8-сынып әдебиет Жүсіп Баласағұн Құтты біліктрактатынан үзінді

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сынып әдебиет Жүсіп Баласағұн Құтты біліктрактатынан үзінді8-сынып әдебиет Жүсіп Баласағұн Құтты біліктрактатынан үзіндіПәні, сыныбы, күні: 14.10 №12


8-сынып, әдебиет

Сабақ тақырыбы

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» трактаты /үзінді/

Сілтеме

Суреттер, оқулық, интерактивті тақта, қосымша деректер, бағалау парағы, кесте;

Жалпы мақсаттар

Жүсіп Баласағұн туралы түсінігін кеңейту, трактаттан үзінді оқыта отырып, шығарманың құндылық мазмұндарын айқындау, идеясын ашу;

ойландыратын сауал беру, пікірін тыңдау; танымдық, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру; өздігінен білім алуға жетелеу.


Оқыту нәтижелері

  • Шығармасын оқып, түсінеді,

  • Талдайды, өзіндік ой, сенімділік қалыптасады,

  • Сыни тұрғыдан ойланады,

  • Сөздік қоры дамиды.

Негізгі мақсаттар

Өз бетімен білім алуға жетелеу;

Тіл байлығын, сөйлеу шеберлігін дамыту;



Білу, тану

2мин.

Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Топқа бөлу (Әділет, Ақыл, Бақыт, Қанағат)

Біздің бүгінгі сабағымыз - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері, энциклопедиялық ілім иесі Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» дастанының тәрбиелік мәнін ашуға арналған зерттеу-іздену сабағы. Сондықтан, ең әуелі оқушылардың өз беттерімен іздену нәтижесінде тапқан материалдарымен танысып көрелік

Ежелгі дәуір әдебиетін қандай кезеңдерге бөліп қарастырамыз.

Түсіну

5мин.

1. Жүсіп Баласағұнидің өмірінен қандай мәлімет бере аласыңдар?

Ежелгі дәуірдегі түркі халықтары мәдениетінің тербеліп өскен бесігі Шу мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеде ХІ ғасырда аты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Хас хажиб Баласағұн музыкант отбасында дүниеге келген. Жүсіп жыл қайыру дәстүрі бойынша санағанда барыс жылы, яғни, 1021 жылы туған. Жүсіп Баласағұни - өз кезінің көрнекті ғалымы ретінде математика, астрономия, табиғат тану, тарих және араб, парсы тілдері сияқты білім салаларын зерттеуге айрықша үлес қосқан ғалым.
Жүсіп туралы жазба деректер көзін ақынның өз шығармасы ''Құтты біліктен'' ғана табамыз. (Карта, слаид)

2. «Құтты білік» дастанының жазылу тарихы жайлы не айтар едіңдер?

Ж. Баласағұни «Құтты білік» дастанын 1069 жылы Қашқар қаласында жазған. Ақын дастанын жасы елуге келгенде он сегіз ай ішінде жазып бітіргенін айтады. Поэма 85 тараудан тұрады. Поэманың тақырыбы - адамгершілік, ізгілік. Ақын Грек ойшылдары сияқты дүниенің негізі - жер, су, ауа, от,-дейді. «Құтты біліктегі» кейіпкерлер саны - төртеу. «Құтгы білік» дастанының үш қолжазбасы сақталған. Қазіргі қазақ тіліндегі аудармасы Ферғана, Мысыр қолжазбаларының басылымынан алынған.

3. «Құтты білік» еңбегінің аудармасы, А.Егеубаев туралы

Қазақ ақыны, филология ғылымдарының докторы, профессор Асқар Егеубаев «Құтты білік» дастанының қазақ әдебиетінің дамуына идеялық-көркемдік әсері» атты тақырыпта ғылыми диссертация қорғады. Сондай-ақ жырды қазақ тіліне аударып, 1986-жылы «Жазушы» баспасынан жинақ етіп шығарды.
Оның Жүсіп Баласағұнды, Махмұт Қашқариді қазіргі қазақ тілінде сөйлетуі - орасан зор еңбектің жемісі еді. Асқар Құрмашұлы - нағыз сегіз қырлы, бір сырлы азамат болатын. Ол - шебер журналист, шешен публицист, ғибратты ғалым, танымал қайраткер, белгілі әдебиет сыншысы, тәжірибелі баспагер, ұлағатты ұстаз, су төгілмес үстінен сұлу жорға - ақын еді.

