын қосалқы станциямен қосатын электр сымындағы кернеу 380 В болғанда, одан 12 А ток күші өтсе, онда сымдағы кедергінің қандай болатынын есептеңдер.

Жауабы: R=31,6 Ом

VІ..Сергіту. (Сиқырлы ұяшық)

Мына тапсырмалар бойынша жарысады.

  1. Физикалық формулалар

  2. Физикалық шамалар

  3. Физикалық өлшем бірліктер

VІІ. Қорытынды. (Жұмбақ)

1. Ток бар жерде біреу бар, өлшемі вольт, киловольт,
Ұмытып кетпе тағы бар, гектоват және мегават (Кернеу)
2. Пайдаланады мен жұрт отын және жарыққа,
Қызмет етемін әрқашан, түсіне білген халыққа. (Электр тогы)
3. Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп - кішкентай, күн көзін. (шам)

VІІІ. Үй тапсырмасы:

Үйге тапсырма: § 38, 18жаттығу (6,7).

IX Оқушыларды бағалау.

© 2010-2022