Үндестік заңы, буын үндестігі. 5-сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы

«Абыхан Жексембеков атындағы қазақ орта мектебі»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ізбасарова Іңкар Айдарқызы


Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы, буын үндестігі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың үндестік заңы, буын үндестігі туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы және үндестік заңы, буын үндестігі туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1Тасымал туралы түсінік.

2. 313 -жаттығу

ІІІ. Білім тексеру

Терме диктант

Батыр адам беліне қадалған оқты өз қолымен жұлып алып, лақтырып жіберді де, ол ет қызумен шаба берді, жақын қалған жүздікке ұшырасқанша, жараланғанын білдірген жоқ... Енесей мен Ұлпан, Несібелі - үшеуі қастарында төрт жігіт жолдастары бар, Артықбай ауылына салт шығып, мөлшерлі жерге жеткенде, үш ат жеккен пәуескемен Тілеміс тосып жүр екен.

IV.Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

V. Жаңа сабақ

Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен - бірі үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтылып тұрады. Мысалы: балалар (балалер емес), үйлер (үйлар емес), ауылға (ауылге емес), көшеде (көшеда емес), т.б.

Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңгы дыбысының сипатына қарай бейімделіп жалғанады: мектепте (мектепде емес), үйге (үйке емес), жазда( жазта емес), т.б. Сөйтіп, сөзді бастан - аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.

Үндестік заңы екі түрлі: а) буын үндестігі; ә)дыбыс үндестігі.

Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингорманизм) деп атаймыз.

Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, ана, бақыт, баға , сана, намыс, егіз, өріс, төсек, кереге, кілем, т.б.

Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөзде араласып келеді:

1)Басқа тілдерден енген сөздерде: кітап, кино, қазір,зағип, матиматика;

2) біріккен сөздер мен қос сөздерде араласып келеді: шекара, баспасөз, аман - есен, алай - түлей, асты - үсті, асығыс - үсігіс, т.б.

Буын үндестігі бойынша қосымша сөздің соңғы буынының жуан - жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғасады: соңғы буын жуан болса - жуан қосымша, жіңішке болса, жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: өнер-лі, жет-ер, бақыт-ты, қазір-гі, кітап-ты, математика-дан, т.б.

VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.

1.Оқулықпен жұмыс

314- жаттығу (жазбаша)

  • Жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді бір бағанға жазыңдар.

315-жаттығу(ауызша)

  • Кірме сөздерге қосымшалар жалғануындағы үндестік заңының ерекшелігін айтыңдар..

316 - жаттығу

  • Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып, көшіріп жазыңдар.

VІІ Сабақты бекіту өздік жұмыс.

І топ

1.Тасымалдауға болмайтын сөзді және буынды тап.

Ата - ана, жасырынбақ, ат, шебер, бет, талап, көктем, көк, жаз, ай, жұлдыз, мол, айқын.

ІІ топ

1.Төмендегі сөздерді тасымалдауға бола ма?

Электр, станция, ансамбль, вольт.

ІІІ топ

1. қай жағынан оқысаңда бірдей жазылып, бірдей айтылатын сөздер тауып жазыңдар.

2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса

Жұлдыз, Ұлдай.

VІ. Сабақты қорыту

1.Бағалау

2.Үйге тапсырма:

1.Үндестік заңы, буын үндестігі туралы түсінік

1.317 - жаттығулар


© 2010-2022