1 сынып Ү дыбысысабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 1 «Б»

Күні:

Тақырыбы: «Ү» дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

1. Оқушыларды Ү дыбысы мен әрпімен таныстыру, аталған дыбысқа

байланысты сөз, сөйлемдер, мәтін оқыту, сөздік қорын байыту.

2. Ойын арқылы ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.

3. Шыдамдылыққа, ұқыпшылдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, кеспк әріптер, сөздер, схема.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Әр топ оқушылары қолдарынан ұстасып тұрып бір-бірімен сәлемдеседі.

Мұғалім; Қанеки балалар мына өлең жолдарын бірге қайталайық

Армысың шапағатты күніміз (балалар күнге қарайды)

Армысың мейірімді жеріміз, (қолдарын жерге жақындатады)

Армысың табиғат-анамыз, (Бастарын иеді)

Келді сізге өзіңіздің балаңыз (Өздерін көрсетеді.

ІІ Үй тапсырма тексеру, өткенді қайталау:

1. Мұғалім өтілген әріптердің бірін көрсетеді.

І топ сол әріппен басталған бір сөз айтады.

ІІ топ сол сөзге сөйлем құрайды.

ІІІ топ сөзге дыбыстық талдау жасайды.

Қай топ жылдам ойыны.

Топтарға парақ таратылады. Топ оқушылары бірлесіп орындайды.

І топ «г» әрпінен басталған

ІІ топ «б» әрпінен басталған

ІІІ топ «ұ» әрпінен басталған сөздер жазады.

1 минут уақыт беріледі. Әр топ жазған сөздерін тақтаға іліп оқиды. Қай топ көп сөз жазғаны анықталады.

Жаңа сабақ:

Сурет бойынша оқушылармен шағын әңгіме өткізу.

Үтік сөзіне дыбыстық талдау жасап Ү әрпін бөліп алып Ү дыбысының әрпін баспаша жазбаша түрде таныстыру. Ү дауысты дыбыс екені айтылады.

Оқулықпен жұмыс.

Түлкі, үкі, жүгері, гүл, үтік сөздерін оқытып сөйлемдер құрату, дыбыстық талдау жасау.Ү дыбысы сөздің қай буынында естіліп тұр. (Бірінші буында)

- Мұғалім «Ормандағы аңдар» мәтінді оқып берді.

- Оқушылар өз бетімен оқиды.

- Әр топтан бірнеше бала оқиды.

Сергіту сәті:

Өлең жолдарын қимылмен орындайды.

Көжектерім тұршы,

Қолыңды жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Бойыңды жазшы,

Айналаңа қарашы.

Аяғыңды басшы,

Орыныңды тапшы.

Дәптермен жұмыс:

Ү әрпінің кішкенесінің және бас әрпінің жазылу емлесін түсіндіру. Ауада жазу У әрпімен сәйкестігін ескерту.

- Дәптерлеріне ү әрпінің кішісін үн, ұн, жүгері сөздерін жазады, дыбыстық талдау жасайды.

Топпен жұмыс.

І топ жоғалған әріпті табу тапсырма береді.

Та...а а...шы ...арыс т.с.с

ІІ топ Берілген буындарды сызық арқылы қосып сөз құрастыру.

үй кі рек быз ба

жүз ім

түл рек кү қа қар

ІІІ топ «Сәйкес сөзді тап» логикалық ойын.

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Қорытындылау:

Тақтадан Ұ-Ү әріптерін салыстыруға берілген сөздерді оқиды, сөйлемдер құрайды.

- Мазмұнды суретке әңгіме құрастырады. Әр топ өз ойларын ортаға салады. Суретке құраған әңгімелеріне тақырып береді.

- Балалар, бүгін тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар, барлықтарың сабаққа жақсы қатынастыңдар.

