Баяндама

Қазіргі кезеңде қазақ қызының тәрбиесіне көңіл бөлу, «Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы» екендігін саналы түсінген педагогикалық ұжым осы жұмыстың ауқымды болуына көңіл бөлуде. Осыған орай, оқу-тәрбиелеу мекемелерінің алғашқы сатысы – балалар бақшасынан бастап қыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып,тәрбиелеу – оқыту үрдісін жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде аса іждаһаттықпен көңіл бөлінуі тиіс.
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ертөстік»ясли-бақшасының меңгерушісі Дурбаева Салет КазырбековнаБаяндама






Мектепке дейінгі жастағы бүлдіршін қыз баланы тәрбиелеудің

ұлттық негіздері


Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды»,-деп ерекше атап өтіп, «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизімді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады»-деді.

Осы орайда, оқу-тәрбие мекемелерінде, заманауи талаптарға сай, жаңа технологияларды қолдана отырып ұлттық тәрбиені енгізудің тиімді әдістерін қолдану бала тәрбиесінде нәтижелі жемісін беретінін әдістемелік жұмысынан байқалады.

Қазіргі кезеңде қазақ қызының тәрбиесіне көңіл бөлу, «Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы» екендігін саналы түсінген педагогикалық ұжым осы жұмыстың ауқымды болуына көңіл бөлуде.

Біздің ойымызша, былдыр тіліне бүкіл әлемді бағындырып, бұл қылығымен барша қауымды ұйытқан, сүйікті де сүйкімді бүлдіршін қыз;

өсе келе, биікке бой түзеп, тереңнен ой қозғайтын, зиялылық пен инабаттылыққа, білгірлік пен қарапайымдылыққа, мейірімділікке қол созған жеткіншек- жауқазын оқушы;

әлемдегі әсемдік атаулының, адалдық пен пәктіктің өзегі, ізгілік пен жақсылықтың жаршысы, айналасына бірде жасқана, бірде асқақтай қарайтын жарқын жүзді аруларымыздың тәрбиесі ата-ана, қоғам, оқу-тәрбие мекемесі бірге көтергенде ғана мүмкін болмақ.

Қыз бала бесігінде тербелген болашақтың бастауы, көңілдің нұры, ізгіліктің жаршысы, ең алдымен ата-ана, ауыл-аймағы, бүкіл елінің қуанышы.

Қазақ халқы «Ана көрген тон пішер», «Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей», «Қыз жарқылдап ас бермес, ана үлгісін көрмесе», «Баланы - жастан», «Қызға қырық үйден тыйым», «Қыз - жағадағы құндыз» деген ұлағатқа толы тәлімдік мақал-мәтелдерін қыз бала тәрбиелеу жолында бұлтартпас қағида ретінде ұстанған. Қыз баланың әрдайым сын үстінде жүретіндігі, оған қойылар талап-тілектің әлдеқайда күрделілігі, жүктелер жауапкершіліктің қиындығы ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келгені ақиқат. Алайда, бүгінгі тәуелсіз еліміздің қыздары «мен бәріне еріктімін, еркінмін» десе, орны толмас өкінішке ұрынарымыз да шындық. Бүгінгі таңның тағы бір ащы шындығы - ата-ана кішкентай қызын «еркелетемін» деп еркіне қоя беріп, «ардақтаймын» деп артық қаржыландырып, «дәріптеймін» деп дарақы қылықтарын, дөрекі мінездерін «жасы әлі кішкентай» деген желеумен жасырып, ізгілікті тәлім-тәрбие беру жолында бұралаң соқпаққа түскендерін өздері де сезбей қалады.

Осыған орай, оқу-тәрбиелеу мекемелерінің алғашқы сатысы - балалар бақшасынан бастап қыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, тәрбиелеу - оқыту үрдісін жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде аса іждаһаттықпен көңіл бөлінуі тиіс.

Дүние тек сұлулық пен сымбат талаптарына бағынған кезде адам өмірінің мазмұны да кеңейе түседі. Ұрпақ тәрбиесін, әсіресе, бесік тәрбиесіндегі негізгі бағытты мейірім мен шапағатқа, жан дүниесі, білімі, еңбексүйгіштік қасиеті, адамгершілік сапалары, дене бітімінің жетілуін әсемдік, әдемілік, әдептілік заңдарына бейімдеуді көздей отырып, балабақша ұжымы жас ұрпақтың құзіреттілігін дамытуды көркем эстетикалық тәрбие беруге негіздей отырып жүргізуді мақсаттанады.

Баланың жас ерекшелігіне сай дамыған, жан-жақты және көпсалалы тәрбие алуына барынша көмек көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау, ақыл-ой мәдениетін және біліктілікті арттыру негіздерін қалыптастыру, ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, ұлттық құнды сапаларын дамыту, сұлулыққа, сымбаттылыққа баулу мұратын көздейтін «Ертөстік» ясли-бақшасының негізгі басым мақсаттары оның барлық іс-әрекеттерінен көрініс тапқан: балалардың ойын алаңдарының көркем жабдықталуы, топ бөлмелерінің әсем көріністері, хореография, би, сурет, еңбек, дене шынықтыру сабақтарының жүргізілуі, педагог-мамандардың мәдени этиканың жоғарғы талаптарына сай әдістемелік-ұйымдастырушылық қызметтерін жүргізу - бәрі-бәрі осының кепілі.

Адамзат баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның тәрбиесі арқылы өлшенеді. Ал тәрбие негізі тал бесіктен, ананың ақ сүтінен, бал жырынан, ел болашағы- қыздардан басталары да хақ. Осыны ұстанған қазақ халқы қыз баласын «бесіктен белі шықпай жатып» кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді басты міндет етіп қойған. Отбасының, қоғамның тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген, қыздың көркіне ақыл-ойы мен мінезінің сай болуын қадағалаған. «Қыз қылығымен сүйкімді», «Қызды - жастан» деген мақал-мәтелдер үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз де балабақша қабырғасынан бастап қыз баланың бойында ізгілік қасиеттерді тәрбиелеу жолында «Бүлдіршін қыз» бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асырудамыз. Осылайша, балабақша қабырғасынан бастап қыз баланың бойында ізгілік қасиеттерді қалыптастыра отырып ертеңгі күнгі кемел ел анасын тәрбиелеу-басты біздің мақсатымыз.



© 2010-2022