Cценарий на тему Сары шашты-Жарқын күз

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сары шашты- Жарқын күз

Мақсаты: Күз мезгілдері туралы түсінік беру.

Білімділік: Күз сыйын ұғындыра отырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Сахына мәдениетіне тәрбиелеу, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар кіреді.

Жүргізуші З.А: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырды халқын күз.

Бүгінгі берекелі де, ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.

Жүргізуші З.А: Балалар, күз баршамызға молшылық, ырыс, қуаныш әкелетін мезгіл. Күзіміз әрдайым берекелі, ырысты болсын!

Балалар, сендер де осы күздің молшылығына қуанышпен шаттана қабылдай біліңдер.

Ендеше, бәріміз бірге «Күз келеді» әнін орындайық.

Ән «Күз келгенде»

Нәби:

Күзім, күзім, күзім

Пісті алма, жүзім.

Тұрғандай бәрін күз беріп,

Кел ойнайық біз теріп.

Қамба толы астыққа,

Алғыс саған алтын күз.

Айша:

Жемісті мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен «күз» деген.

Марлен:

Біздің дала- бай дала,

Алтын астық айнала.

Астық дала сәулеті,

Астық Отан дәулеті.

Жібек:

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Жургізуші З.А: Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қалыңдар!

Жургізуші З.А:

- Ал, балалар, балалар.

Енді бері қараңдар,

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Таба алсаңлар шешімін,

Қонағымды дәл ортаға шақырам!

Жұмбақ:

Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын,

Қызыл қырман жайнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз мезгілі)

Жургізуші З.А: Дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен? (Балалардың жауабы) Өте жақсы. Ендеше үәде еткеніміздей ортаға қонағымыз Алтын күзді шақырайық!

Алтын күз А.И:

Сәлеметсіңдерме, балалар!

Мен Алтын күзбін!

Жайдары, жарқын жүзбін

Қонаққа келдім сендерге.

Сәбіз, картоп, тәтті алма!

Оған достым таң қалма!

Жапырақ та сиқырлы,

Ойын, ойнаймын мың түрлі!

Ойын: «Сиқырлы жапырақ». Ойын шарты: Балалар тез арада екіге бөлініп, жапырақтарды тез жинауы керек, қай жақ жылдам жинаса, сол жақ жеңіске жетеді. Ойын жалғасады.

Жургізуші З.А: Рахмет саған Алтын күз!

Алтын күз А.И: Балалар, күз айларын атап беріңдерші? (Қыркүйек, қазан, қараша). Жарайсыңдар! Балалар, сендер күз туралы мақал-мәтел білесіңдерме?

Мақал-мәтел:

Нұрлыбек:

Жылай-жылай егін ексең,

Күле-күле ас ішерсің.

Райан:

Еңбек етсең ерінбей,

Тойады қарның тіленбей.

Асемай:

Күз кереметін

Қыста білерсің!

Алтын күз А.И: Жарайсыңдар! Өнершіл өрендерім!

Мағжан:

Мейірлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ризамыз.

Аппақ арай таңыңда,

Шомыламыз нұрға біз.

Адия:

Жарып шыққан қауызын,

Нан өмірлік азығың.

Жегеніңде ақ нанды,

Нәрге толы ауызың.

Ерте тұрып, ақ таңнан.

Қара жерге нәр құйған.

Айналайын даңқыңнан,

Егін егіп, дән жиған.

А.Айару:

Өрік, алма, шие, алмұрт.

Жидек, жүзім піседі,

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз

Дүкендерге түседі.

Жақсылық:

Самал қозғап қалғанда,

Үзіледі сары алма.

Күз мезгілі келгенде,

Жиналады көп алма.

Ән: Кәусәр, Ш.Айару «Ертегілер»

Жургізуші З.А: Балалар, сендер көкөністерді, жемістерді, баптап өсіретін адамды білесеңдер ме? Оны кім деп атайды? Бүгінгі осы жемістерімізді, көкөністерімізді Бағбан ата өсіріпті. Ендеше «Кішкентай Бағбан» көрінісін тамашалайық.

