Конспект урока Природа Восточного Казахстана

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 11сынып
Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан өңірі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:туған өлке туралы оқушылардың білімдерін толықтыру.
Дамытушылық:түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамыту,ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру,топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру,ҰБТ сұрақтарын талқылау.
Тәрбиелік:туған жеріміздің тарихын танып,біліп,ардақтап,табиғатын аялауға үйрету,Отанға деген патриоттық сезімдерін ашу.
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың әдістері: мәтінмен жұмыс, ойландыру,сұрақ-жауап,іздендіру,әңгімелеу,аударма,жазба,талдау жұмыстары,деңгейлік тапсырма,тестілеу.

Грамматикалық материал: септіктер

Сабақтың көрнекі-құралдары: интерактивті тақта, презентациялар, Қазақстан картасы, мәтіндер, тест сұрақтары,тапсырмалар парағы,семантикалық кесте,бағалау парағы.
Сабақта қолданылатын стратегиялар:«Кубизм», топтастыру, «Бес жолды өлең»

Сабақтың

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І

Ұйымдас-тыру кезеңі

  • Сәлемдесу, түгендеу.

  • Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.

  • Кезекшімен сұхбат

Сәлемдеседі.

Кезекші жауап береді.

ІІ.

Мотивация


Егерде біз күнімізді жақсы көңілмен бастасақ күніміз жақсы өтуіне куә боламыз.

(говорят если день начнешь с улыбки, то он обязательно будет хорошим. Давайте дети передадим друг другу нашу улыбку и начнем урок)

Мұғалімнің сөзі:

Бүгінгі сабақта біз бірнеше стратегиялармен жұмыс жасаймыз. Топ ішінде түрлі тапсырмалар арқылы өтілген тақырыптарды қайталаймыз, мәтінмен жұмыс жасаймыз, грамматикалық тапсырмаларды орындаймыз, тест сұрақтарына жауап береміз. Сендердің алдарында бағалау парағы жатыр. Сол параққа сендер топ ішінде бір-біріне баға қоясыңдар. Сабақтың соңында сендердің бағалауына қарап мен қорытынды баға шығарамын.

Топқа бөлу

1 топ - Отан

2 топ - Туған жер

Қызығушылықты ояту

1.1 «Кубизм» стратегиясы бойынша өтілген тақырыптарды қайталаймыз

  • Ол дегеніміз не?

  • Қазақстан жері туралы қандай өлең, тақпақ жаттап едік?

  • Кімнің есінде бар?

  • Кім айтып береді?

1.Қазақстан туралы өлең.

Қазақ жері!

Пай-пай! Пай!

Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер

Тұлпарлар

Дүбірлеп төккен тер.

Сарылып сал-сері кеткен жер

Бас иіп, иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке

Мына аймақ

Бұл маңда

Құлшылық етемін тұрғБұл маңда

Құлшылық етемін тұрғанға

Құлшылық етемін құмдарға

Тағзым жасаймын қырларға!

Шүкірлік етемін қашанда

Осы бір Отанда туғанға.


2.Туған жер туралы мақал-мәтел.

-Отансыз адам - ..........................

- Туған жерге ...................

- Отанды сүю................



Тақпақты айтып береді.





Мақал- мәтелдер

ді толықтырады

Мағынаны тану сатысы



Жазылым


Жаңа сөздер мен жұмыс


Мәтінмен жұмыс

Мұғалім сөзі:

«Жері байдың елі бай»

дейді қазақ халқы. Біздің Қазақстан елі, қазақ жері жерге бай халықпыз.

-Балалар, айтыңдаршы, Қазақстан Республикасында неше облыс бар? 14 облыс

-Ендеше, бүгін сабағымызды өзіміздің аймағымыз, туып-өскен жеріміз ШҚО туралы болмақ.

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және

Сабақтың тақырыбын жазып қоямыз.

Шығыс Қазақстан өңірі.

шекара - граница

құрамы - состав

қосылды - соединился

әкімшілік - администрация

пайдалы қазыналар - полезные ископаемые

шаруашылық - хозяйство

өңдеу - обработать

марал шаруашылығы - оленеводчество

Шығыс Қазақстан облысы - Қазақстанның шығыс бөлігінде орналасқан, Ресей және Қытаймен шекарасында. 1932 жылдың наурызында құрылған. Әкімшілік орталығы - Өскемен қаласы.1997 жылы Шығыс Қазақстан облысының құрамына бұрынғы Семей облысының аумағы қосылды.

Облыс жерінде қазақтар, сонымен қатар орыстар, украиндар, татарлар, белорустар, тағы басқа ұлт өкілдері тұрады.

Басты өзен Ертіс, онда үш ірі су қоймасы орналасқан - Бұқтырма, Өскемендік және Шульбин. Ең ірі көлдер Алакөл, Зайсан, Марқакөл, Сасықкөл, Үлбі, Уба.

Облыс қалалары - Өскемен, Семей, Риддер, Зырян, Зайсан, Шемонаиха, Серебрянск.

Жер қойнауы пайдалы қазыналарға бай. 0блыс аумағында Д. И. Менделеев таблицасына кіретін элементтердің басым көпшілігі табылған.

Облыстың шығысында Марқакөл мемлекеттік қорығы, Катонқарағай ұлттық паркі бар.
Облыс шаруашылығы көбінде түсті металлургия, электр энергетикасы, машина жасау және металл өңдеу, орман және ағаш өңдеу, жеңіл, тамақ, құрылыс индустриясына, егіншілік, марал шаруашылықтары маманданған.

