Қазақ тілінен ашық сабақ Киіз үй

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Киіз үй

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: Оқушыларды сан ғасырлар бойы қазақ халқының баспанасы болған киіз үйдің құрылымымен, маңызымен таныстырып, етістіктің шақтарынның жасалу жолдарын қарастыру;

2.Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ой-өрісін дамытып, сауаттылығын арттыру;

3. Тәрбиелік: Қазақ халқының әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдістері: оқу, баяндау, топпен жұмыс,сұрақ- жауап, іздену, сөз құрамына талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Киіз үйдің суреттері(ағаш қаңқасы, сыртқы бейнесі), кесте «Етістіктің шақтары», бейнетаспа «Қыз Жібек» фильмінен үзінді.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

II.Оқушылардың білімін тексеру:

- Біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Қазақстан қай халықтың тарихи Отаны?

- Қазақ халқының бүгінгі күнгі өмірі туралы не айтуға болады?

- Ал, енді өткен өміріне көз жіберелік. Қазақ халқы немен шұғылданған?

- Қандай үйде тұрған?

III. Сабақтың мақсатын қою кезеңі:

-Бүгінгі сабағымызды қазақ халқының баспанасы- киіз үйге арналады.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

1. Киіз үй туралы мәлімет беру. Киіз үй - Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.Ол - көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.

Көшпенділердің киіз үйі - тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.

2.Киіз үйге байланысты тілек- баталар.

«Шаңырақтарың биік болсын,

Босағаларың берік болсын,

Керегелерің кең болсын!»

- Бұл тілек қалай пайда болды?

- Не себептен қазақ халқы осындай тілек айтты?

3. «ҚызЖібек» фильмінен киіз үйге қатысты үзіндіні тамашалау.

1) Қаратаудың басынан көш келеді.

2)Жоңғар шапқыншылығынан кейінгі ауылдың келбеті.

3)Киіз үйдің құрылуы.

4)Қазақ халқының салт дәстүрінен үзіндіні тамашалау.

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

Қарындастан айырылған жаман екен,

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді- деп бүкіл қазақ елін зар қақсатқан заман, тарихымыздың беттерінде «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен мәңгі жазылған.Осындай қиын қыстау заманды басынан кешірген қазақ халқы, келесі ұрпақ осындай қайғы-қасіретті көрмесін деп осы тілекті айтқан.

4. «Киіз үй» мәтінін оқып, талдау, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

V.Жаңа сабақты түсінгенді тексеру кезеңі:

1.Етістіктің шақтарын қарастыру.

2. Топпен жұмыс

1-топ .3-тапсырма.

1) Киіз үйдің қаңқасы.

- Киіз үй қандай тұрмысқа бейімделген?

- Киіз үйдің ағаш қаңқалары неше бөліктен тұрады?

- Үйдің күмбезін нелер құрайды?

- Шаңырақ деген не?

2-топ.4-тапсырма.

2) Киіз үйдің сыртқы келбеті.

-Үйдің сыртынан жабылатын киіздердің түрлерін атаңдар.

-Туырлықпен киіз үйдің қай ағашын жабады?

- Үзікпен не жабады?

-Түндікпен не жабады?

VI.Бекіту кезеңі:

Абай ауылының киіз үйін тігу( Әрбір киіз үйдің суретінің артында жазылған сұрақтарға жауап беру)

1. Киіз үйдің ағаш қаңқалары неше бөліктен тұрады?

2. Ағаш қаңқалардың үстінен жабылатын киіздерді атаңдар.

3. Қазақстанның қай рәмізінде киіз үйдің қай бөлшегі (қаңқасы) бейнеленген?

4.«Қара шаңырақ» сөзінің мағынасын түсіндіріңдер.

VII.Үйге тапсырма:

«Киіз үй» мәтінін мазұндау, етістіктің шақтары.

VIII. Сабақты қорытындылау:

  • Киіз үйдің қандай пайдасы болды?

  • Киіз үйдің ұтымды жақтарын сипаттаңдар.



© 2010-2022