Жургізуші З.А: Нұрлыбектің әкесі Бағбан. Нұрлыбек оған әрдайым көмектесіп жүреді. Қар кетіп, жер дегдігісімен әкесі мен баласы бақта құмырсқаша қыбырлап, еңбек етеді. Бір күні Жақсылық жүгіріп келіп.

Жақсылық: - Кеттік Нұрлыбек ойынға.

Нұрлыбек: - Менің жұмысым көп.

Жақсылық: - Жұмыс деген не тәйірі, әкең бәрін істейді ғой, ойнаған қызық емес пе?

Жургізуші З.А: Нұрлыбектің ойнағысы келіп кетседе, өзін-өзі болып жұмысын жалғастыра береді. Күз де келді. Бақта жеміс пен жидектің сан алуан түрі жетіліп пісті, Нұрлыбек өзі де қарық болды, досына да барынша сыйлады.

Жақсылық: - Бәрін түк қалдырмай жеп қойамыз!

Нұрлыбек: - Қалада, Бағбан «кім ерінбей еңбек етсе» жер соны қарық қылады.

Алтын күз А.И: Бәрекелді, кермет!

Жургізуші З.А: Күзде өздері пісетін, тамаққа келіп түсетін, мақтанбақшы сендерге, көкөністер сан түрлі!

Пияз-Асемай:

Атым пияз бұқпаймын,

Асханадан шықпаймын.

Көздің жасын ағызып,

Тұмаудан бірақ сақтаймын!

Қызанақ-Ажар:

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып,

Тұрған ол мен қызанақ,

Күнге қарап ұялып!

Қияр-Ханифа:

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне!

Картоп-Руфат:

Картоп біздің атамыз,

Жер астында жатамыз.

Бір тамырдан таралған,

Ағайынбыз бәріміз!

Асқабақ- Дильмурат:

Өсем бақша-бауында,

Қатты ұқсаймын қауынға.

Жемек болып шикідей,

Күлкі болма қауымға!

Сәбіз-Е.Айару:

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпын,

Сәбізбін, мен жазықсыз!

Алтын күз А.И: Бәрекелді, тамаша!

Жургізуші З.А: Алтын күз, біздің балалар көкөністерді, жемістерді ажырата алады. Енді олардың дәмін ажыратып көрсін.

Ойын шарты: Ортаға дайын пісірілген көкөністер қойылады, көзі байлаулы екі бала ортаға шығып, көкөністердің дәмін ажыратады. Қандай көкөніс екенін айтады.

Мақсаты: Дәм сезу арқылы көкөністердің дәмін ажыратуды үйрету.

Жургізуші З.А: Ендеше тамашалайық! (Ойын «Дәмін ажырат»)

Жургізуші З.А: Жарайсыңдар балалар! Көрдіңіз бе біздің балалар қандай епті, жылдам.

Мария:

Әсем кештің ажары,

Әсем бисіз бола ма.

Кіп-кішкентай бишілер

Мың бұрала билейді.

Би: Қыздар тобы «Хафа-Нана»

Кәусәр:

Өрік, шие, балы бар,

Қарбыз, қауын көбейді.

Жегің келсе бәрін ал,

Неге аласың демейді.

Ш.Айару:

Ағаштардан жамырап,

Ұшты шейіт жапырақ.

Ой, алақай тамаша,

Шашу шаты жапырақ.

Ильхам:

Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін,

Біздің дала - бай дала.

Алтын астық айнала.

Райан:

Берекесін сыйлауға,

Ортамызға күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Владислав:

Жапырақ ұщты,

Суықта түсті,

Сонда да бізге

Қызық көп күзде.

Алтын күз А.И: Өте жақсы, шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер!

Жургізуші З.А: Алтын күз, біздің қыздарымыздың аналары тіккен, күздік киім үлгілерін көрсетпекші, солай ғой қыздар?

Ендеше «Алтын-күз 2015» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

(Ортаға: қағаздан, газеттен тігілген киім үлгілерін көрсетеді)

Алтын күз А.И: Қандай керемет! Қандай әдемі! Балалар менің басқа да бүлдіршіндерге баратын уақытым болыпты, мен енді кетейін, сай болыңдар!

Жургізуші З.А: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше, аманшылық болсын! Күз берекелі, астық мол болсын. Сау болыңыз «Алтын күз».







© 2010-2022