• Преподавателю
  • Физика
  • Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері тақырыбындағы сабақтың презентациясы

Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері тақырыбындағы сабақтың презентациясы

Атом ядросы физикасы  бойынша 11 сыныпта  «Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері» тақырыбындағы сабақтың жоспары мен презентациясы. Атом ядросы физикасын қайталау, ядроның байланыс энергиясы мен меншікті байланыс энергиясын анықтауға есептер шығару; радиоактивті  сәулелердің биологиялық әсері мен радиациядан қорғану мәселелері қарастырылған. Сабаққа оқушылар белсенді қатысып, өздерінің көзқарастарын нақты ғылыми фактілермен дәлелдеп көрсете білді.  Сабақтың соңында осы тақырыпта кинофрагмен...
Раздел Физика
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ №

11-сынып

05.02.2014

Физика

Үсенбаева К.Қ.

Сабақтың тақырыбы:

Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері.

Мақсаты:

Атом ядросы физикасын қайталау, ядроның байланыс энергиясы мен меншікті байланыс энергиясын анықтауға есептер шығару; РА сәулелердің биологиялық әсері мен радиациядан қорғану мәселелерін қарастыру.

Оқудың негізгі міндеттері:

Оқушылардың ғылыми дүниетанымын, матеиалистік - диалектикалық көзқарасын дамыту.

Оқудан күтілетін нәтиже

Оқушылар атом ядросы физикасы бойынша білім мен біліктілігін арттырады; радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері және одан қорғану жолдары туралы білім алады.

Оқытуда қолданылатын модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау, СТО, АКТ пайдалану, дарынды балаларды оқыту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

«Айналмалы бекеттер», деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс.

Оқытудың ресурстары:

тапсырмалар жазылған үлестірмелер, стикерлер, топтарды бағалау кестесі, электронды оқулық, кинофрагмент.

Сабаққа кіріспе (1мин)

сәлемдесу, сынып тазалығына мән беру, оқушыларды түгелдеу

Топқа бөлу (2 мин)

Топқа бөлу (А.Беккерель, М. Складовская - Кюри, Э. Резерфорд)

Психологиялық дайындық, Мотивациясын ояту (3 мин)

Топқа бөлуде алынған ғалымдар туралы мәліметтер беру. Мақсаты: оқушыларды зеректікке, шапшаңдыққа тәрбилеу.

Білімдерін актуализациялау (14 мин)

  1. «Айналмалы бекеттер» әдісі арқылы өткен материалдарды қайталау.

  2. Топтарға тапсырмалар беру (деңгейлік тапсырмалар - әр топқа үш есептен). .

Сергіту сәті (2 мин)


Тапсырма (14 мин)

РА сәулелердің биологиялық әсері

Әр топ өздерінің тақырып бойынша көзқарасын, білімі мен біліктілігін көрсететін постер дайындайды. Соңынан әр топтың спикері шығып қорғайды.

Қорытынды бөлім (4 мин)

Кинофрагмент «Как радиация влияет на человека»

Рефлексия (3мин)

Екі жұлдыз, бір тілік.

Бағалау (2мин)

Топтар әр тапсырма сайын бір -бірін бағалайды.

Топ басшысы өз топ мүшелерін белсенділігіне, іс-әрекетіне қарай бағалайды

Үйге тапсырма

«Атом ядросы физикасы» тарауын қайталау.



№1

84216Ро ядросы тізбектей жүрген екі α-ыдыраудан кейін пайда болды. Полоний қандай ядродан түзілген?

№2

47Ве бериллий ядросын жеке нуклондарға ыдырату үшін қанша жұмыс жасау керек? Мя (47Ве) = 7,01693 м.а.б

№3

Ядролық реакцияның энергиясын есептеңдер: 24Не + 37Li → 510B + 01n . Мя (24Не) = 4,0026 м.а.б., Мя (37Li) = 7,01601 м.а.б., Мя (510B) = 10,01294 м.а.б.

№1

Алтынның 79196Au радиоактивті изотопы электрондық, сондай - ақ позитрондық ыдырауға ұшырай алады. Сәйкес реакцияларды жазыңдар.

№2

1327Al ядросының меншікті байланыс энергиясын анықтаңдар. Мя (1327Аl) = 26.98146 м.а.б

№3

715N + 11H → 612C + 24 He ядролық реакцияның энергетикалық шығуын анықтаңдар. Мя (24Не) = 4,0026 м.а.б., Мя (715N) = 15.00011 м.а.б., Мя (612C) = 12 м.а.б., Мя (11Н) = 1.00783 м.а.б

№1

Торий элементі төрт .α-ыдырау екі β-ыдырауға ұшырағаннан кейін қанадй химиялық элемент түзіледі?

№2

510В ядросының меншікті байланыс энергиясын анықтаңдар. Мя (510В) = 10,01294 м.а.б

№3

714N + 24 He → 817О + 11H ядролық реакцияның энергетикалық шығуын анықтаңдар. Мя (24Не) = 4,0026 м.а.б., Мя (714N) = 14,00307 м.а.б., Мя (817C) = 16,99913 м.а.б., Мя (11Н) = 1.00783 м.а.б

Бағалау критерийі

Критерий

Ұпай

Жалпы ұпайы

1

Ядроның ыдырауын дұрыс жазу

1

1

2

  1. Есептің шартының дұрыс жазылуы;

  2. Керекті формулаларды жазу;

  3. Математикалық есептеулердің дұрыс орындалуы.

1

1

1

3

3

1. Ядролық реакцияны жазу;

2. Есептің шартын дұрыс жазу;

3. Керекті формулаларды жазу;

4. математикалық есептеулердің дұрыс орындалуы.

1

1

1

1

4

8

7 - 8 ұпай «5»

6 - 7 ұпай «4»

4 - 5 ұпай «3»



© 2010-2022