Коучинг-сабақ тақырыбы Бағалау түрлері

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№152 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ІІ деңгейлі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Әлиханның коучинг жоспары

Коучинг тақырыбы

Бағалау және оның түрлері

Мақсаты

Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін және оқу және оқыту сапасын жақсарту мақсатында бағалау түрлерін қолданудың маңыздылығын ұғындыру; суммативті, формативті және критериалды бағалау түрлерін тиімді қолдануларына ықпал ету.

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер өз іс-тәжірибелерінде бағалау түрлерін пайдаланатын болады, бағалаудың бір-бірінен айырмашылығын біледі, түсінеді.

Негізгі идеялар

Суммативті (жиынтық) - оқу үшін бағалау, формативті (қалыптастырушы) - оқыту үшін бағалау. Критериалды бағалау - критерийлер арқылы бағалау.

Егер оқушыларды өсімдік ретінде қарастырар болсақ, онда сыртқы (жиынтық) бағалау өсімдіктің тек бойын ғана өлшеу процесі болады. Мұндай өлшем қорытындысы салыстырып, талдау үшін қызық болғанымен, өсімдіктің өсуіні ықпалы тимейді.

Ішкі (қалыптастырушы) бағалау, керісінше,өсімдікті қоректендіріп, суарумен бірдей және олардың биіктеп өсуіне тікелей ықпал ете алады.

И.С. Фишман, Г.Б. Голуб.

Сілтеме

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым, 2014.

2. Жартынова Ж.А., Касымова А.А., Корнилова Т.Б., Оракова А.Ш. Настольная книга учителя-коуча. Алматы, 2014.

3. Ғаламтор материалдары.

Сабақта қолданылатын заттар

А3, А4 форматты қағаздар, фломастерлер, маркерлер, таратпа қағаздар

Коучинг барысы

Сабақ кезеңдері

Өтілу уақыты 45 минут

Коучтің және мұғалімдердің іс-әрекеттері

Ұйымдастыру кезеңі


Сәлемдесу, қатысушыларды «Шаттық шеңберін» құруға шақыру. Пазлдар таңдау арқылы 3 топқа бөліну. Құрастырылған пазлдардағы ребусты шешіп, коучинг тақырыбын анықтау.

Қызығушылықты ояту кезеңі

10 мин

«БББ» әдісі.

  1. Бағалау дегеніміз не?

  2. Бағалаудың қандай түрлерін білесіздер?

«БББ» әдісінің «Білемін» бағанын толтыру.

Мағынаны ашу кезеңі

5 мин



30 мин

«Галерея» әдісі. Қатысушыларға көбелектің суретін салуды ұсыну. Салып болған соң, өзін-өзі бағалау. Суретті ауыстырып, бірін-бірі бағалау. (Қойған бағасының әділ екенін дәлелдеп, түсіндіру). Коучтің түсіндірмесіз бағалауы.

Критерий арқылы бағалау.

Критерийлер

1 ұпай

2 ұпай

3 ұпай

Қағазда орналасуы

Қағаздың 1/3 бөлігін ғана алып тұр

Қағаздың жартысында орналасқан

Қағаз бетін түгел алып тұр

Түстердің қолданылуы

1 ғана түс қолданылған

2-3 түс ғана қолданылған

3-тен көп түс қолданылған

Дене мүшелерінің түгел салынуы (қанаттары, басы...)

1-2 дене мүшесі

3-4 дене мүшнсі

5 дене мүшесі

.

Презентациямен танысу



Тақырып бойынша мәліметтермен танысу, «Білдім» бағанын толтыру.

Ойтолғаныс

7 мин

«Білгім келеді» бағанында туындаған сұрақтарға жауап.

Сергіту сәті

3 мин

«Көңілді күн»

Рефлексия



5 мин

  1. Бүгінгі коучинг-сабақтың мақсаты сізге түсінікті болды ма?

  2. Коучингте оқу және оқыту әдіс-тәсілдері қолданылды ма?

  3. Сіз коучинг-сабаққа белсене қатысып отырдыңыз ба?

  4. Коучинг барысында өзіңізге қажет нәрсе алдыңыз ба?

  5. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігін сезіндіңіз бе?

  6. Өтілген коучинг өз іс-тәжірибеңізге өзгеріс енгізуге ықпал ете алды ма?

  7. Сіз қай бағалау түрлерін қолданатын боласыз?

Критерийлер

1 ұпай

2 ұпай

3 ұпай

Қағазда орналасуы

Қағаздың 1/3 бөлігін ғана алып тұр

Қағаздың жартысында орналасқан

Қағаз бетін түгел алып тұр

Түстердің қолданылуы

1 ғана түс қолданылған

2-3 түс ғана қолданылған

3-тен көп түс қолданылған

Дене мүшелерінің түгел салынуы (қанаттары, басы...)

1-2 дене мүшесі

3-4 дене мүшнсі

5 дене мүшесі



© 2010-2022