Поурочный план на тему Жайлауға қонаққа бару

Раздел Другое
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абай атындағы орта мектебі «КММ»

«Айналайын» шағын орталығының

«Айбөбек» тобы









Тақырыбы:

Поурочный план на тему Жайлауға қонаққа бару

/Тіл дамыту сабағы/




Тәрбиеші: А.Қуанышова











Тақырыбы: Жайлауға қонаққа бару

Мақсаты:

Білімділік: Жайлаумен таныстыру, киіз үй туралы мағлұмат беру, дала жануарларымен өсімдіктерін таныстыру

Дамытушылық: Жайлау төңірегіндегі ойларын, қиялдарын дамыту

Тәрбиелік: Табиғатты аялауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: жануарлар суреттері, киіз үй, автобус макеті, өсімдіктердің суреті

Сабақтың түрі: саяхат

Сабақ барысы:

Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме балалар. Бүгін мен сендерді жайлауға саяхаттауға апарамын.

Саяхатқа немен шығамыз білесіңдерме?

Балалар: Автобуспен

Көлік жүргізуші: -Қане, балалар автобусқа дұрыстап отырайықта, жол жүруге дайындалайық. Ал, балалар жайлауға қыдырып қайтайық.

Балалар, жолдың жиегіне қарайықшы, жайылып жүрген қандай малдар?

Жанындағы балаларын қалай атайды?

Балалар: Қойдың баласы-қозы

Ешкінің баласы-лақ

Жылқының баласы-құлын

Түйенің баласы-ботақан

Сиырдың баласы-бұзау

Жүргізуші: Өте жақсы балалар, бәрін білесіңдер екен.

Жүргізуші: Балалар, өлең білесіңдерме? Онда жол қысқарсын деп бәріміз бірге «Жазда апамның ауылына барғанда» әнін айтайықшы.

Тәрбиеші: Енді мына жаққа қарайықшы даланың аңдары жүр екен. Қане, қайсысын танимыз, айтайықшы.

-Мынау жүрген не, құлағын қайшылап алыпты

Балалар: Қоян

Тәрбиеші: Мынау не, құйрығын бұлаңдатып, басқаларын алдап жүрген.

Балалар: Түлкі

Тәрбиеші: Қорбаңдап жүрген не екен балалар?

Балалар: Аю

Жүргізуші: Мәссаған балалар, даланы қызықтаймыз деп жүріп, жайлауға да жетіп қалыппыз ғой.

Тәрбиеші: Балалар, енді жайлаумен танысайық. Балалар мынау тұрған домалақ не екен кім біледі?

Балалар: Киіз үй

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бұл киіз үй екен. Киіз үйдің құрлысы шаңырақ, кереге, уық, түндік жабу. Осы нәрселерден әдемі киіз үй құралады. Киіз үйдің ішінде ою-өрнекті әшекейлер, бұйымдар тұрады. Көрпе жастық, сандық, құрақ бәрі оюдан жасалған. Оюлар қазақтың салт-дәстүрлері болып саналады.

Жүргізуші: Қане, балалар апайға рахмет ретінде «Қошақан» әнін айтып берейікші

Балалар: Қошақаны қойдың

Қайда қалып қойдың

Бұлтиып тұр бүйірің

Қай өрістен тойдың

Тәрбиеші: Балалар, бүгін қайда қонаққа бардық?

Балалар: жайлауға

Тәрбиеші: Не көрдік?

Балалар: Жануарларды, аңдарды, киіз үйді

Тәрбиеші: Қонаққа барған ұнады ма?

Балалар: Ұнады

Тәрбиеші: Жайлаудың сәні-қонақтар, кең дала, өріс толы мал.Қонаққа келгендеріңізге рахмет. Сау болыңыздар!










© 2010-2022