Қазақ тілі пәнінен Салалас құрмалас сөйлем тақырыбына арналған сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7.02.2015 жыл

Қазақ тілі

8 А - класс

Сабақ тақырыбы:

Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау

Жалпы мақсат:

Салалас құрмалас сөйлем , оның жасалу жолдары туралы ұғым беру. Өтілген материалдарды қайталай отырып, оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, бекіту, алған білімдерін еске түсіру.

Міндеттері:

Білімділік: Салалас сөйлем және оның түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада салалас түрлерін құрмалас сөйлемнің басқа түрлерінен ажырата білуге жаттықтыру.

Дамытушылық: Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу;

Тәрбиелілік: Ана тілін сүюге, қадірлеуге; адамгершілікке тәрбиелеу.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Салалас құрмалас сөйлем , оның жасалу жолдарын қайталайды. Өтілген материалдарды қайталай отырып, алған білімдерін жүйелейді, бекітеді, еске түсіреді.

Негізгі идеялар:

Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез

Сабақта қолданылатын материалдар:

АКТ, А-3 парағы, стикерлер, оқулық, кеспе сұрақтар

Оқыту әдістері:

1.Блум таксономиясы, топтастыру, Венн диаграммасы, зерттеушілік әңгіме.

Дерек көздері:

Оқулық, ғаламтор материалдары

Орындалатын тапсырмалар

Психологиялық ахуал туғызу

Сергіту сәті

Топқа бөлу.

2 мин

«Көпір тапсырмалары»

( өткен сабақты еске түсіру)

1.Сөйлем дегеніміз не? Ол айтылу мақсатына қарай қалай бөлінеді?

2.Сөйлем құрылысына қарай қалай бөлінеді? Жай сөйлем дегеніміз не?

3.Жай сөйлемнің түрлерін ата.Жақты, жақсыз сөйлем дегеніміз не?

4.Жалаң, жайылма сөйлем дегеніміз не?

5.Толымды, толымсыз сөйлем дегеніміз не?

6.Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Ол қалай бөлінеді?

2. семантикалық карта

3 мин

Теориясы «Білу» (кім? не? қашан? қайда? не істеді?)

Салалас құрмалас сөйлем түрлерінің шылауларын атап, ауызша мысал келтіру.

4 минут

Теориясы «Түсіну» (неге? себебі? неліктен? не үшін?)

Ауызша мазмұндама

«Жақсы мен жаман» әңгімесін оқып, өз топтарына қатысты сөйлем арқылы ауызша мазмұндама өткізіледі

5 минут

Практикасы «Қолдану»

«Сыңарыңды тап ».( Сөйлемдердің әр сыңары таратылып беріледі, бір сыңары оқылғанда, екінші сыңарын келесі оқушы тұрып оқу керек.)

  1. Жақсы дәстүр ұзақ уақытта жасалады, ұзақ өмір сүреді, кейінгілерге даңғыл жол болып қалады.

  2. Ұмытып қалғандарыңды еш уақытта да кітаптан іздеме, оны өзің есіңе түсіруге тырыс.

  3. Мектеп бітіргендеріне біраз уақыт болды,бірақ олар өзінің ардақты ұстазын ұмытпайды.

  4. Бабамнан қалған асыл бар: ол- мынау жатқан кең байтақ жер.

  5. Адам ымырт кезінде ұйықтамайды, себебі сол уақытта өлім мен өмір ауысады.

  6. Өмірде ешбір іске ыңғайсыз, қабілетсіз адам сирек болады, асылында әркімде бір қабілет болуға тиіс.

  7. Бақтығұл інісін біресе арқасына салып арқалады, біресе қолынан жетектеп жүрді.

  8. Айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы бар, оны адамдар түсіне білуі қажет (идеясы)

7 минут

Теориясы «Талдау»

(Салыстыр, айырмашылығы неде? т.б.)

Сатылай кешенді талдау

5 минут

Теориясы «Жинақтау»

1) Баламалы тест (ия-жоқ)

  1. Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты бір -біріне тәуелді болмайды.

  2. Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін.

  3. Ыңғайлас салаластың «және» жалғаулығы ешқашан қайталанбайды.

  4. Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстыруға болмайды.

  5. Қарсылықты салалас жалғаулықтары түсірілсе, тек үтір қойылады.

  6. Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте қойылады.

  7. Талғаулы салаласта екі жай сөйлем арасында немесе шылауы бір рет келсе, онда сөйлем арасына үтір қойылады.

  8. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады.

  9. Қарсылықты салаласты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге айналдыруға болады.

  10. Аралас құрмалас кейде төрт жай сөйлемнің құрмаласуы арқылы да жасалады.

7 минут

«Бағалау»

белгілі-бір тақырыпқа өз пікірлерін жазады/ радация әдісі

7 минут

Үйге тапсырмасын беру

эссе жазу.

1 мин

Бағалау


Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топтарға екі жұлдыз бір тілек айтылып, стикерге жазылады. Топтағы белсенді оқушыларға жетон беріледі. Алған жетон түсіне қарай баға қойылады. Қызыл түс-«3», сары түс-«4», жасыл түс-«5»

2 мин

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін арнайы қағаз тарату. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазады.

2 мин






© 2010-2022