Эссе на тему Педагог ұстанымы

           «Адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білім» дегендей, қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.     мені тек оқытушы ғана емес шынайы ұстаздың қалай болу қажеттігіне үйретті.   Адам баласы қашанда айналасын, өзін қоршаған жанды-жансыздың барлығын білуге тырысып, зерттеуге құмартқан. Абай атамыз жазғандай, баланың бойындағы «естіп, біліп көрсем» деген қасиеттердің өсе келе сұранысы мен қажеттілігі де кү...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Усенбаева Бактыгуль Канатовна

Оңтүстік Қазақстан облысы

Бәйдібек ауданы

«Тасқұдық» негізгі орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз де үйренеміз»
Сенека Луций
«Адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш - білім» дегендей, қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.

мені тек оқытушы ғана емес шынайы ұстаздың қалай болу қажеттігіне үйретті.

Адам баласы қашанда айналасын, өзін қоршаған жанды-жансыздың барлығын білуге тырысып, зерттеуге құмартқан. Абай атамыз жазғандай, баланың бойындағы «естіп, біліп көрсем» деген қасиеттердің өсе келе сұранысы мен қажеттілігі де күрделене түседі.Сол уақытта мұғалім балаға түсінігін жетілдіріп, тақырыпты ұғындырып қана қоймай, оларды қоршаған өмірге баули білуі қажет. Ұстаздық деген атқа сонда ғана лайық болмақ. Бұл қандай уақытта болмасын мұғалім бойынан табылу тиісті басты қасиеттердің бірі деп білемін. Бірақ адам әрдайым уақыт талабымен бірге жүрген, уақыт талабына сай тұлғалық жағынан қалыптасып, дамып отырған. Мұғалім де осы үрдістен шет қалмауы қажет. Қазіргі заман мұғалімі ретінде әрдайым өткенді есте сақтап, бүгінгі көштен қалмауға тырысамын. Ол үшін өзім оқушыларға үйретіп қана қоймай, олардан да үйренуші болуға тырысамын.

Жаңашыл мұғалім болу үшін мына 10 шарт орындалуы тиіс деп ойлаймын:
1. Академиялық қабілет - Теориялық білім
2. Дидактикалық шеберлігі -Методикалық шеберлігі
3. Оқушының жан дүниесіне үңіле білуі
4. Сөйлей білу қабілеті
5. Ұйымдастыру қабілеті
6.Авторитарлық -беделге ие болуы
7. Педагогикалық ойлау қабілеті
9.Уақыт және бақылауды дұрыс пайдалану
10. Әділ бағалаушы

Жаңашыл болуға үйренемін. Компьютердегі кезекті әсем слайд жасай білу барлық технологияны меңгердім деген сөз емес. Сабақ берудегі көрнекі құралдардың барынша қолайлы, барынша жаңаша әдістерге өзгертіп, ғаламтормен дос болуды үйрену қажет. Жас бала әрдайым зерек келеді, ол өздігінен-ақ кез-келген нәрсенің қыр-сырын меңгеруге талпынып, тіпті үйреніп алады. Ал мұғалім бұл жағдайда оқушысынан бір қадам алда жүруі қажет, оның қажетсіз дүниеге бас сұғып кетпеуін қадағалауы қажет деп ойлаймын. Жаңашылдық - қазіргі заман мұғалімінің басты қасиеттерінің бірі болуы тиіс.

Ізденімпаздық - мұғалімнің екінші аты. Әрбір тақырыпты түсіну оқушының зеректігіне ғана емес, мұғалімнің тапқырлығы мен түсіндіре білу тәсілдеріне де байланысты. Оқушыны қызықпаған пәнін сан түрлі әдіспен үйретіп, ұғындыра білу қажет. Ол үшін әр күн сайын тіпті өзің білмеген нәрселерді ақтарып, сан түрлі тәсілді меңгеруге тура келеді. Мұғалім жаны да шығармашылыққа толы, ал шығармашылық жұмыс әрдайым рухани азық іздеп отыратындығы жасырын емес.

Ізеттілік пен ізгілік жаршысы болуға талпынамын. Мектептегі алғашқы мұғалімдік жылдарым басталғанда, тәжірибе жинау жолында маған аға буынның көп көмегі тигені рас .

Жас мұғалім ретінде үйреткендері шексіз. Дәл сол жылдардағы бойға жиған ізеттілік пен ізгілік қасиеттерін оқушыларымның бойына егуге тырысамын. Оларға адамзат жаңалықтарынан бұрын адам деген атқа лайық болуды үйреткен жөн деп білемін.

