Әдептілік – әр адамның бет –бейнесі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Павлодар облысы, «Дарынды балаларға арналған №8 лицей - мектебі»

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Иглікова.Г.К

Қысқа мерзімді жоспарлауға рефлективті есеп

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік - әр адамның бет -бейнесі

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың іздене білуге, ауызекі сөйлеу білу қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық:«Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту.

Тәрбиелік:Әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.

Төртінші сабақтың рефлексивтік есебі

Мұғалімнің есебі

Тренердің ұсынысы

Сабақты сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатудан бастадым.Тақырыпқа шығу мақсатында «Аю мен Маша» мультфильмнен үзінді алдым. Бұл ұтымды болды,оқушыларға уәж туғызып, психологиялық ахуал қалыптасты. Менің көздеген мақсатым аюға мінездеме беру. Оқушылар тарапынан әр түрлі пікірлер айтылғанмен, бір түйінге келдік. Аю әрқашанда шыдамдылық пен әдептілік танытады. Осындай көңілді ахуалмен сабақтың тақырыбын аштық.Сабақтың тақырыбы «Әдептілік - әр адамның бет - бейнесі». Әр топқа тапсырмалар ұсынылды. Сұрақтар білімін анықтау үшін берілген. Бірінші топқа әдептілік дегеніміз не? Әдептілікке кім тәрбиелейді? сұрақтары бойынша тұжырымдама карта дайындау. Тұжырымдама карта - зерттеуге икемділігін дамытады, білім алушының танымдық белсендігін арттырады.Топтың бірлесіп жұмыс жасалғаны, тапсырманы түсінгені байқалды. Қорғауда топпен шығып, анықтамасын берді.

Әдептілік – әр адамның бет –бейнесі

Екінші топқа «Әдепті, әдепсіз баланы көрсету» тақырып төңірігінде көрініс дайындау. Бұл жерде оқушылар шығармашылық тұрғысынан жұмысты белсенділікпен, қызығушылыкпен орындап шықты. Осы жерде «РАФТ» әдісі тиімділігі қатысушылардың басқа адам кейпіне еніп, соның ішінде әрекет етуінен тұрды. Рөлдік ойындар оқушылардың бір -біріне көзқарасы, ойы мен сезімдерін түсіну дағдысын дамытты. «Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала» тәрбиелік мағынамен қорытынды жасады. Сын тұрғысынан ойлау модулін қолдана отырып, оқушылардың бір- бірін тыңдай білуге, өз ойларын жеткізе алуға мүмкіндік алды, ізденіске баулығаны байқалды.

Әдептілік – әр адамның бет –бейнесі

«Жағдаят хат» тапсырмасы бойынша оқушыларға конверт таратылды әр конвертте мәтін бар.Мысалы бір хаттың мәтіні. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Үй жұмысын күнде орындамай келеді. Меннен көшіріп алады. Мен мұғалімге айтуға ұяламын.

Мен не істеуім керек?

Біз осындай оқушымен алдымен өзімен сөйлесеміз, содан соң мұғалімге айтамыз деген жауап болды.

Зерттеуге алған орташа оқитын оқушым Катя сабақты қорытындылау кезінде Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? кестесін толтыруда не білдім? Сұрағына ер балаға аяқ көтеруге болмайды деген жауабына риза болдым.Өйткені сабақ барысында Не істеуге болмайды? тапсырмада ер балаға аяқ көтеруге болмайды? жауабында неліктен? деген сұрақ туындады. Осы жерде бұл әдепсіздік, ер адам болашақта үйдің отағасы,- деп оқушылар өздері жауап берген. Катя бұл сұрақты есте сақтағаны және бұл әдепсіздікке жататынын бойына қабылдағаны мені қуантты.

Әдептілік – әр адамның бет –бейнесі

«Досымның отбасындағы әдептілік» тақырыбына құрбымен диалог құрастырып келу үй тапсырмасы берілді.Өйткені Не білгім келеді? сұрағы бойынша досымның отбасында әдептіліктің қандай ережелерін қолданады деген пікір айтылған. Сондықтан ізденіс жұмысы берілді.Ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін орындау арқылы оқушылар бойында өз бетімен жұмыс істей білуге, өз пікірін айта білу дағдысын дамытуға ықпал жасалады. Сабақ барысынды жеті модульді пайдалану нәтижесінде оқушының өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктеп алуы, өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы, оқуға деген қызығушылығының артуы, мақсатта өз бетімен ұмтылуы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шығармашылықпен айналысуға талпынысы, сұрақ қойып, сұраққтарға жауап бере алуы, жүйелеуге дағдылануы қамтамасыз етілді.

Соңында барлық тапсырмалардағы формативтік бағаларды қорытындылай отырып, жиынтық баға қойылды. Жалпы сабаққа оқушылардың қызығушылығы жақсы болды. Тапсырмалар барысында жіберілген қателіктер мен кедергілер жойылып отырды. Алғашқы күндерде оқушылар сабақтың бұл әдістеріне үйрене алмай, біраз қиындық тудырғанмен, бұл сабақта балалар әр материалды тез қабылдап, тез үйреніп кетті.

Кедергілер:

  • Оқушылардың жауап берудегі сенімсіздігі;

  • Ойларын еркін білдіре алмады;

Шығу жолдары:

  • Психологиялық ахуалды қалыптастырып, оқушыларды өзін-өзі реттеуге бейімдеу;

  • Түрлі сөздік жұмыстарын, суретпен жұмыс өткізу;

Келесі қадам:

  • Жеті модульді сабақ барысында жетілдіру;

  • Формативті бағалауды түрлендіріп қолдану;

  • Әріптестермен кеңесіп, тәжірибе алмасу.



© 2010-2022