Сынып сағаты Мәуелі бәйтерек Г. А. Жакаева

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ССынып сағаты Мәуелі бәйтерек Г.А.Жакаеваабақтың тақырыбы: Мәуелі бәйтерек тамырдан нәр алады


ШҚО Тарбағатай ауданы, Жетыарал орта мектебі

Жақаева Гулмайра Ақанқызы


Мақсаты:

  • Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету.

  • Ұрпақ тәрбиесінде халық педагогикасының жүйелері, яғни жүрек пен ақыл тәрбиесі арқылы тәрбиелеудің маңызын ашып көрсету.

  • Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендіктерін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу.

Көрнекілігі: бетплакаттар, Әл-Фараби және елбасы Н.Ә.Назарбаевтың нақыл сөздері, шарлар, гүлдер презентация.

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген сезім жақындарына, туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» Н.Назарбаев

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шаттық шеңбер Оқушылар мен ата- аналар бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.(музыка ойналып тұрады)

ІІ .Кіріспе

Қазіргі кезде ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын ешнәрседен мұқтаж етпеу болып қалды.Көпшілік ата-анада тұрақты жұмыс жоқ.Бала -шағаның қамымен жүрген ата-ана олардың тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды.Осыдан келіп бала мен арада кейбір түсініспеушілікте болып қалады.баланы тек қана киіндіріп, ішіндірумен ғана шектеліп қоймай олардың тәрбиесіне де аса мән берулеріңіз қажет.Біздің мақсатымыз - балаларыңызбен қарым -қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып, бала тәрбиесіне көп қөңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

«Бала тәрбиесі - мемлекеттің маңызды міндеті» деген сөзді ежелгі грек философы Платонның өзі де бекер айтпаған болар.Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдай да оңай болып отырған жоқ.Кейбір тұрмыстық қиындықтардың кесірінен келеңсіз жағдайлар белең алуда.Сондықтан елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмысының ерекше ролі барын баса айтып келеді.Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады. Демек баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім -тәрбиесіне, ондағы қарым -қатынасқа байланысты екені күмәнсіз. Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанның сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Олай болса әр бір ата-ана бала тәрбиесінің нәзік түстарын білуі шарт. «Мәуелі бәйтерек тамырдан нәр алады» деп тәрбие сабағымыздың тақырыбын бекер алғанымыз жоқ. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. Егер ата-ана басқа да отбасы мүшелері өз ара жақсы қарым-қатынаста болса олардың балаларыда әдепті де , тәрбиелі болып өседі. Сондықтан әр бір ата-ана бабаларымыздың әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін ұлықтап аңыз, ертегі немесе жұмбақ түрінде балалардың санасына сіңіре беруі тиіс, яғни олар сол арқылы балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді, адал болуға және Отанын сүюге шақырады.

Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»деп бекер айтпаған. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол кейін оның бүкіл өміріне азық болады.

ІІІ. Негізгі бөлім

Тәрбие сағатымызды ең бірінші «Жанұя бақыты» деген тренигпен бастағым келеді. Тренингіміздің ерекшелігі, сол тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып ойымызды түйіндеп өмір жолында пайдалану.

Тренигтің шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана баласымен бірлесе отырып отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан-жағына отбасы бақыты сөздер арқылы жеткізу керек. «Ол қандай жанұя?» деген сауал бойынша өз ойларынызды білдіресіздер.

Тәрбие сағатымыздың екінші бөлімі , диаграмма құрастыру жаттығуы. Отбасы -сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы алтын тіреу діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өз ара сөйлесіп ата-ананың , баланың міндетін атқару ғана емес, береке бірлік сүйіспеншілікпен араласса босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Олай болса ,әр бір ата-ана өз баласының әр бір қадамын бақылауда ұстағаны жөн. Сондықтан, сіздерге дөңгелек шеңбер беріледі, оны 24 сағатқа бөліп, оқушылар өз күн тәртібін, ал ата-аналар өзінің бір күндік күн тәртібін диаграмма арқылы құрастыру керек.

Келесі бөліміміз «Тығырықтан қалай шығу керек», яғни жағдаяттар шешу,

1.Балаңыздың оқу үлгерімі орта деңгейде. Үйде ешкім жоқ болып, бүгін үйде қалуды ескерттіңіз. Балаңыз сабақтан қалғысы келмейді. Сіз былай деп жеңдіңіз: "Сен мектепке барғанмен не бітірем дейсің, оқығанмен сенен бәрібір ештеңе шықпайды, сенің басың істемейді". Ата-анасы ашумен айтып қалды. Сіз не дер едіңіз?

2.Жанұядағы еңбек тәрбиесі - баланың мінез-құлқының қалыптасуына себепші болатын негізгі фактор. Мысалы: ер балаға су әкелу, малға шөп салу, қыз балаға ыдыс-аяқ, еден жуу, үй-ішін жинастыру жұмыстары тапсырылады. Балаңыз сіз тапсырған жұмыстарды жақсы орындады, бірақ сабағына дайындалмады. Не дер едіңіз?

3. Бүгін ата-аналар жиналысы сіз бара алмай қалдыңыз. Балаңыз үйге келген сон келмегеніңізге ренжіді.сіз қалай жауап бересіз?

Оқушылар тобына «Үлгілі сынып » моделін қорғау, топтық тапсырма.

Тәрбие сағатымызды қорытындылай келе «Әлемді әлдилеп тербеткен» тақырыбында шағын ой -толғау жазу. Ата-ана мен балалар бірлесіп.

«Сиқырлы қалам»бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлеріңіз қандай?

Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім

Қазақта «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса есее келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу керек» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу - үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. . Сондықтан да бала тәрбиесіне жете мән беріп, "Адамның бір қызығы - бала деген" ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық .




© 2010-2022