(Суреттер, А.Егеубаев фотосы слаид)

4. «Құтты білік» дастанында айтылған ойларға тоқталсақ.

''Құтты білік'' дастаны түркі тілді туысқан халықтардың бізге келіп жеткен дүниежүзілік мәнге ие бірден-бір жазба әдеби ескерткіші, ХІ ғасырға дейінгі жазба әдеби тілдің даму жолдарын білдіре алатын асыл мұраларының бірі.

Жүсіп өз заманындағы ғылым саласымен толық танысып кемелденген шағында ''Құтты білік'' тәрізді классикалық шығармасын жазуға бет бұрды. Араб, парсы тілдерін жақсы білумен бірге өз ана тілін де терең меңгеріп, бар байлығын бойына дарытқан Жүсіп ана тілінің көркемдік қуатын әлемге таныту бағытын ұстады. өз тілін менсінбей араб, парсы тілінде сөйлеу, шығарма жазу сияқты сырттан таңылған қорлық салты үстем кезде өз ана тілінде көркем шығарма жазу дәстүрін қалыптастырып кетуі - соның тарихи айғағы.

''Құтты білік'' - ХІ ғасырға дейінгі түркі тілді халықтардың қоғамдық ой санасында орын алған рухани құбылыстарды тұтас қамтыған энциклопедиялық қуатқа ие көркем туынды

Сөздік жұмысы: Дәруіш-дүние қызығынан безген адам; Диуана-қайыршы, кедей;

Бәйіт-екі жолды өлең;


Қолдану

15мин.

Сұрақ. 1.Шығармада аталған кейіпкерлер атынан нені аңғарамыз?

Бұл әзіз кітап төрт ұлы ұғым, төрт қымбат қасиеттердің сұхбатынан құралған. Бірі - Әділдік, екіншісі - Дәулет, Үшіншісі - Ақыл, төртіншісі - Қанағат. Олардың әрқайсысына жеке-жеке түркіше ат берген. Әділдікке «Күнтуды Елік» атын беріп, хан орнына қойған. Дәулетке «Айтолды» деген ат беріп, уәзір орнына қойған. Ақылға «Өгдүлмүш» атын беріп, уәзірдің ұлына балаған. Қанағатқа «Одғұрмыш» деп ат беріп, уәзірдің туыс, ағасы деп санаған. Ғұлама өз пікірлерін, ой толғаныстарын солардың арасындағы пікірлесу, сауал-жауап сөздер арқылы әңгімелеп, желілеп жеткізген

«Құтты білік»дастанының мазмұнын айту

Үш тағанды нәрсенің беріктігі хақында Күнтуды мен Айтолдының арасындағы әңгімені тыңдап көрелік.

Тұрсынбай: -Таң қалғаным бәрінен,

Күміс таққа мінуіңнің мәні не?

Бұл не отырыс? Тағың не? Енді сұрайын.

Бұл не жұмбақ, айтқын, мен де ұғайын.

Екіншіден, пышағы не Еліктің?

Түгел білсем,түгі қалмас, сезіктің.

Үшіншіден, оң жақтағы балың не?

Солыңда - у, білсем деймін бәрін де.

Данияр: Мен отырған тағым, міне, төрімде,

Үш аяғын көр де тоқы көңілге.

Үш тағанды нәрсе берік, мызғымас,

Үш аяғы тұрғанда ұстап, жылжымас.

Бұл пышақты кім нық тұтса қолына,

Өнер ол да. Сілтер кесел жолына.

Пышақтай мен кесем аршып әр істі,

Кінәліні тауып, білем мәністі.

Бал-шекерді татқан кісі жадырар,

Жаны шат боп, уайым, мұңнан арылар,

У бұйырар қара жүрек кісіге,

Заңнан қашқан зәрін түйіп ішіне.

Сұрақ: Үш тағанды нәрсенің беріктігі жайлы ой ел бірлігі, ел бектерінің қасиеттерін саралайтын тарауда қалай көрінеді?

