Сөз таптарын қайталау тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары (бекіту сабақ) Сабақтың мақсаты: Білімділік: сөз таптары, сөз таптарының түрлерін қайталау, оқушылардың білімдерін, ұғымдарын бекіту. Дамытушылық:танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымы мен шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. Тәрбиелік: оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, бірін-бірі тыңдай білуге, еркіндікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: бекіту сабағы Әдіс-тәсілдер: ауызша, өздігінен іздену Көрн... Білемін Білдім Білгім келеді         Бағалау Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау, бағалау. Бағаларын журналға, күнделіктеріне қою.    
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сөз таптарын қайталау тақырыбы бойынша сабақ жоспарыСөз таптарын қайталау тақырыбы бойынша сабақ жоспарыСөз таптарын қайталау тақырыбы бойынша сабақ жоспарыСөз таптарын қайталау тақырыбы бойынша сабақ жоспарыСөз таптарын қайталау тақырыбы бойынша сабақ жоспарыСабақтың тақырыбы: Сөз таптары (бекіту сабақ)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сөз таптары, сөз таптарының түрлерін қайталау, оқушылардың білімдерін, ұғымдарын бекіту.

Дамытушылық:танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымы мен шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, бірін-бірі тыңдай білуге, еркіндікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Әдіс-тәсілдер: ауызша, өздігінен іздену

Көрнекіліктер: кесте, сызба, карточкалар

Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

- оқушылармен сәлемдесу,

- оқушыларды түгелдеу,

- оқу құралдарын даярлау,

- сынып тазалығына көңіл бөлу,

- оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.

2 Үй тапсырмасын тексеру (Әр оқушыға сөз табының түрлерін қорғаулары керек)

Қазақ тілі - бал тілім,

Өзің барда шалқыдым.

Тіліммен бірге самалмын,

Тіліме кім тағар мін.

дегендей, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Ойымызды, бойымызды жинақтап, сабағымызға кірісейік.

  • Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар? Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: сөз таптары, сөз таптарының түрлерін қайталау, оқушылардың білімдерін, ұғымдарын бекіту.

  • Балалар, мына жерде әр түрлі фигуралар жатыр. Қазір сендер өз жүрек қалауларыңыз, ішкі дауыстарыңыздың ақыл беруі бойынша өзіңізге ұнайтын кез келген фигураны таңдап алыңыздар.

  • Бәріңіз таңдап болсаңдар, мені мұқият тыңдаңдар. Мен әр фигураны алған балаларға мінездеме беріп өтейін:


  • Еңбексүйгіш, табанды, төзімді балалар.


  • Тәртіпті сүйеді, елгезек келеді.



  • Адамгершіліктері жоғары, барлық іске үлгеріп, жүретіндер.



  • Міне балалар, қарап тұрсақ, сыныпта барлығы да жақсы балалар екен.

3.Карточкалармен жұмыс

4. Кешенді талдау.

Фонетикалық.

Тыңдай, жалын.

Морфологиялық талдау.

Жазушының, мазмұнды.

5. Венн диаграммасын ұрастыру.

Сын есім Ұқсастығы Сан есім



Сабақты бекіту:

6. Тест тапсырмасы

1. Дара зат есімді көрсетіңіз.

А тұрған В оқу С тасбақа

Д қиял Е ата-ана

2. Сын есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

А 2 В 5 С 3 Д 6 Е 9

3. Сан есімнің сөйлемде атқаратын қызметі.

А бастауыш В баяндауыш С толықтауыш Д пысықтауыш Е анықтауыш

4. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді тап.

А Ешкімге тіл қатушы болма.

В Саған тай сатып әперемін.

С Өзің үлкен, қылығың - бала-шаға.

Д Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.

Е Әрбір жинақтылықтың түбі -кеніш

5 Зат есімнің неше жалғауы бар?

А 2 В 5 С 4 Д 3 Е 7

6 Қай етістік табыс септіктегі сөз арқылы анықталады.

А салт В сабақты С құранды Д көмекші Е болымсыз

Жауаптары: 1 Д, 2 А, 3 Е, 4 С, 5 Д, 6 В

Сабақты бекіту:

Білемін

Білдім

Білгім келеді


Бағалау Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау, бағалау. Бағаларын журналға, күнделіктеріне қою.


© 2010-2022