Сабақтың тақырыбы: Шаңғы тебу

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Шаңғы тебу», «Қысқы ойындар»

Сабақтың мақсаты: Пән бойынша тақырыпты тереңдету, сөз дыбыстарын дұрыс

айтуын байқау.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: оқушылардың «қыс» тақырыбына байланысты алған білімдері жинақталып, сөздік қоры молаяды, сұрау есімдіктерін ажырата біледі;

Дамытушылық: оқушылардың тілдерін жаттықтырып, әдемі сөйлеуге дағдыландыру, әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттері дамиды;

Тәрбиелік: елін, жерін сүйюге, шығармашылық қабілеті дамыған, білімді азамат болуға тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: пысықтау

Сабақтың көрнекі-құралдары: интер белсенді тақта,, кәртішкелер, пазла, деңгейлік тапсырмалар т.б.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түйінді жасау т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу;

ә) түгелдеу (кезекшіні анықтау);

б) сабақтың дайындықтарын анықтау.

Алдын-ала 2 топқа бөлу.

Психологиялық дайындық: «Мақсатымыз - білім алу,

Міндетіміз - еңбектену...

Қолды беске жеткізу».

  • Балалар, келген қонақтарға да жақсы көңіл күй сыйлайық.

«Қуан шаттан 2рет

Қуанатын күн бүгін,

Баршаңызға қайырлы күн,

Көңілді болсын осы күн!»

«Қар лақтыру» ойыны арқылы «Қыс» тақырыбына бір-біріне сұрақ қою.

  • Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Себебі, сабағымызға тағы бір қонақ келіп отыр.-Бұл не? (аққала).

  • Аққала бізге құр келмепті. Сендерге көптеген тапсырмалар ала келіпті. Ал дұрыс жауаптарға «қар бүршіктері»беріледі. Сабақ соңына дейін кім көп «қар бүршіктерін» жинаса сол өте жақсы деген баға алады.



  1. Үй жұмысын тексеру: -Ақшақардың 1-інші тапсырмасы. «Кім тапқыр?» ойыны (сұраулы есімдіктерді қолдану арқылы берілген суреттерге байланысты сұрақтар қою)

  2. Жаңа сабаққа көшу: - Балалар, аққаланың 2-нші тапсырмасы алдарында.

«Адасқан буындар» ойыны. (сөз тіркестерін құрастыру 1-нші топ - «қыс-қы о-йын-дар», 2-нші топқа - «шаң-ғы те-бу»).

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Кіріспе сөз: қысқы ойындар туралы қысқаша мәлімет беру т.б.

Сөздік жұмыс:

қардан, аққала, жасайды, соғада, қар күреу, шынығу, пайдалы т.б.

( Аққаланың тапсырмасы -сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру)



Сөйлесім: -Аққаланың 4-ші тапсырмасы - «Сөз моншақ» ойыны.

1-топ. «Шаңғы» сөзіне, 2-нші топ - «Аққала» сөзіне (тапсырмаларды орындаған сайын қар бүршіктерін таратып отыру қажет)

Айтылым: «Ұшқыр ой» ойыны. Интер белсенді тақтада қаламмен жүргізіп дұрыс мәтін құрастыру. 1-топ сұрақтар дайындайды, 2-топ диалаог құрастырады.

Сергіту сәті: «Аққала». Қар жауғанда топ бала

Соқтық келіп аққала,

Мұрны сәбіз үп-үшкір,

Көзі көмір қап-қара.

Жазылым: Етістіктерді жіктеу. 1- топ «шаңғы тебу», 2-топ «қармен ойнау»

  1. Бекіту: тест

  2. Қорытынды: -Не істедік? -Не білдік? т.с.с.

  3. Үйге тапсырма: «Қыс ойындары» тақырыбына диалог құрастыру

  4. Бағалау:

  5. Көңіл- күйлерін білдіру:

© 2010-2022