Тиетін бектерге анық шарапаты,

Үш кісі бар, қызметі - марапаты.

Бірі - дана ғалымдар, зейінділер,

Бірі - хатшы, білсін дер кейінгілер.

Үшіншісі - жүректі ер, батырларың,

Жау десе, жайдай жайпар жасындарың.

Бұл үш түрлі ер бір жеңнен қол шығарса,

Қалған жұртты үйіріп, қоңсыға алса,

Төтен келген жауың да шаба алмайды,

Жазылған тарихыңды ала алмайды.-деп ғұлама халық бірлігінің беріктігі - ғалымдар, хатшылар, батырлардың қолында екендігін нақтылап жеткізеді.

Сергіту сәті:

Шығармадан үзінділер оқып, талдап көрейік.

1. Ақыл, білім, тіл жайында

Тәңірі адамдарды жаратты, үздік етті,

Оған өнер, білім, ақыл, ой берді.

Білім берді: адам бұл күндері шырқау биікке көтерілді.

Ақыл берді: осының арқасында шешілмейтін түйін шешілді.

Білімді - биік, ақылды - ұлық деп есепте

Бұл екеуі таңдаулы құлдарын биікке шығарады.

Білімсіз кісілердің барлығы - ауру,

Ауруды емдемесе, адам тез өледі.

Көрікті істердің барлығы да ақылменен істелген,

Бектер бұл дүниеде біліммен ерекше.

Ақыл мен білімнің тілмашы - тіл,

Ердің мерейін көтеретін жүйрік тілді біл.

2. Сөз әдебі мен тыңдау әдебі туралы

Сөз сөйлеуші жанын қинап тынады,

Тыңдаған жан сергіп, семіріп шығады.

Деген екен көңілі ашық, көрікті ер,

Тіліңді тый, ақылыңа ерік бер.

Көп тыңдаған ой саралар көп біліп,

Көп сөйлеген басын берер көпіріп,

Есті сөзден ғибраттанар құлағың,

Көп мылжыңнан лайланар ой-бұлағың.

Көңіліңдегі айтылмаған сөз алтын,

Шықса, қола болар, нарқын жоғалтып.

3.Білімді мен біліксізді салыстыруы жайлы

Біліксіздің тілін тыйған жөн болар,

Білімдінің сөзін жиған жөн болар.

Білімдінің нұрлы сөзі сарқылмас,

Бастауы кең бұлақ көзі тартылмас.

Білімділік - шым бүркеген бір теңіз,

Бұрқырар су аяқ басып жүрсеңіз.

Білімсіздің көңілі - құм, құнсыз шөл,

Тойып бермес, күні-түні құйсын көл.

Бұл ұшқыр, ілгерішіл ойларды Жүсіп Баласағұни бабамыз осыдан он ғасыр бұрын айтты.



Кестені толтырыңыз

«Құтты білікте»

Қазіргі қолданылып

жүрген мақал-мәтелдер

1

Ақыл қайда болса, ұлылық толады,

Білім кімде болса, сол білікті болады.

Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

2

Тірі - өлер, ақыры жер жастанар,

Жақсы кісі өлсе, жақсы ат қалар

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

3

Тіліңді бақ, басың аман қалады,

Сөзіңді қысқарт, жасың ұзақ болады.

Басқа пәле - тілден.

4

Есік баққан тіл - арыстан, ашулы,

Сақ болмасаң, жұтар, ерім, басыңды.

Аңдамай сөйлеген ауырмай өлер.


5

Сабыр етсе, кісі өз тілегін табар,

Сабырмен тұрған ер ақ құс тұтар.

Сабыр түбі - сары алтын.

6

Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді,

Сөз қалады, таяқ табы кетеді.

Таяқ еттен өтеді.

Сөз сүйектен өтеді,

Талдау

10мин.

Оқулықпен жұмыс

1-топ 1-2-шумақ

2-топ 3-6-шумақ

3-топ 7-9-шумақ

4-топ 10-11-шумақтарды талдау

Авторларын анықтап, Венн диаграммасын толтырыңыз.

1. Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім,

Ер жеткен соң түспеді уысыма

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

2. Білік біліп, төрден орын аларсың,

Білік білсең, күшті, берік адамсың.

Біліксіз тіл, жүрек неге жарасын,

Жанды судай біліктен кұш табасың.





Даналық ойларды талдау

Жинақтау

5-7мин.

Күнтудының Айтолдыға қойған сұрақтарына жауап беру.

1. Қолбасы қандай болу керек?

Сөзсіз, бекке қажет мықты қолбасы,

Ұйқы қашып, сассын жаудың ордасы.

Қолбасыға жігіт керек құрыштай,

Жарқылдаған жалаң өткір қылыштай.

2. Елдің тізгінін кім ұстау керек?

Бірі - уәзір, екіншісі - қолбасы,

Қалам, қылыш екеуінің жолдасы.

Екеуі елді түзеп, қуар наласын,

Біріксе олар, кім үзеді арасын.

3. Хажыб қандай болу керек?

Хажыб ісі - қонақтарды қарсы алу,

Хажыб ісі - заң ісі үшін жан салу.

Кедей, жетім, жесірлерді елесіп,

Бәрін тыңдап, берсін ақыл-кеңесін.

4. Шежіреші қандай болу керек?

Жылнамашы бар сырды білгені жөн,

Бәрін түйіп ішіне жүргені жөн.

Шықпау үшін құпия жиған дерек,

Адал пейіл, қасиет, иман керек.

5. Қызметшілердің хақы қандай болу керек?

Қызметшімен бектердің қол ұзарар,

Қызметшімен елге билік құра алар.

Бектер ұлық болып туар тегінен,

Қызметші озық боп шығар елінен

Сәйкестендіру

1. Кісі көңілі түпсіз терең, ойласаң,

Қорқыт Білім - інжу, түбінде - анық қойма сан.

Кісі інжуді шығармаса теңізден,

Тас не, інжу не, пайдасы не тегінде?!

Әл Фараби 2. Таза, мінсіз асыл тас, су түбінде жатады.

Таза, мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас, жел толқытса, шығады.

Ой түбінде жатқан сөз, шер толқытса, шығады

Жүсіп 3. Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып,

Алайда тек қалма оған алданып.

Асанқайғы 4. Қара есек басына жүген кигізсең де, тұлпар болмас,

Күңге қамқа тон жапсаң да, ханым болмас.

Жапалақ-жапалақ қар жауса, жазға қалмас,

Ескі қамыс біз болмас.

Мұғалім: «Құтты білікте» көтерілген негізгі мәселе-адам және оның кемелдену жолдары. Әр жолда айтылған ойлар, қажетіңе жараса, жүрегіңнің тереңіне бойлар.

Бағалау

5мин

Жүсіп Баласағұни мен мен Абай Құнанбаевтың ұқсастығы


Жүсіп Баласағұни

Абай Құнанбаев

1

2

3

4

5



Мұғалім:

¥л-қызыңа үйрет білген білімді

Қолыңа ұстат кеудеңдегі күніңді.

Сонда ұл-қызың адамдықтан таймайды

Көңілі - таза, көзі шоқтай жайнайды''.

Балам білім жолын қусын десеңіз,

Бесігіңде-ақ ілім шоғын көсеңіз...

Білім үйрет сәбиіңе сарыла,

Уыздай ұйып, сүттей сіңір қанына!-деген үзіндінің мәнін түсіндіріңдер.

Ойтолғау жазу; бөлінген топтары бойынша «Бақыт дегеніміз не?» «Қанағат қарын тойғызады», «Ақыл тозбайтын кен», «Әділет---ардың ісі»

«Автор орындығы»

Бағалау критерийлері

2мин.

  • топ ережесіне бағынуын;

  • белсенділігін;

  • тақырыпты түсінуін;

  • ізденуін;

  • бірін-бірі тыңдауын;

  • сөйлеу мәнерін

Кері байланыс: Бүгінгі сабақта мен үшін не қиын болды?

Неге қиын болды?

Бұл қиындықты ненің көмегімен жеңе аламын?

Сабақтың соңында қандай сезімде болдым?

Келесі тапсырма

Үзінді жаттау



© 2010-2022