- Преподавателю
- Физика
- 9 сынып Күш. Ньютонның екінші заңы
9 сынып Күш. Ньютонның екінші заңы
Раздел | Физика |
Класс | 9 класс |
Тип | Презентации |
Автор | Каражанова Н.И. |
Дата | 09.12.2015 |
Формат | doc |
Изображения | Нет |
9 сынып ____________________
Сабақтың тақырыбы: Күш Ньютонның екінші заңы. Масса.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Ньютонның екінші заңымен таныстырып, масса жайлы түсінік қалыптастыру.
-
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
-
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Ньютонның екінші заңымен танысамыз.
-
Күш нені сипаттайды?
-
Күш неліктен векторлық шама болып саналады?
-
Денеге түсірілген күш үдеу туғызатынын көрсететін тәжірибені сипаттаңдар.
-
Күш пен үдеудің арасында қандай байланыс бар?
-
Күштің қандай түрлерін білесіңдер?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
1. Денелердің инерттілік қасиетінің мәні.
2 Дененің массасы.
3. Ньютонның екінші заңы, оның формуласы.
4. SI жүйесіндегі күш бірлігі.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§12 дайындық сұрақтарын талдау.
-
Денелердің инерттілік қасиетінің мәні неде?
-
Дененің массасы дегеніміз не?
-
Ньютонның екінші заңы қалай тұжырымдалады?
-
Әртүрлі денелердің инерттілігі бірдей ме?
-
Бірнеше күш әрекет еткенде дененің үдеуін қалай табуға болады?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
№1К.
-
Санақ жүйесі теміржол тіркемесімен байланысқан. Ол қандай жағдайда инерциялық болады: а)пойыз станциада тұр; ә) пойыз станциядан жүріп кетті; б) пойывз станцияға жақындады; в) пойыз жолдың түзусызықты бөлігінде бірқалыпты қозғалады.
-
Бала таудан сырғанап келеді. Мына төмендегі қайсы денелердің әрекеттері теңгеріледі: а) жер мен қардың әсері; ә) жер, қар және ауаның әсері; б) денелердің әсерлері теңгерілмейді.
9-жаттығу
-
Бір денеге 8 Н және 6Н болатын екі күш әрекет етеді. Күштер бағыттарының арасындағы бұрыш 900. Осы екі күштің теңәрекетті күші неге тең?
-
Дене үш күштің әрекетінен тепе-теңдік қалпын сақтап тұр. 6 Н-ға тең бір күш шығысқа, 3 Н-ға тең екінші күш солтүстік шығысқа қарай 600 бұрыш жасай әрекет етеді. Үшінші күштің модулі мен бағыты қандай?
10-жаттығу (1,2)
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §11, 12 , 10-жаттығу (3,4)