Қазақ сөз өнерінің дүлділі - І. Жансүгіров

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қазақ сөз өнерінің дүлділі -І.Жансүгіров»

1-Жүргізуші:

Ағынды менің Ақсуым,

Ақырып әлі ағасың,

Ақиланған ашумен,

Ақтарды асқар сабасын,

Тас тарпуын,шапшуын.

Қарасаң қайран қаласың,

Жалғыз жазғы бір кеште,

Жағаладым жағасын.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті өлең сүйер, өнер сүйер оқушылар мен ұстаздар!

Бүгінгі мектеп оқушылары арасында өткелі отырған Ілияс Жансүгіров оқуларына қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Жасынан ән-күйді ерекше сезініп, жанымен түсінетін Ілияс әдебиетке ән-күйдің құдіретті күшінің туын көтере шықты. Адам баласының өмірі тарихи тартысындағы ауыр халді де, аңсаған арман, көздеген мақсатты да, жан тербеткен сезімді де,ойды өрлетер қуат күшті де дыбыс, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олай болса, біз бүгін өздеріңізбен бірге қазақтың қара өлеңінің құдіретін ұғынған, «поэзия» атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, жау,үн үйлесімділігімен тыңдаушыларына жеткізетін, музыкалық өнердің тілін жақсы ұғынып, оны сөз өнерінің пәрменімен оқушыларына жақсы ұғындыра білген біздің замандастарымыздың ішінде бірінші ақын -І.Жансүгіров екендігі даусыз.Гауһар жырларын қазақ жастары жанына жақын балаған, қазақ поэзиясының құлагері І.Жансүгіровтың әлеміне сапар шеккелі отырмыз.

Жүргізуші: Қажым Жұмалиев «Ілиястың тағы бір ерекшелігі -поэтикалық тілінде. Тілінің көркемдігі,сөз образдарының байлығы жағынан Ілияс қазақ әдебиетінде айрықша орын алады» - деген екен. Ақынның жырын жырлап отырған ұрпағы - мына біздерміз. Мәңгілікке тот баспайтын асыл жырларын келер ұрпаққа жеткізетін де - өзіміз. Ендеше бүгінгі жыр додасы Ілияс ақынға арналмақ.

Жүргізуші: Ілияс оқуларының шарттары:

Бірінші кезеңнің шарты бойынша оқушы ақынның поэзиясынан, поэмаларынан үзінді жатқа айтып береді , екінші бөлімде өзінің авторлық өлеңін оқып берді,яғни ақынға арнап өздері арнау шығару керек. Соңғы кезеңде ақынның шығармашылығы жөнінде шағын ойтолғауларын оқиды.

Жүргізуші: Ілияс оқуларына қатысушы түлектерді таныстырып өтейін. (Аты аталған қатысушы орнына тұрып сахнаға келуі керек.)

Құрметті Ілияс оқуына қатысушы түлектер, барлығыңызға сәттілік тілейміз. Үстелдегі нөмірді суырып реттеріңізді анықтап аламыз.

Жүргізуші: Бүгінгі жыр додасына әділдік жүргізетін сарапшы әділ-қазыларды таныстырып өтейін.

…...................................

…......................................

Жүргізуші:

Ендеше, байқаудың бірінші бөлімін бастайық. Олай болса бірінші болып ортаға.........................................................................

Жүргізуші: Ән салсаң әсеттей сал әсемдетіп,

Қоздырып, делебені дәсерлетіп

Шырқатып, шығандатып, шалықтатып,

Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп,

Талдырып, талықсытып, тамылжытып,

Орғытып, орағытып, баса өрлетіп, деп ақынымыз жырлағандай, екінші кезеңге аяқ баспай тұрып,әуезді ән тыңдасақ, ортаға 7 «а» сынып оқушысы Дастанқызы Ақжайықты шақырамыз. «.................» әнімен

Дүниеден өтті қанша ұлылар,

Ұлылар да уақытпен құбылар

Сиқырыңды зерттеп бітпес біз үшін

Бір өзің бір құбылыссың сыры бар, - деп Қанипа ақын жырлаған екен, .

Ендеше келесі кезеңімізді бастаймыз, . Бұл бөлімде оқушы өзінің төл туындысын оқиды.

Ендеше ортаға бірінші үміткерімізді шақырсақ.

Міне екінші кезеңімізде аяқталды..

Жүргізуші: Келесі бөлімде оқушылар Ілиястың шығармашылығы жайында ойтолғауларын оқиды.

«Кезекті мың бұралған биші қыздарға берсек.Ортада 7 «а» сынып оқушыларын шақырсақ. Жыр додасы өз мәресіне жақындады, әділ-қазылар әділ шешімін шығарғанша 5 минутқа үзіліс жариялаймыз.

Жүргізуші: Сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

Жүргізуші: Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Ілияс өлеңдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр. Өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмейді. Ол - біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қазынамыз. Келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!


© 2010-2022