Қысқа мерзімді жоспар Тербеліс

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Күні: 10.12.2015ж

Сыныбы: 9

Пәні:физика

Сабақтың аты

§ Механикалық тербелістер.Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Тербелмелі қозғалыс, тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар туралы түсінігін қалыптастыру.

Дамытушылық: жеке тұлғаның танымдылық белсенділігін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру, білімділікке, шапшаң ойлауға, ойларын қорыта білуге үйрету.

Тәрбиелілік: өзіне сын көзімен қарай білуге, өзін-өзі бағалай білуге, ұжымдық жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

1.Механикалық тербелістер.Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар жайлы мағлұмат алады

2.Механикалық тербелістер.Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамаларды күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

3.Бірін-бірі бағалай алатын болады

Сілтеме

Оқулық, қосымша әдістемелік құралдар, т.б

Сабақта қолданылатын материалдар

Оқулық,смайликтер, семантикалық карта, кесте, тірек сызба.

Оқыту әдістері

  1. Жеке жұмыс.

  2. Жұптық жұмыс.

Мұғалімнің іс-әрекеті.

Оқушының іс-әрекеті.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

3 минут

1.Сәлемдесу, оқушы көңіл-күйін бағыттау, сабаққа деген ынтасын ояту;

2. Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру;

3. Оқушылар үш топқа бөлінеді

4. Ұйымдастыру бөлімінде интерактивті тақтамен сабақ жоспарын түсіндіру.

Оқушылар орындарынан тұрады

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

І саты «Білемін»

10 минут

Тест жұмысы.

1.Грек тілінде impulsus-қандай мағына береді?

А)күш Ә)соққы Б)жылдамдық В)үйкеліс

2. Дене массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне

тең болатын физикалық шама.... деп аталады?

А) уақыт Ә)күш импульсі Б)дене импульсі В)соққы

3. Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі ..... деп аталады

А) уақыт Ә)күш импульсі Б)дене импульсі В)соққы

4.Күш импульсі анықтайтын өрнек қайсы?

А) Ә) Б) В)

5. Дене импульсінің формуласы

А) Ә) Б) В)

6. Қозғалыстағы дененің энергиясы

А) потенциалдық энергия Ә)ішкі энергия

Б)кинетикалық энергия В)жылу энергиясы

7.Денелердің өзара әрекеттесуінен немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия

А) ішкі энергия Ә) потенциалдық энергия

Б)кинетикалық энергия В)дене импульсі

8. Энергияның өлшем бірлігі.

А) джоуль (Дж) Ә) Ватт (Вт) Б) Ньютон (Н) В) Н*с

9. Жердің ең алғашқы жасанды серігі ----------- жылы ұшырылды.

А) 1957 Ә) 1961 Б)1991 В) 2015

10. Е= mgh --------- энергия формуласы.

А) Кинеткалық энергия Ә) Потенциалдық энергия

Б) Толық механикалық энергия В) Ішкі энергия

Оқушылар тестке жауап береді

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

ІІ саты «Білгім келеді»

5 минут

Механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.

Мысалдар:

F=-kx (Гук заңы)

Ығысуға пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер гармоникалық тербелістер деп атайды.

Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт арадығы тербеліс периоды дер аталады.

Бірлік уақыт ішінде жасалатын тербелістер саны тербеліс жиілігі дер аталады.

Тербелістер амплитудасы деп дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады.

Қысқа мерзімді жоспар Тербеліс

Оқушылар орнында отырады

ІV. Жаңа сабақты пысықтау

ІІІ саты «Білемін»

10 минут

1.Семантикалық картамен жұмыс

2. Постер қорғау

Оқушылар орнында тапсырма орындайды

V. Жаңа сабақты қорытындылау.

10 минут

Оқулықпен жұмыс, есептер шығару.

№1. Материалдық нүкте 1 минутта

300 тербеліс жасайды. Тербеліс

периоды мен жиілігін табыңдар.

№2. Егер тербелістерінің жиілігі

220 Гц болса,онда дене 4 с

уақытта неше тербеліс

жасайды ?

21 -жаттығу №4

Торғай қанатының тербеліс жиілігі 10Гц, шыбындікі 300Гц, масанікі 450Гц. Олардың қанаттары 1 минутта қанша тербеліс жасайтынын есептеңдер.

VІ. Сергіту сәті

3 минут

Дұрыс жолын тап:

белгіленуі өлшем бірлігі физикалық атауы

А Гц тербеліс жиілігі

Т м амплитуда

c тербеліс периоды

n Дж күш импульсі

Ғ Н тербеліс саны

Еn Н*с кинетикалық энергия

m м/с потенциалдық энергия

Ек Дж күш

Р кг масса

Р кг*м/с дене импульсі

Оқушылар сергіп алады.

VІІ. Рефлексия.

2 минут

Стикер арқылы сабақты бағалау.

Тақтаға ілу.

VІІІ. Үйге тапсырма.

1 минут

24. Тербелмелі қозғалыс.

25.Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар.

21-жаттығу. Тербелмелі қозғалыстарға мысалдар ойластырып келу.

Тапсырмаларды мұқият тыңдап, түртіп алу.

ІХ. Бағалау.

1 минут

Бағалау бетшесін жинау.

Сабақ барысында алған баллдарын қорытып, бағалау.

Сабақта алған бағаларын күнделіктеріне қойдыру.


© 2010-2022