Сочинение на тему независимости

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А.М.Горький мектеп - лицейінің

11 «А» сынып оқушысы Молдабекова Айзада

Шығарма.

Тәуелсіз деген бұл ұғым,таймайтын менің тұғырым!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз,себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді.Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.Бүгінгі күні тәуелсіздікке қол жеткен егеменді елміз.Тамыры тереңде жатқан тарихи оқиғалардың нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз.Ата - бабаларымыздың Елім, Жерім, Отаным деп кеткен арманына қол жеткізіп отырмыз.

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл даланы жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашып, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді.

Тәуелсіздік - біздің бас ұранымыз, көгілдір Туымыз - біздің болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз.Ең алдымен, ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді, қазақ тілін меңгеру - баршамыздың міндетіміз.Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, діні. Тілімізге, дінімізге бөлінбей тату - тәтті бір аспанның астында, бір мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.

Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі ең бейбітшіл, саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикасы дамыған мемлекет ретінде танылып отыр. Бұл жетістік барша қазақстандықтардың көздің қарашығындай сақтайтын байлығы деп түсінуіміз керек..Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.Тіл - ұлттың жан дүниесі. Расында, қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, атамекен қонысын тастап , халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы - ана сүті мен санасын дарыған ана тілі ғана.Ана тілін дамыту үшін әркім өз ана тілінде еркін сөйлеуі тиіс.Тіл- қай ұлттың болмасын ,тарихы мен тағдыры, тәлім- тәрбиесінің негізі. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың бірден- бірі жолы - отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық.

Көп ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отаны жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш етеді.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды.Елбасының бастауымен Қазақ елі әлемге танылды. Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда.
Қазақ халқы ғасырлар бойы өз еркіндігі мен бостандығы жолында жанқиярлықпен күрес жүргізіп келгені белгілі. Сондықтан уақыт талабына сай білімді де, парасатты, жан дүниесі кемел, намысшыл, ұлт жанды ұрпақ, отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық, оны қорғауға әрқашан дайын тұрайық.

Біздің парызымыз - ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.Еліміздің егемендігі кеңейіп, көк байрағымыз желбірей берсін!



© 2010-2022