- Сонымен бүгінгі сабағымыз аяқталды

- Сау болыңдар







Пән: Қазақ тілі

Сынып: 1 «Б»

Күні:

Тақырыбы: «Ұ» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:
а\Білімділік: Оқушыларды Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру.
ә\Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын және ойлау қабілеттерін арттыру.
б\Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Ұ әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.
Сабақтың әдісі - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер, буындар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушыларды алдын ала топқа бөліп алу.
Топтардың аты: қызғалдақ, бәйшешек, раушангүл.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық:
Сәлем деймін күнге мен,
Сәлем деймін мен саған.
Сәлем деймін апайға,
Қонақтарға мың сәлем.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
- Қане, балалар біз өткен сабақты қандай дыбыспен таныстық: \Ж ж дыбысымен\
- Дұрыс айтасыңдар!
- Қане, өткен сабақты қаншалықты меңгергендеріңді білейік.
1.«Ең, алғыр топ!» деп аталатын ойынымызда әр топқа тапсырма беремін. Бұл тапсырманы дұрыс әрі ұқыпты етіп орындасақ, әдемі бір гүлдің бейнесін құрап шығасыңдар. Гүлдің әр күлтешесінің астында Ж дыбысына байланысты суреттер берілген, сол суреттердің астындағы ұяшықтарға әр суреттің атауын атап, буынға бөліп күлтешені өз орнына орналастырасыңдар. Егер де, сендер берілген тапсырманы дұрыс, әрі қатесіз орындасаңдар гүлдің бейнесін құрайсыңдар.
- Жарайсыңдар, балалар!
ІІІ. Жаңа сабақ:
- Қане, балалар сендер мына затты бұрын көріп пе едіңдер?
- Бұл ұршық деген зат. Ұршықпен жіп иіреді. Жіпті малдың жүнінен жасайды. Ал, жүнді малды қырқу арқылы алады. Малдың жүнін қырықтық деген құралмен қырқады. Ертеде фабрикалар болмағанда, жіп жасауға тек осы ұршық затын қолданған.
- Қане, балалар «Ұршық» сөзін қайталап, буынға бөлейікші. Ұр - шық.
Ал, балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ұұ дыбысы мен әрпі.»
- Олай болса, балалар, барлығымыз тақтаға қарап, электронды оқулықтан берілетін бейне сюжетке қарайық.\электронды оқулықтан берілген 5тапсырмасын орындау\
- Міне, балалар сендер Ұ дыбысы туралы тамаша бір бейне сюжетке куә болдыңдар. - Сонымен балалар, Ұ дыбысы қандай дыбыс екен? \дауысты дыбыс\
Ал, балалар бүгінгі сабақта Ұ дыбысына байланысты тапсырмаларды орындайық.
2.«Ең, жылдам топ!» ойыны. Бұл ойынның шарты әр топ берілген суреттерге қарай отырып, қима әріптер арқылы әр суреттің атауын астында берілген ұяшықтарға қатесіз, ұқыпты етіп орналастыру.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Қане, балалар сергіту сәтін орындайық:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалды сұр қоян.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Қос аяқтап секірді. \қимылмен\
Дәптермен жұмыс.
- Балаларға ең алдымен, Ұ дыбысын ауада жаздыру.
- Сауат ашу дәптерінде Ұ дыбысына берілген тапсырмаларды жазу.
ІV. Қорытынды. Сұрақ - жауап әдісімен:
- Қане, балалар бүгін қай дыбыспен таныстық?
- Ол дыбыс қалай айтылады?
- Ол дыбыс дауысты ма, дауыссыз ба?
- Олай болса балалар, сендердің бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендеріңді

«Тапқырлар тобы» деп аталатын ойын арқылы сабағымызды қорытындылайық.
Бұл ойынның шарты суретте берілген атаулардың түсіп қалған әріптерді тауып, жазу.
- Жарайсыңдар, балалар Ұұ дыбысын дұрыс тауып, жазып шықтыңдар.
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау.
- Әр топты әрбір тапсырманы орындау барысында стикер арқылы бағалап отырамын. Әрбір дұрыс жауапқа 1 стикер беріледі.
- Әр топ басшысын шығарып, жинаған ұпайларын санатып, жеңіске жеткен топты мадақтау арқылы бағалаймын.

© 2010-2022