Тақырыбы: Әсемдік - өмір жарасымы

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Әсемдік-өмір жарасымы

Мақсаты: Оқушылардың сұлулық, табиғат, өнер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Табиғат, өнер, өмір әсемдігінің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

  • Сұлулықты, әсемдікті сезіну және қолдану іскерліктерін дамыту;

  • Әсемдікке тәрбиелеу.

Көрнекі -құралдар: интерактивті тақта, үнтаспа,видео, гүлдер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу.

Үй тапсырмасын тексеру

«Қателіктің арты өкініш» атты әңгімесінің мазмұнын сұрау.

Адам өміріне шылым шегу, ішімдік ішу, есірткінің зиян екендігін тексеру.

Шаттық шеңбері

Балалардың көңіл күйін көтеру, ынтасын арттыру және сабаққа әзірлеу мақсатында Ф.Оңғарсынованың өлеңін оқып, шаттық шеңберін өткізу.

Жарқыра, Күн!

Мен бүгін де көктеммін, таң-тұрағым!

Бұл әлемде жабырқап жүргендерге,

Бір жақсылық етсем деп талпынамын.

Жүректе - сүйікті емес,

Мәңгілік Күн - жанымда, биікте емес,

Бұл әлемде ең биік - Адам ғана,

Мұңдануға ешкім де тиісті емес!

Мұнда, автордың ойы жарқыраған күннің шұғыласын адам жанының шұғыласымен теңестіру арқылы, адамның күн сияқты жаны да, тәні де сұлу, мейірімді екенін айтқысы келеді.

Әңгімелесу

  • Сіздер әсемдік сыры не деп ойлайсыздар?

  • Табиғат пен адамның арасындағы қандай байланысты сезіндіңіздер?

  • Не үшін табиғатты әсемдікке балайды?

  • Адам өмірінің сұлулануына табиғаттан басқа тағы нелер ықпал етеді?

Шығармашылық жұмыс

«Табиғат-әсемдік-өмір» сұлбасымен үш баған түзіңіздер. Бірінші бағанға сұлбаның мағынасын ашатын сұрақ қою. Екіншісінде қойылған сұрақтарға жауап беру. Үшіншісінде қорытынды шығару.

Назар аудару

Ә.Табылдиевтың әңгімесінен үзінді оқу, талдау.

Мәтінмен жұмыс (2 топқа бөлу)

«Сүйкімі дүниенің сұлулықта» атты ертегіні оқып, сұрақтарды талдау.

  • Жігіт неліктен қызды таңдады?

  • Әсемдіктің адам өміріндегі маңызы қаншалықты терең деп ойлайсыздар?

Тыныштық сәті (видео көру)

Табиғат әсемдігін тамашалау.

-Қандай әсер алдыңдар?

-Табиғаттың әсемділігін құртуға бола ма?

Жаңа ақпарат

Әсемдік адам өмірінің сәні болып қана табылмайды, ол оның мәні десек те қателеспейміз. Өйткені еңбек-адамды адам еткен болса, сұлулық-адам бойын қуаныш, әсем сезімге бөлей отырып, сол еңбекке деген талпынысты, құштарлықты оятады,сұлу қимылдар мен әсем де әдемі қылықтарды, әдеттерді қалыптастырады.

Адамның өмірін әсем ететін тағы бір күш - ол өнер.

Оқулықта берілген ақпаратты 1 оқушыға оқыту, әсемдіктің еңбек, өнер арқылы да қалыптасатынын түсіндіру.

Тапсырма

Түлі-түсті қағаздан гүл жасап өрнектеңіздер. (Баяу музыка койылады)

Ойын. «Кім жылдам?»

Сөздерден мақал - мәтелдер құрастыру.

І топ

1. Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу.

2. Ағаш ексең аялап,

Басында болар саябақ.

ІІ топ

1. Жаны сұлудың тәні сұлу.

2. Сұлулық адамның жүзінде емес, жүрегінде болады.

Қорытынды

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен бірге М.Жұмабаевтың «Сен сұлу» өлеңін тыңдау.

Жүректен жүрекке

Оқушылар гүлдерге тілектер жазып, тақтаға іледі.

Үйге тапсырма

Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйін тыңдап, одан алған әсерлерін түйіндеп, жазу.


© 2010-2022