Әлемге бала көзімен қараумен жалықпау қажет. Бірде Марк Твеннен қайдан келдіңіз деп сұраса «Балалықтың ауылынан келдім» деп жауап берген екен. Өмірдегі тұлға қалыптасуың балалықтағы, жасөспірімдегі тәрбиемен тығыз байланысты. Оны тәрбиелеуде бала бейнесінің бұзылмауына аса мән берілуі қажет. Мұғалім балаға білім берер кезде оның таным-түсінігімен де санаса білуі маңызды.

Достыққа жол аша білуінде. Ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Оқушы мұғалімді жол бастар ұстазым деп қана емес досы ретінде тани білуі маңызды. Ол жақсы мен жаманның, пайдалы мен пайдасыздың не екендігін оқып білгінемін, шын мәнінде қалай болатындығын айналасы арқылы танып біледі. Осы жолда оның ата-анасынан кейінгі үлгі тұтары біз болатындығымызды ұмытпауымыз қажет.

Мен оқушыларымның мен арқылы математика пәнін меңгеріп қана қоймай, адам деген ізгі атқа лайық болуды үйренгенін қалаймын. Осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктерім мені маман ретінде дамуға ғана емес, мұғалім ретінде өзімді тануға итермеледі. Оқушыларымның адал көңілінен кейін ғана қаншалықты осы мамандықтың мен үшін қажет екендігін, жақсы көретіндігімді сезіне бастадым. Қазіргі заман мұғалім ретінде түсінген басты қағидаттарымның бірі осы болды.

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» -деп Абай атамыз айтқандай, қазіргі таңдағы курстық деңгейлік бағдарламада зерттеуші-психолог Шульман түсінік, дағды және тұтастықты «мұғалімнің үш көмекшісі» деген сөзіне пара -пар. Оны бас - кәсіби түсінік, қол - оқытудың тәжірибелік дағдылары, жүрек - кәсіби-өнегелік тұтастық деп түсіндіреді. Бұдан біздің ұққанымыз, әр мұғалім теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, шын ынта-ықыласымен оқушыларға мейірімділік, аяушылық, құрмет таныта білуі тиіс. Бұл біздің біліктілігіміз бен рухани құндылығымыз жоғары деңгейде болуы керек деген сөз.
«Мұғалім - мектептің жүрегі» деп халқының болашағы үшін білімнің даңғыл жолын салған Ыбырай Алтынсарин бекерден бекер айтпаған. Әрбір мұғалім өзін мектептің жүрегімін деп есептеп, мектептің жанын кіргізердей дәрежеде болуы тиіс. Өз ісіне аса ықыласпен ден қоя отырып, құзырлы мұғалім ретінде баланың жүрегіне білім нәрін себе білсе нұр үстіне нұр.

Құзырлылық дегеніміз маманның белгілі бір кәсіби сала аумағындағы білім, білік, дағдылардың жиынтығы.
Бүгінде кәсіби құзырлылықтың мынандай түрлері ажыратылады:
1. Арнайы- жеткілікті деңгейде кәсіби қызметті меңгеру, өзінің болашақтағы кәсіби дамуын жоспарлау қабілеті
2. Әлеуметтік- бірлескен кәсіби қызмет пен өзара әрекеттесуді, кәсіп саласында қабылданған қарым - қатынас тәсілдерін меңгеру, өз жұмысының нәтижелеріне деген әлеуметтік жауапкершілікті сезіну
3. Тұлғалық - өзін-өзі дамыту және өз қабілеттерін жүзеге асыру тәсілдерін меңгеру
4. Жеке- кәсіп аумағында өз қабілеттерін жүзеге асыру тәсілдері мен өзінің дербестігін дамытатын тәсілдерді меңгеру, кәсіби тұрғыдан өсіп- дамуға деген дайындығы.

Білім саласындағы негізгі мәселелер мынадай болады:
1. Мазмұн /не нәрсеге үйрену/ үйрету керек?/
2. Әдістеме/Қалай үйрену/үйрету керек?/
3. Нәтиже/Не үшін үйрену/үйрету керек? Үйренудің/үйретудің нәтижесі қандай болуы керек?/
Заманауи жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін жандандырсақ мұғалімнің талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана «жаңа ғасыр мұғалімі» ретінде көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды.

Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» - деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі - жаңа ғасырдың білімді ұстазы.


© 2010-2022