Сен де бір кірпіш дүниеге

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

1- сабақ Сен де бір кірпіш дүниеге...

Мақсаты :

Әр адамның өз өмірінің мәнін түсініп,белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту.

Міндеті:

Өмір жолының,өз алдына қойған өмірлік мақсаттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.Оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,өз сөзі,ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

Балалардың жағымды көңіл күйлерін қалыптастыру үшін және сабаққа көңілді орта ұйымдастыру мақсатында «Өмірді аяла» өлеңін оқимыз

Өмірді аяла

Әбділда Тәжібаев

Өзіңе сен,өзіңнің күшіңе сен,

Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.

Алысың да сыйлайды,жақының да,

Өзіңді өзің төменге түсірмесең.



Өз қайығың,бар болса өз ескегің,

Өмірде мен сені осал демес едім.

Қимылдай бер,тарта бер ескегіңді,

Шығады алдан жап-жарық келешегің.



Қозғалмасаң,тоңазыр көлеңкең де,

Ескегіңді ес,бір мезет тоқтай көрме.

Өз қайығың болғаны қандай жақсы,

Қашан, қайда барсаң да,өз еркіңде

Мәтінмен жұмыс:

Оразақын Асқардың «Өмір өнегелері »өлеңімен танысып талқылаймыз.

Мәтін бойынша сұрақтар:

Өлеңдегі «нағыз өмір», «тіршілік ету», «күн көріс»деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Өздерің кімдердің өмірін үлгі етер едіңдер?

Оқу ақпараты:

«Адам өз өмірінің мәні туралы ойлана отырып,өзінің өмір жолын табуға ұмтылады.

Әр адам өз өмірін ақ ниет, адал істерге бағыттап,рухани-адамгершілік құндылықтарды өзіне мұрат еткенде ғана оның өмірі үлкен мәнге ие болады».

Тапсырма:

Ә.Қайдардың өмір туралы,жақсылық пен жамандық туралы ой-толғауы мен танысу

Тыныштық сәті:

Балалар денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Үй тапсырмасы:

Дәптермен жұмыс.Мәтінмен танысып өздеріңе ұнаған үзінділерді дәптерлеріңе жазып алыңдар.

Жүректен жүрекке:

Өмірге келдім анамды көрдім, деді ол маған...

Өмірге келдім атамды көрдім, деді ол маған...

Өмірге келдім ұстазды көрдім, деді ол маған...

Өмірге келдім туған даламды көрдім, деді ол маған... деген ойды жалғастырып,өз тұжырымдарын жасайды.

Сабақтың тақырыбы:

2- сабақ Сен де бір кірпіш дүниеге...

Мақсаты :

Әр адамның өз өмірінің мәнін түсініп,белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту.

Міндеті:

Оқушылардың рухани өсуге талпынысы мен өзін-өзі танудың арақатынасы туралы түсінік беру,оқушылардың өзін-өзі тануға,өзін - өзі жетілдіруге және тұлға ретінде дамуға деген құлшыныстарын арттыру,өз өміріне жауапкершілікпен қарап,ұлағатты адамдардың өмір ұстанымдарын үлгі ете білуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

Балалардың жағымды көңіл күйлерін қалыптастыру үшін және барлығы бір - бірімен ерін қарым-қатынас жасау мақсатында шеңбер жасаймыз.

Т.Молдағалиевтің сөзіне жазылған Ә.Бейсеуов «Өмір жыры» әнін үнтаспада тыңдайды.

Жағдаятты талдау:

Оқушылармен оқулықта берілген жағдаятты талдаймыз

Аңыз әңгімеден үзінді

Аврамм Линкольн етікшінің баласы болса да, Америка халқы оны президент етіп сайлайды.Әрине,оған аристократтар наразы болып,қатты қорланды.Етікші баласының президент болғанына қалай шыдасын?!

Бірінші күні, ол Сенат алдында ант қабылдау кезінде орнынан тұра бергені сол-ақ еді,бір аристократ орнынан ұшып тұрып:

  • Мистер Линкольн, ойда жоқта сіз президент болдыңыз. Бірақ бір кездері етікші әкеңізге еріп, маған етік тігу үшін біздің үйге келгеніңізді естен шығармаңыз.Мына жерде отырған сенаторлардың көпшілігі сіздің әкеңіз тіккен етікті әлі күнге дейін киіп жүр. Сондықтан да шыққан тегіңізді ұмытпаңыз.

Сенат осылайша оны қорлағысы келді.

Аврамм Линкольннің жауабы отырғандардың есінде мәңгі қалды.

Ол:

-...

Дәйексөз:

Өзін - өзі таныған,өмірдің мәнін түсінген адам ешқашанда сол қалпында қала алмайды

Томас Ман

Дәптермен жұмыс:

Оқушылардың сабақ барысында меңгерген білім,біліктерін тиянақтап,қорытындылап оқушы дәптеріндегі 2- тапсырманы орындаймыз

Түйіндеме:

Өзіңді өзің танымасаң, өз өміріңнің қандай екенін түсінбейсің;

Өзіңді өзің танымасаң, айналаңдағы адамдардың өзіңе деген қарым-қатынасын біле алмайсың ;

Өзіңді өзің танымасаң, өз қабілеттерің мен мүмкіндіктеріңді білмейсің ;

Өзіңді өзің танымасаң,өзіңді-өзің мақсатты түрде тәрбиелей алмайсың;

Өзіңді өзің танымасаң, өзіңе зиянды әсерлерден аулақ бола алмайсың;

Өзіңді өзің танымасаң, өз өміріңді жоспарлай алмайсың;

Дәптермен жұмыс:

Оқушылардың сабақ барысында меңгерген білім,біліктерін тиянақтап,қорытындылап оқушы дәптеріндегі 6- сабақта берілген «МЕНІҢ ТҮЙГЕНІМ» тапсырмасын орындаймыз.

Мәтінмен жұмыс:

Нұралы Әжіғалиевтің «Есіңде мәңгі қалғым келгем »өлеңімен танысып талқылаймыз.

Тыныштық сәті:

Балалар денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Үй тапсырмасы:

Оқушылардың сабақ барысында меңгерген білім,біліктерін тиянақтап,қорытындылап оқушы дәптеріндегі 3- тапсырманы орындаймыз

Жүректен жүрекке:

  • Достым, сен өмірден өз орныңды табасың,өйткені сен ...

  • Құрбым, сен үлкен жетістіктерге жетесің,өйткені сен ...

  • Бауырым, мен сені мақтан етем ,өйткені сен ...

© 2010-2022