Статья айналаң - аялы алтын бесігің мақала. docx

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Айналаң - аялы алтын бесігің

Табиғат , сен - тіршілік, тұнып тұрған,

Сен - күнсің, көтерілген күліп қырдан,

Сен - көлсің,

Сен - ормансың,

Сен - бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған

Садықбек Хангелдин

Адам мен табиғат ұғымы әрқашанда егіз. Табиғат адамзат баласының қорғаушысы, асыраушысы деуге болады. Ата-бабамыз «Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық» деп өсиет айтып келгені тегін емес.

Табиғатты қорғау - әр адамның міндеті. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілік адам бойында бала кезден қалыптасады. Табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті адам ғана табиғат алдындағы перзенттік парызын мүлтіксіз орындайды. Табиғат - біздің анамыз деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті, бір-бірімен мағыналық мазмұны бай сөздерді біз жиі естиміз. Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу - мен үшін үлкен мәртебе. Табиғат - адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана, бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өніп-өсер мекені. Табиғат - адамның бойына қуат, көңілге шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық.

Мен үшін табиғат дегеніміз - бұл бізге бағынбайтын, біздің өмірімізге тірек болып тұрған , адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп бойындағы махаббат мейірімімен, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан - Аяулы Ана.

Өкінішке орай, қазіргі таңда табиғатқа көңіл бөлінбей, жанашырлық танытылмай отырған жайы бар. Бүгінгі күн бүкіл адам баласын ойландырып отырған үлкен экологиялық мәселелер бар. Дүниежүзінде туындап

отырған ірі экологиялық зардаптарды айтпаған күннің өзінде, бір ғана өз елімізде шешуін таппай отырған экологиялық мәселелер ұшан-теңіз. Семей полигоны мен Арал теңізінің құрғап кету мәселесін былай қойғанда, күнделікті ауа мен судың ластануы, ормандардың отқа орануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі, тіпті, қоршаған ортаның көң-қоқысқа көмілуі - осының бәрі кезек күттірмейтін үлкен экологиялық мәселелер. Бұл мәселелердің адам өмірінде маңызы зор. Адам табиғатқа тәуелді әрі тығыз байланыста болғандықтан, аталған мәселелерді шешіп, өзі өмір сүріп отырған табиғат - үйіне қамқорлық жасауы тиіс.

Таза болса табиғат,

Аман болар адамзат, -

деп ақынымыз Фариза Оңғарсынова айтқандай, қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы- адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Яғни, адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей байланысты. Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді..
Табиғатты аялау - әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы. Табиғатты сүйе білген, оны аялы алақанымен аялай білген адамның ары да жаны да таза болады.
"Бабалар еккен шынарды балалары саялайды", "Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын" деген ұлағатты мол ұғымдарды ұмытпайық.
Жасыл бақтың бағалап қасиетін,
Наурыз келсе он ағаш өсіретін,
Бабалардың жыл сайын жалғастырып
Ұмытпайық өнеге - өсиетін ,- деп қорытындылағым келеді.

© 2010-2022