1.Мәтінді тыңдаймыз. (аудирование)
2.Мазмұнын түсіну.Мәтін не туралы?


Блиц-сұрақтар

1 топ

1.Шығыс Қазақстан облысы қандай елдермен шектеседі?

2.Әкімшілік орталығы қай қала?

3. Шығыс Қазақстан облысында қандай ұлт өкілдері тұрады?

2 топ

1.Ең ірі өзен-көлдерін ата?

2.Шығыс Қазақстан жері қандай қазыналарға бай?

3.Шығыс Қазақстан облысы қандай шаруашылықпен айналысады?


Сұрақтарға жауап береді



-Оқу

-Қайталау

-Сөз тіркестерін қрастыру


Мәтінмен жұмыс:

-мұғалім оқиды

-іштей оқу

-оқушы оқиды







Сұрақтарға жауап береді

Сергіту сәті

Музыканы қосу арқылы оқушыларды тынықтыру.

Мәтін бойынша тапсырма

лар

Айтылым


1 топқа тапсырма



2 топқа тапсырма

1 топ: Сұрақ-жауап құрастыру

2 топ: Жоспар бойынша әңгімелеу

ШҚО құрылуы.

Өзен-көлдері.

Ұлт-өкілдері.

ШҚО байлықтары

1.Облыстың құрылған жылдары.
2.Менің туып-өскен жерім. (ШҚО облысы туралы)

Сөйлемдерді толықтыру

(Мәтінді алып қою)

1) 1997 жылы Шығыс Қазақстан облысының құрамына бұрынғы Семей ........................................

2) Облыстың шығысында Марқакөл мемлекеттік .....................................(әр топтан 1 оқушы)

Тапсырмалар ды орындай

ды

Деңгейлік тапсырма лар арқылы грамматиканы қайталай

мыз

Келесі тапсырмамыз бұл грамматиканы қайталау. Оның ішінде Ілік септігін есімізге түсірейікші, атай кететін жағдай ҰБТ сұрақтарында болуы мүмкін.

Сонымен сұрақтары: кімнің? Ненің?

1 топ

Мәтіннен Ілік септігі жалғанған сөздерді теріп жазыңдар.

Қазақстанның облысының

жылдың элементтердің

2 топ

Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауын жалға.

Шығыс Қазақстан облысы - Қазақстан..... шығыс бөлігінде орналасқан.

1997 жылы Шығыс Қазақстан облысы.... құрамына бұрынғы Семей облысының аумағы қосылды.

0блыс аумағында Д. И. Менделеев таблицасына кіретін элементтер...... басым көпшілігі табылған.

Грамматика лық тапрсырмаларды орындай(ды

Сабақты қорытындылау

Рефлексия









Оқушы

ларды бағалау


Қорытынды




Үйге тапсырма

Тест сұрақтарына жауап беру.

1 топ- жасырын тест

1.Шығыс Қазақстан облысы - Қазақстанның қандай бөлігінде орналасқан?

2. Шығыс Қазақстан облысы нешінші жылы құрылған?

3. ШҚО басты өзендерін көрсет

4. ШҚО қорықты ата

5. Қазақстан облыстарының санын белгілеңіз.

2 топ- ашық тест

1.Шығыс Қазақстан облысы - Қазақстанның қандай бөлігінде орналасқан?

А) Батыс

В) Шығыс

С) Оңтүстік

Д) Солтүстік

2. Шығыс Қазақстан облысы нешінші жылы құрылған?

А) 1992ж

В) 1933ж

С) 1934ж

Д) 1932ж

3. ШҚО басты өзендерін көрсет

А) Ертіс, Үлбі, Уба

В) Шу, Зайсан

С) Есіл, Жайық

Д) Марқакөл, Уба

4. ШҚО қорықты ата

А) Барсакелмес

В) Марқакөл

С) Наурызым

Д) Қорғалжын

5. Қазақстан облыстарының санын белгілеңіз.

А)15

В)16

С)14

Д)17

Жақсы, балалар, барлық тапсырмаларды орындап шықтыңдар. Тек осы тест сұрақтарын, оның жауаптарын есте сақтап жүруіміз керек. Неге десеңіздер алдағы ҰБТ-ға керекті.

Бағаны топқа қою.

Эпиграфқа қайта оралу, қорытындылау:

«Жері байдың елі бай»

Біздің байлығымыз - табиғат. Шығыс қазақстанның табиғаты өте тамаша. Мұнда көк аспанмен таласқан әсем таулар, тап- таза бұлақтар мен өзендер, ну ормандар, сан алуан өсімдіктер бар.Табиғат қазынасы қаншама мол болғанымен, ол шектеусіз емес. Оған аялы қамқорлық ауадай қажет. Табиғатта қамқорлық жасап, өз туған жеріңді сүйе білу - ол үлкен іс. Сондықтан менің айтарым, туған жерімізді сүйе білейік демекпін.


  • Емдік қасиеті бар, суы шипалы Рахман қайнары, Уба, Лениногор, Барлық - Арасан сияқты санаторий - курорттары, демалыс үйлері бар. Әртүрлі қорықтарымыз және бар.

Енді осы әсем өлкемізді басқа адамдармен қалай таныстырамыз, немесе қонаққа шақырамыз? Бір сөзбен айтқанда, «жарнама» дайындап, мәлімет әкелесіңдер.

  • «Мақтанышым - шығысым» тақырыбына шығарма жазып келу.

Тест сұрақтарына жауап береді















Үй жұмысын күнделік

теріне жазып алады







© 2010-2022